«Жо-жоқ, неғылған басылу, әлі бала сияқты, даладан келсе, ағасын құшақтап,балалармен алысып, тіпті біреуімен кәдімгідей кергілесіп тасыр-тұсыр етіпжүргені. Біз де соған үйреніп қалғанбыз ғой, ол үйде жоқ болса, қашан келеді,қашан келеді деп шыдамымыз таусылып отырамыз», деген жауабын естіпқалғаным бар еді. Менің жеңешем де алтын адам ғой шіркін, жүрегі кең-ақ,қашандакүлімсірептұрғаны»[93, 206 б.]. Қазақ дәстүрінде бірге туған бауырлардың жасы үлкенінің әйелі іні-қарындастарына жеңге болады. Жеңге мен қайын сіңлі, қайын іні арасындағы өзара сыйластық қазақи салт-дәстүрді, отбасылық, туыстық ынтымақты, сыйластықты құрметтей білуге тәрбиелейді. Жеңгелер қайын іні мен сіңлілерін еркелетіп, сері жігіт, төрем, мырза жігіт,ерке қыз, сырғалым деген сияқты жарасымды аттар қойып құрметін көрсетеді. Бұл дәстүрді қазақта аттергеудеп атайды. Аттергеу– байырғы қазақ тұрмысында әйелдердің қайын жұртының адамдары мен дүниеден озып кеткен ата-бабаларының есімдерін тура атамай, тұспалдап атау дәстүрі [118, 322 б.]. Өзге ұлттан ерекшелейтін бұл дәстүрдің нышандары Д. Исабеков шығармаларынан да орын алған. «Тіршілік» повесінде де бас кейіпкері Қыжымкүл ақ жаулықты әжеге айналса да, әлі күнге ата салттан айнымай, қайныларының атын тура атамайды. «Көсегең...көсегеңкөгергірСендібайқайным(Теңдібайдептураатауғажеіңгелікжолыкөтермейді)».Автор кейіпкерге осындай қасиеттерді телу арқылы тек Қыжымкүлдің ғана емес, барша қазақ әйелінің бейнесін ашады. Оны жоғарыдағы мысалдардан да көруге болады. Оған қоса, баяншы образындағы Нұржан атты кейіпкердің Шолпан жеңгесін «алтын адам» деп сипаттауы арқылы халқымыздың жеңгеге деген құрметін, сыйластығын көруге болады. Жалпы ұлтты ұлттық сипатынан айырмай, сақтап тұратын салт-дәстүр десек, жазушы осы дәстүрімізді бейнелейтін тілдік бірліктерді насихаттау мақсатында және шығарма мазмұнын ашу үшін қолданған.
Жоғарыда автордың мәтінінің арғы тұратын, мәтіннің жазылуына себепші болатын аялық білім туралы айтылды. Осыған орай жазушының «Қабылан» әңгімесінде автордың аялық білімін танытатын мына мәтінге назар аударуға болады: «Шындосыңныңқимасынсұрама»дегенемеспе,Беріш.Өзгенәрсемнің қайсысына қолқа салсаң да қой демес ем. Мына қалауың қиын тиіпотыр.«Достыңкөңілібіратымнасыбайданқалады»дейді,бірақ,бірқалауымдыжергетастадыдепсендеөкпелеме.Құдайобастаиттідеадамныңырыс-құтыменбіргежаратқандеседі.Демек,оныңданесібесіиесімен бірге, осы үйдің бір мүшесі сияқты ғой. Бере алмаймын,оған ренжіме»[93, 46 б.]. Бұл мәтінде «Шын досыңның қимасын сұрама», «Достың көңілібіратымнасыбайданқалады»деген қазақтың санасына сіңіп кеткен мақалдары шынайы достықтың белгілерінің бұзылу, бұзылмау амалдарын сипаттайтын аялық білімді көрсетеді. Сол арқылы ой жиегінен өткізіп, бұл мақалдарды кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты көрсету мақсатында қолданады. Қазақи ортада өсіп-өнген қарапайым қазақ жазушының бұл ойын қиындықсыз түсінетіні анық: «Берішкетәнбірқасиет–көрсеқызарлығында.