Анненков. Кіші жүздегі 18 ғ. шаруалар көтерілісіне кім басшылық жасады: Сырым Датұлы «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі»



бет147/204
Дата19.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108801
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   204
1910 ж дейін жұмыс істеді.

Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы.



Орыстандыру саясаты. Ережелер, миссиялар, жарлықтар.

Жыл.

Автор.

Ереже, миссия, жарлық.

1867 ж.

Крыжанов ский.

«Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» туралы Ереже. Исламдық мектептерге шек қоюға бағытталды.

1870 ж, наурыз.




«Бөтен христиан мен татар магометандар туралы арнайы Ереже». Мешіттердің жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту міндетті деп танылды. Жаңа ашылған мектеп орыс мұғалімін алуға міндетті болды.

1881 ж.




«Қырғыз миссиясы» құрылды. Семей облысының қазақтарын шоқындыруға кірісті (қазақтарды шоқындыру жөніндегі патша үкіметінің белсенді қызметі 1808 ж басталған болатын).1897 ж Бүкілресейлік халық санағының материалдары бойынша Қазақстан аумағында шоқынғандардың жалпы саны 660 адам болды.

1906 ж.




Патша үкіметінің оқу-ағарту ісіндегі Ережелері. Ұлттық аймақтарда орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады.

1907 ж.




Оқу-ағарту ісіндегі Ережелер. Қазақ тілінің мәртебесі төмендетілді. Қазақ балалары өздерінің ана тілін бастауыш мектептерде екі жыл қосымша пән ретінде оқыды. Өзге пәндердің бәрі орыс тілінде жүрді.

1909 ж.




Дала облыстардың әскери губернаторлары орыс тілін білмейтін адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануға тыйым салынатыны туралы жарлық шығарды.



Мұсылмандық білім жүйесі: Медреселердегі оқушылардың жасы-16. Оқу жылы мамырда басталып, тамызда аяқталды. 1888 ж Түркістан өлкесінде 206 медресе болды. Медреселерді бітіргендер өз білімдерін Бұхара мен Ташкенттегі діни оқу орындарында жалғастырды.
Музыка.

Есімі.

Күйлері.

Өмірі мен шығармашылығы.

1.Тәттімбет. 1815-62 жж.

40 күй: «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Балбырауын», «Қосбасар», «Бестөре» (төрелерді түйреуге арналған), «Салқоныр», «Алшағыр».

Ресей императоры II Александрдың ұлықтау рәсіміне қатысты. 1855 ж Петербургте күміс медаль алды. Уалиханов, Потанин, Янушкевичпен таныс болды. Лирик. Шертпе күйдің негізін қалаушы.

2.Құрманғазы. 1818-1889 жж.

60 күй: «Кішкентай» (Исатайға арналған), «Ақбай», «Адай», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Ертең кетем», «Көбік шашқан», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем». Би күйлері- «Қызыл қайын», «Балбырауын». Орыс әндері: «Коробейники» («Қыдырма саудагерлер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жарығы»).

Отаны - Бөкей Ордасы (Жиделі). Алғашқы ұстазы - Ханбазар. Аспаптық музыканың классигі. Шәкірттері: Дина, Көкбала, Сүгірәлі, Шора.

3.Дәулеткерей. 1820-1887 жж.

40 күй: «Желдірме», «Қосалқа», «Жігер», «Бұлбұл», «Ысқырма», «Тартыс», «Ақбала қыз», «Құдаша», «Жұмабике», «Ващенко», «Қоңыр», «Қос ішек», «Топаң» (соңғы төртеуі орыс әскери марштар әсерімен шығарылған).

Ақсүйектер тобынан шықты (Кіші жүз ханы Шығайдың отбасында дүниеге келді). Билеуші –сұлтан деген қызмет атқарды. Көзқарасын қалыптастыруда 1836-38 жж көтеріліс белгілі орын алды. Лирикалық бағыттың негізін салушы. Музыкасында орыс әскери марштарын пайдаланды.

4.Біржан. 1834-1897 жж.

40 ән: «Ғашығым», «Айтбай», «Біржан сал», «Айбозым», «Ақ тентек», «Жанбота»(сол заманның азулы өкілдерін түйреуге бағытталды).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет