Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет57/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
Байланысты:
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Жазған-ау, саған не болды?

  • Салмағы қандай еді-ей? Бір шелек судың ауырлығындай бар ма? Әйелі үн шығармай жымиып күліп алды.

  • Қайдағы бір шелек су! Қымыз толы торсықтан сәл-ақ ауыр. Балаңды бір алып деп ойлайсың ғой деймін («Дермене»).

    Жауап ала алмаған сұрақ иесі ет шайнам уақыт әрі-сәрі боп тұрды да, тез-тез басып шығып кетті («Тіршілік»).

    Атқа қамшы тартып, арқан бойы ұзай бергенімде ұлыған боранмен араласып, арт жағымнан әлсіз бір дыбыс естілгендей болды («Гауһар тас»). Бақан бойы көтеріліп қалған күнге көзін сығырайта қарап, есінеп қояды («Гауһар тас»).

    Жұпыны екі шаңырақтың кішігірім тойы бозторғай шырылдағанша

    созылды («Тіршілік»).

    Сол түні торғай шырылдағанша дермене тасылды («Дермене»).

    Бұл тіркестер қазір абстрактілі сипатқа ие болғанымен, бір кездері халық үшін нақты уақытты білдірген. Автор танымындағы «уақыт» концептісінің» тілдік көрінісі осы ментальді бірліктер арқылы танылады.



    Көркем шығарманың құрамындағы ерекше әсерлілік, мазмұндық сипаты бар кейбір сөйлемдер оқырманға ой салып, оның санасында жатталып қалып жатады. Мәселен, Д. Исабеков әр шығармасында кейіпкер тіліне өмірлік мәні бар сөздерді салу арқылы, өзінің ақыл-ойын, таным-түсінігін, дүниеге көзқарасын танытады. Ғылымда мұндай сөздер авторлық афоризмдер, кейде сентенция құбылысы деп те аталып жүр. Сентенция – ғибратты ой-пікір, нақыл сөздер. Мысалы: «Екі жарым-ақ бет! Кешкі сегізден таңғы төртке дейін бітіргені осы. Бір де бір сөзі өшірілмеген екі жарым беттік диалогсыз текст. Жалпы ол өшіріп жазғанды ұнатпайтын. Өзгелердің талай рет көшіремін, өңдеймін, сызамын дегендеріне түсінбейтін, оған қарсы болатын да. «Таза өнер бір сәтте екі тумауы керек, дейтін ол» («Қарғын»). Шындығына келгенде, бұл кейіпкердің емес, жазушының өз ойы. Жазушының ойынша шын таланттың шабытынан туған дүние өңдеп, қайта жазуды қажет етпейтін болуы керек. Оның ұлылығы да сонда. Аз сөзбен көп мағына беру – Д. Исабеков қаламына тән басты сипат. Осы сипатты танытуда авторлық афоризмдердің атқарар рөлі зор. Сонымен қатар мұндай сөз оралымдары автордың ішкі болмысын, көзқарасын, яғни «менін» табуда үлкен мәнге ие. «Бәлкім сол шалдың сөзінде көп мән жатқан болар. Тереңге ұмтыламыз деп саязда жатқанды, әріге ұмтыламыз деп беріде тұрғанды көруден қалған шығармыз» («Өкпек жолаушы»). Шынында да, адам алысқа ұзаған сайын жақындағысын ұмыта бастайды. Автордың кейіпкер сөзі арқылы жеткізген осы ойы көзі қарақты оқырманды терең ойға қалдырады. Жазушы осындай философиялық мәні зор авторлық сентенциялар арқылы оқырманның көкірек көзін оятып, өмір шындығына қанықтыра түсетінін байқаймыз. Жазушының

    тағдыр талқысына түскен екі жан туралы жазылған «Өкпек жолаушы» атты повесі осындай афоризмдерге, адам жанының нәзік иірімдерін қозғайтын толғаныстарға толы. Мысалы:





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет