АнықТЫҚ-танықТЫҚ категориясы мен шақ категориясының Өзара байланысы туралы


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ШАҚ ТҮРЛЕРІН ТАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРТАЛАСТАР



бет6/12
Дата17.04.2023
өлшемі51,35 Kb.
#83485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ШАҚ ТҮРЛЕРІН ТАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРТАЛАСТАР.
Шақ категориясы етістіктің ең басты, негізгі категорияларының бірі болып саналады. Айналадағы қимыл-әрекеттердің барлығы да белгілі бір мезгілге қатысты жүзеге асырылады. Етістікті мезгіл ұғымына қатыстырмай, байланыстырмай жеке сөз табы деп санауға да, анықтауға да болмайды. Шақ етістікті басқа сөз таптарынан ажыратып, ерекшелендіріп тұрады. Ол сонымен қатар тұлғалардың молдығымен де, күрделігімен де ерекшеленеді.
Қазақ тіл білімінің морфология саласында бірыңғай пікір қалыптаспаған мәселелердің қатарына етістіктің шақ категориясын, олардың саралануын, аталуын жатқызуға болады.
Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде, одан бұрын немесе кейін өтуіне байланысты осы шақ, өткен шақ, келер шақ түрі барлық ғалымдарда бірдей анықталғанымен, оның түрін, көрсеткіштерін тануда зерттеуші ғалымдар арасында пікірталастар туындайды.
Шақтың өзіне тән тұлғалары мен атқаратын қызметтері адамның сөйлеу кезінде айқындалады. Табиғи заңдылық бойынша, қимыл-әрекет сөйлеп тұрғанға дейін немесе сөйлеп тұрған кезде не сөйлеп болғаннан кейін болатыны анық. Бірақ сол кездегі амалдардың қай шақта орындалғандығын ажырату біршама қиындықтар тудырады. Оның себебі, біріншіден, шақтардың өзара жігі жымдасып жатқанында болса, екінші жағынан шақ пен рай категориясының мазмұны мен формасының ажыратылмағандығында жатса керек. Мысалы, барар еді, баратын еді, бармақ еді, барған еді, барып еді, барар ма еді, жығылып қала жаздап еді, айтқысы келіп отыр екен және т.б. құрылымдарды бір шаққа немесе бірнеше шаққа қатыстыру қиындық тудыратыны рас.
Қазіргі қазақ тілінде шақ түрлерін саралауда бірізділіктің жоқ екенін қазақ тілінің морфологиялық еңбектерін салыстыру барысында көз жеткіземіз.
А. Байтұрсыновтың “Тіл – құрал” оқулығы.Тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынұлы етістіктің 3 шағын көрсетеді: осы, өткен және келер шақ. Онда шақ көрсеткіштері ашық раймен байланысты қарастырылады. Автор осы шақтың екі түрін көрсетеді де, 4 қалып етістіктерінің жіктеулі түрін нағыз осы шақ деп бөліп айтады. Мысалы, жазамын, жазбаймын, жүр, тұр, отыр, жат. Ал өткен шаққа етістіктің -ды -ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жіктелген түрін келтірсе, келер шаққа -ар тұлғалы етістіктің жіктелген болымды, болымсыз түрлерін жатқызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет