Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет30/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
Байланысты:
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

қайталама тәсілі. Академик Р. Сыздық оған мынадай анықтама береді:

«Қайталама дегеніміз – бір сөздің (не тіркестің, сөйлемнің) бір сөйлемде, не абзац, шумақ сияқты микротексте қайталанып келтірілу тәсілі. Кайталаманы суреткер көркем тексте әр алуан стильдік мақсат көздеп жұмсайды» [60, 101 б.]. Д. Исабеков шығармашылығында бұл амал да тысқары қалмаған. Мысалы,

«Мен қызыма пәлен деп қолқа сала алмаймын. Барлық билік өзінде. Қалау соныкі. Көнбегенде елің жаман, жұртың жаман, я болмаса ұлың жаман деп көнбей отырған жоқпын». Қызының жай-күйі туралы ойын білдірген әкесі

«жаман» сын есімін елмен, жұртпен, ұлмен байланыстыра жеткізеді. Сол арқылы ішкі ренішін де білдіргендей болады. Сонымен қатар жазушы сілтеу есімдігі болып табылатын «сол» бірлігі арқылы ауылдың тұрмыс-тіршілігін, халқының қал-жағдайын, мұң-мұқтажын оқырманға жеткізген. «Ертесіне де ойламады, өйткені ойланатындай ештеңе де өзгермеді: сол ауыл, сол адамдар, сол үй, сол жүн, сол тіршілік, сол күлкі, сол мұң». Автор қайталанып тұрған сөзге ауыл, адамдар, үй, жүн, тіршілік, күлкі, мұң сөздерін тіркеу арқылы оларға ерекше екпін түсіруді көздеген.

Сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні бар айрықша құралдың бірі – фразеологизмдер. Х. Кәрімов әдеби шығарма тілін көркемдеп, айшықтап, нәр беруші амалдардың бірі – халық тіліндегі тұрақты фразеологиялық тіркестер деп есептейді. Ал ғалым Н. Уәлиев дүниенің тілдік бейнесін берудегі тұрақты тіркестердің орнына байланысты мынадай тұжырым жасайды: «Халық тілінде байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз оралымдарының (мақал, мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным- сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны сірі» сөздердің небір шоғырлары алдымен мақал-мәтел, фразеологизмдердің құрамында шегенделіп қалған деуге болады» [33, 12 б.].

Д. Исабеков те шығармаларында тұрақты сөз тіркестерін ұлттық танымына қатысты кеңінен пайдаланған жазушылардың бірі. Атап айтсақ: ана сүті аузынан кеппеген, қуанышын су сепкендей басқан, ит арқасы қияннан келген және т.б. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері көркем шығарманы одан әрі көркемдеп, жазушы тілін ерекшелендіре түсеумен қатар, тұрақты тіркестерді қолдану арқылы жазушы өзінің ұлттық танымын, көзқарасын, түсінігін танытады.

Сонымен қатар автор кейіпкер бейнесін ашуда, портрет жасауда, кейіпкердің ішкі жан дүниесін, психологиясын беруде, кейіпкердің әлеуметтік жағдайын, ұлттық дүниетанымын көрсетуде, тұрмыс-тіршілікті суреттеуде шығармаларында мақал-мәтелдерді тиімді қолданған. Мәселен: «Жылқы мен жылқы кісінескенше, адам мен адам сөйлескенше», «Атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар», «Шын досыңның қимасын сұрама», «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады», «Ит тойған жеріне», «Жақсы ит өлігін көрсетпейді»,



«Ашу алдында, ақыл соңында», «Пенденің ойлағаны емес, Алланың дегені болады, т.б. Жазушы қазақтың тоқсан ауыз сөзін бір сөйлеммен жеткізген мақал-мәтелдерін пайдалану арқылы ең алдымен ана тілінің өзіндік тілдік оралымдарының қазынасын дәріптесе, екінші жағынан кейіпкердің дүниетанымын, сөйлеу ерекшеліктерін оқырманға айшықты көрсеткісі келеді. Себебі мақал-мәтелдер көркем сөз тәсілдерінің ішінде танымдық көздердің ең құнарлысы болып табылады.

Қорыта айтқанда, көркем шығарманы талдауда автор, кейіпкер және оқырман үштағаны бойынша автордың кейіпкерді суреттеуі мен оның аузына сөз салуы, тұрмыс-тіршілігін сипаттауы, оған тән әрекеттер мен жағдайлардағы сипаты арқылы өзінің доминант ұғым әрі тұлға екендігін танытады. «Мәтіннің



түзілісінде стилистикалық ерекшеліктер мен прагматикалық мақсат қатар тұрады. Адресанттан алынған мәтіннің толық табиғаты адресаттың да ақыл- ойына қозғау салады, жан-дүниесіне әсер етіп реакциясын тудырып, оның көзқарасының, пікірінің, сана-сезімінің өзгеруіне ықпал етеді» [102, 23 б.] Кейіпкерлер психологиясы, оқырман психологиясы, оқырманның шығарманы қабылдауы, ұлттық танымның шығармадағы көрінісі, ұлтымыздың, еліміздің тарихы, қоғамға, өмірге, саясатқа, табиғатқа қатысты қандай да бір маңызды мәселелердің барлығы автордың көкейінде болуы – шарттылық. Сонда ғана автор үштағанды байланысты ұстап тұратын шығарманың антропоөзегіне айналады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет