Байланысты: Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)
Қолалысу.Сәргелорнынантұрыпоныменқолалысыпқоштасты.- Бәлкім, сіз аттанғанша кездесерміз, қарсы болмасаңыз аэропортқа шығарыпсалайын («Қарғын»). Қол алысу – екі адамның оң қолының алақандарын өзара қысудан тұратын қимыл, сәлемдесу немесе қоштасу рәсімі. Бұл әмбебеп кинема адамдар арсындағы сыйластықты, мәдениеттілікті, ресми қарым-қатынасты білдіреді. Көбінесе қол алысу сәлемдесу, қоштасу, құттықтау кезінде, мақұлдау, белгілі бір келісім жасасу немесе татуласу белгісі ретінде пайдаланылады. Қол алысудың мақсаты – адалдық пен ізгі ниет көрсету. Қол алысу – сенім білдірудің белгісі, ол серіктеске деген жақсы ниеттің кепілі ретінде, сондай-ақ бір-біріне құрмет көрсету үшін қолданылады. Қол ұстасудан бас тарту дұшпандық немесе ынтымақтастыққа келмеудің көрінісі болуы мүмкін.