Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті


SOS! – деді Джонс айғайлап,  SOS!



бет28/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78
Байланысты:
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

SOS! деді Джонс айғайлап, SOS! Ескерткішті біреу ұрлаған».

Адам лексиконындағы әрбір сөз – оның өткен тарихы мен бүгінгі өмірінің айқын көрінісі, нақты куәгері. Тілдің сөздік құрамы қоғам өмірінің саяси, материалдық және басқа да салаларында тұрақты болып жататын өзгерістерді барынша жылдам бейнелейді. Осындай экстралингвистикалық факторлардың әсеріне байланысты тілде сөз мағыналарының тарылып, кеңейіп, ауысу немесе мүлдем жойылып кету үдерістерінің болуы заңды құбылыс. Ал көркем шығарма – сол көнерген сөздерді оқырман санасында қайта жаңғыртып, жаңа мағына берудің бірден-бір көзі болып табылады. Әсіресе тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларда мұндай сөздер айрықша мәнге ие болады. Д. Исабеков шығармаларының тілдік ерекшеліктерінің бірі – көнерген, қазіргі күн тұрғысынан қарағанда мағынасы көмескіленген атаулардың жиі қолданылуы.

1. Айталық, бір әңгіменің тақырыбына арқау болған «ақырамаш» сөзін басқа шығармалардан да жиі кездестіреміз: Қызыл топырақтың астынан қос құлақ боп қылтиып көрінген қоза жарықтық бейнет атаулыны жер бетіне өзімен бірге түгел ала шығып, қыр басындағы ауыл адамдарына сонау ақырамашқа дейін ес жиғызбайды Ақырамаштан наурызға дейін»). Сонау ақырамаштың алғашқы суығында-ақ терезеге тұтылған қанар-қап су тиіп, енді қатты аяздан түйенің мойнағындай сіресіп қатып қапты Тіршілік»). Сөздіктерде

«ақырамаш» сөзінің бірнеше мағынасы беріліп жүр: 1. Желтоқсан айы (Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі), 2. Белгілі бір науқанның, қарбалас шақтың соңы, ақыры (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-том). Жазушы бұл сөзді алғашқы мағынасында (ай атауы ретінде) қолданғаны мысалдардан түсінікті болып тұр. 2. Кеурек. Қураған кеурек пен құлқайырдан итарқа етіп жасалған шайла астында аптаптан бас сауғалап екі адам жатыр Дермене»). Құлқайыр, шағыр, бетеге, кеурек, сасыр дегендерің ұйыса өскен («Мазасыз күндер»). Ен даланы қаптаған шаңырақтай-шаңырақтай кеурек пен жусанның ашқылтым иісі қатты желмен күшейе түскен-ді Бекет»). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген анықтама бойынша, кеурек – шөлейт жерде өсетін шөптесін өсімдік. 3. Түніке. Мынау не, түнікелі тостақ па? Балам-ау, түйедей нәрсені қалай байқамағансың, мә, бәрін де қайтарып бер, кісі ақысының сұрауы жаман болады Дермене»). Түніке

сөзінің сөздіктегі мағынасы – «үй төбесінің шатырын жабатын қаңылтыр», ал түнікелі сын есімінің мағынасы – «қаңылтыр шатырлы» деп берілген. Бұл атау бастапқыда үймен немесе қандай да бір құрылыс нысанымен байланысты қолданылғанымен, жазушы оны ыдыс атауымен тіркестіре беріп тұрғанына қарағанда, сөз мағынасы абстрактіленіп, жалпы шатырлы, жабулы, қақпақты деген мағынаны білдіріп кетсе керек. 4. Әбдіре – киім-кешек, әртүрлі бұйымдар салатын үлкен ағаш сандық, кебеже. Күйінгенмен іс орнына келе ме, кемпірі екеуі ескі әбдірені аудар-саудар ақтарып, үйдегі іліп алар тәуір мата мен жиған-терген ақшаны шүберекке орып қоржынға сап берді Тіршілік»).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет