Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі



бет5/30
Дата15.02.2023
өлшемі397 Kb.
#68046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Бағалау/Рейтинг-арнайы адамдардың көмегімен тұлғаның қасиеттерін бағалау шкаласы.
Зерттеу объектісі-бұл проблемелық жағдай тудыратын құбылыс немесе процесс.
Педагогикалық тәжірибе-белгілі бір әдістің, оның педагогикалық тиімділігін анықтауға арналған жұмыс тәсілінің арнайы дайындалған тексеруі.
Педагогикалық жағдай-адамның қасиеттері туралы, оның сипатталған педагогикалық жағдайдан жол табуын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.
Педагогикалық бақылау-оның ұзақ мақсатқа бағытталған көрінісіне негізделген педагогикалық процестің танымдық әдісі.
Педагогикалық экспедиция-мақсаты қысқа мерзімді көптеген мектептер немесе басқа тәрбие мекемелерінің белгілі бір проблема бойынша нақты мәліметтер алу немесе озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және комплексті зерттеу.
Педагогикалық оқулар мұғалімнен жинақтаудың жоғары деңгейін, эмперикалық тәжірибенің анализін талап етеді.
Ізденушілік бақылау зерттеушіні қызықтыратын құбылыстар мен фактілерді іздеу мақсатында қолданылады.
Жобалық әдістеме-жоба нәтижесін психологиялық интерпретация негізінде тұлғаны толығымен зерттеу әдістемесінің жинағы.
Проблема-арнайы тәжірибелік ғылыми зерттеу өткізусіз жауап табу мүмкін емес және шешім табуды талап ететін өмірлік маңызы бар актуалды мәселе.
Қайшылық-дамудың қозғаушы күші; зерттеудегі карама-карсы жақтардың болуы.
Зерттеу заты-бұл объектілер шекарасындағы объектінің нақты қасиеттері, олардың арақатынасы, объектілер мен қасиеттердің белгілі бір жағдайда тәуелділігі.
Жартылай жабық анкеталар-респондентке бір немесе бірнеше жауаптар беріледі.
Тәжірибені тұжырымдайтын әдістемені жасау
Нақты болжамдарды дәлелдеуге қажет әдістемелерді таңдау және апробациялау. Мұндай әдістемелер сенімді, дәлелді, зерттелетін құбылыстың жағдайын өзгертуге, немесе білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін болуы керек.
Жоспарды жасау және тәжірибені өткізу бағдарламалары
Ғылыми болжамдарды тексеру мақсатында қойылған сұрақтарға дәлелді жауаптар алу үшін тәжірибе бағдарламасы мен жоспары жасалады. Жоспар мен бағдарлама көбіне жүргізілетін зерттеудің негізгі кезеңдері анықталатын хаттық құжаттар болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет