Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі



бет9/30
Дата15.02.2023
өлшемі397 Kb.
#68046
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Àíêåòà ê?ìåã³ìåí æàïïàé ì?ë³ìåò æèíàó ?ä³ñ³

Ғылыми абстрактілеу(научная абстракция)-заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, турі.
Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі.
Инновация педагогикалық (жаңаны енгізу)- білім беру ортасына оның жеке бөліктерін,компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін,мақсатты көздейтін өзгеріс.
Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру.
Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне қосу.
Түбірлі инновация– мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.
Модуль - бір ғана оқу пәннің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Педагогикалық технология – оқытуда пайдаланылатын материалдық және идеалдық (білімдер) құралдар жүйесі және осы жүйені қолданысқа енгізу тәсілдері (Е.И.Машбиц).
Технология – (грек-techne-өнер, шеберлік, іскерлік және логия – ілім, білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)
Оқыту моделі – адам оқыту процесінің негізіне алынған модель.Оқыту моделінің екі типін қарастырады-дескриптивті және нормативті.Оқытудың дескриптивті моделі адам оқитын іс-әрекет рпоцесін сипаттау негізінде құрылады.Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып беріледі. Нормативті типтегі оқытуды – мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Моделдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зертеу әдісі.
Конъюнкция (лат.conjunction- одақ байланыс) ережесінде қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет