Ақпар Тақырыбы: Текстиль бейматалар өндірісінде Арахне тоқып-тігу машинасындағы ілмекқалыптастыру процестерін жобалау Орындаған: Асқар Жұлдыз Топ: 4 ткп-18-1 Қабылдаған: Коданова Самал «Сәндік қолданбалы өнер және тоқыма пәндері»



бет6/8
Дата15.06.2022
өлшемі0,57 Mb.
#36905
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
SҚ=n•M•1000/θ (18)
мұндағы: n – ұстаралы барабанның айналу жиілігі, мин-1
М – барабандағы ұстара саны;
θ – машинаға берілетін талшықтар мөлшері, кг/мин.
Қопсыту қарқындылығы машинаның қопсытушы бөлшектерінің түрлері мен өлшемдеріне, айырғыштардың шамасына, жұмысшы бөлшектердің жылдамдығына, камераның толығу дәрежесіне тәуелді болып келеді. Инелер, тістер немесе сауырлар неғұрлым ұзын болса, әрі олар жиі түссе, қопсыту қарқыны соғұрлым жоғары болады. Қарқындылыққа тістердің орналасуы да әсер етеді. Егер олар шахматтық ретпен орналасса, онда қарқындылық артады. Ажырату азайған сайын, қопсыту қарқыны арта түседі. Жылдамдық өскен сайын, ұрғылау саны да өсіп, қопсыту қарқындылығы арта түседі. Машина камерасы талшықты аз толтырса, мақтаның қопсу қарқыны да төмендейді, ал көп болса – артады.
Камера көлемінің 2/3 немесе 3/4 бөлігін толтыру ең қолайлы болып табылады.
Қопсыту тиімділігі дегеніміз – талшықты материалдың қопсығыштық дәрежесі, яғни оның көлемді салмағының азаю дәрежесі және оның майда түйдектерге бөлінуі. Қопсыту тиімділігі, түйдек салмағының өзгеруімен, ал тазарту тиімділігі бөлінетін қоқым мөлшерімен бағаланады. Бұл екі процестің тиімділігі қопсыту қарқынына тікелей байланысты. Процестердің тиімділігі қарқындылықтың артуымен өсе түседі және бұл тәуелділіктің сипаты аса күрделі.
Қарқындылық артқан сайын тиімділік те әуелі жайлап, содан кейін жылдамырақ арта түседі.
Кәсіпорындарда машинаны жүктеудің белгілі бір параметрлері тағайындалады. Мақтаны қопсыту қарқындылығы, келесі машинаға талшықты салған сайын арта түседі. Мақтаны өңдеудің бірінші кезеңінде, оның қопсыту қарқынын арттыруға болмайды. Бұл кезде жұмысшы бөлшектердің гарнитурасының тістері сынып қалуы немесе талшықтар зақымдануы мүмкін.
Талшықты материалды қопсытып-тазартатын агрегаттарда, машиналарда араластыру, қопсыту және бірлі-жарым тазарту, материал тазалығының және қопсығыштығының қажетті дәрежесін қамтамасыз ете алмайды. Талшықты әрі қарай өңдеу жұмысы түту машиналарында орындалады. Түту машиналарының екі түрі қолданылады: жайғақты Т-16 және МТ, ПРЧ-1 қосымша қоректендіргіші бар жайғақсыз МТБ машинасы.
Жіңішке талшықты мақта үшін ұстаралы түткіштер қолданылады. Түткіштің айналу жиілігі 1000 мин-1. Түткіштің талшықты материалды ұрғылауы нәтижесінде талшықтар мен қоқым, талшық топтары арасындағы байланыс үзіледі. Планкалы түткіш салмақтары әртүрлі ірі түйдектерді жіктейді, ал инелі түткіш салмақтары біркелкі майда түйдектерді жіктейді, өйткені бұл кезде тарау процесі де жүреді.
Тазарту қарқындылығы түту дәрежесімен,яғни өңделуші материал салмағының бірлігіне келетін түту ұрғышының соғу санымен сипатталады:
Sтүт=nтүтR/Q (19)
мұндағы: nтүт– түткіштің айналу жиілігі, мин-1
R – түткіш ұрғыштарының саны;
Q – түткіште жіберілетін талшықтың салмағы, г/мин
Q=Vж•Тқаб/1000 (20)
Vж- қабатты түткішке жіберу жылдамдығы, м/мин
Тқаб– жіберілетін қабаттың сызықтық тығыздығы, текс
Sтүт=nтүт•R•1000/ (Vж • Тқаб) (21)
Түту қарқындылығы неғұрлым жоғары болса, талшықты материалды жіберу жылдамдығы және талшық қабаты соғұрлым аз болады. Демек, машинаның өнімділігі азайып, түткіштің айналу жиілігі артады.
Беймата текстиль материалдары үшін табиғи жүнді дайындау.
Талшықты тарау, майлау, араластыру.
Беймата текстиль материалдары өндірісінде араластыруға компоненттерді дайындау жоспары – қоспа құрамына байланысты белгіленеді және тарау құрал-жабдықтарын және жайғақ қалыптастыратын құралдарды таңдаумен анықтайды. Компоненттерді араластыруға және тарауға дайындау – беймата материалдарына арналған жайғақ қалыптастыру процесінің технологиялық және экономикалық нәтижелерін анықтайтын жауапты операция болып табылады.
Табиғи жүнді дайындау, күйіне және өндірістік белгілеуіне байланысты үш негізгі жоспар бойынша жүргізеді.
I жоспар нормальды жүнге қолданылады. Нормальды жүн тек қопсытуға және түтуге түседі: бір дүркіндіге – жіңішке, жартылай жіңішке және жартылай дөрекі жүн түседі, ал екі дүркіндіге – дөрекі жүн түседі.
II жоспар механикалық ошағансыздандыруға түсетін қоқымды және ошағанды жүндер үшін қолданылады.
III жоспар карбонизациялау жолымен өсімдік қоспаларынан тазартылуға түсетін қоқымды және ошағанды жүндер үшін қолданылады.
Карбонизациялау процесі бірнеше операциялардан тұрады: күкірт қышқылы ерітіндісінде жүн талшықтарын өңдеу: артық қышқылды сығу; ылғал күйінде талшықты массаны қопсыту; жылулы өңдеу; нейтралдау, сығу және кептіру.
Өндірістік шарттарға байланысты шикізатты дайындау жоспарларының түрлері өзгеруі мүмкін. Мысалы, илеу процесінсіз өндірілетін беймата жаймаларын, боялған талшықтардан және тігілетн жіптерден дайындауға болады, бірақ илеу қабілеттерін сақтау үшін талшықтарды бояу мәнді емес, ал оның орнына жайманы бояу қажет.
Химиялық талшықтарды дайындауда тек жеңіл қопсыту ғана болады. Химиялық штапельді талшықтарды қопсыту мынандай жағдайда ғана жүргізіледі, яғни талшықтар киптерде престелінген күйінде түссе. Егер талшықтар қаптарда болса, онда бұл операцияны жүргізудің қажеті жоқ.
Химиялық талшықтарды қопсыту, көтерілген біліктері бар түту машиналарында немесе үзіліссіз қозғалыстағы түту машиналарында жүргізілуі тиіс.
Араластыру процесінің мәні - өзара әртүрлі компоненттерді араластыру және әр компоненттің біртексіздігін теңестіру болып табылады.
Араластырудың мақсаты – компоненттерді дұрыс таңдау және біркелкі құрылымды беймата материалдарын өндіруге жарамды бірдей қоспаларды алуға дейін араластыру.



Жүн сапасын бақылау



Түту және қопсыту



Карбонизациялау



Кептіру



Түту



Жүн сапасын бақылау



Түту және қопсыту



Ошағансыздандыру



Жүн сапасын бақылау



Түту және қопсыту


I II III



11-сурет. Табиғи жүнді дайындау жоспары
Қоспаларды фабриканың қоспа бөлімінде жасайды.
Қоспаның құрамына кіретін талшықтардың түрі бойынша, қоспаларды – жүнді, мақталы және зығырлы деп бөледі.
Дайын өнімнің түрі бойынша қоспаларды топтары және артикульдері бойынша бөледі.
Араластыру процесі екі негізгі операциядан тұрады: қоспа құрамын таңдау және талшықты материалдардың біртекті массасын дайындау.
Қоспа құрамын дайындаған кезде келесі жағдайларды ескеру қажет:
- қоспа құрамы – техникалық шарттарға немесе стандарттың сәйкес талаптарына жауап беретін және көрнекті түрі бар, дайын боялған беймата материалдарын өндіруді қамтамасыз ету қажет;
- қоспа құрамы - өндірілетін өнімнің сапасына және қасиеттеріне зиян келтірмейтіндей қалпына келтірілген жүн және штапельді химиялық талшықтарды, өз өндірісінің қалдықтарын үнемі және максимальды пайдалануды қамтамасыз ету керек;
- өңдеу кезінде қоспа, шығын санын азайтуды қамтамасыз ету керек;
- қоспаның құны жоспардан аспау керек.
Талшықты материалды араластыру процестері, беймата материалдар өндірісінде жауапты операциялардың бірі болып табылады. Өйткені олардың құрылымының біркелкілігі осы операцияға тікелей байланысты болып келеді.
Талшықты материалдарды араластыру қолмен немесе механикалық әдіспен орындалуы мүмкін.
Тарау процесінің мақсаты – беймата материалдарының негізі болып табылатын талшықты массадан, талшықты жайғақтың қалыптасуы.
Тарау процесінің мәні – талшықтардың түйдектерін жеке талшықтарға бөлу, оларды ұсақ, тізбекті қоқымдардан тазарту, талшықтарды өзара араластыру және олардан жіңішке мақтаның жасалуы болып табылады.
Талшықтарды тарау үшін екі түрлі тарау машиналары қолданылады, яғни білікті және қалпақшалы. Қалпақшалы тарау машиналарында, мақта талшықтары және олардың химиялық штапельді талшықтармен қоспасы, штапель ұзындығы 40 мм химиялық талшықтар таралады, ал білікті тарау машиналарында – жүн талшықтары және олардың штапельді химиялық талшықтармен қоспасы, штапель ұзындығы 55-65 мм-ден жоғары таза түріндегі химиялық талшықтар, зығыр тарамдары және қысқа талшықтар таралады.
Қазіргі заман талабына сай машиналарда негізгі тарау процесімен қатар, талшықтарды қоқымдардан тазалау, оларды қарқынды араластыру, талшықтардың қалыптасатын қабаттарын тегістеу және талшықтардың өндірілетін қабатын машинаға түсетінімен салыстырғанда 90-150 рет жіңішкерту жүзеге асырылады.
Дипломдық жобаның технологиялық бөлімінде беймата материалдары өндірісінің үнемділігі процестің үзіліссіз жүруіне байланысты болғандықтан, талшықты жайғақты үзіліссіз ағынмен алуға тырысады. Осы мақсат үшін, тарау машиналарының тізбектелініп орналасуын қолданады. Беймата өндірісіне келіп түсетін шикізат, дайындық кезеңдерінен өтеді. Шикізатты дайындау процестері, шикізаттың түріне және беймата текстиль материалдар өндірісінің әдісіне байланысты таңдалынады. Талшықты шикізатты дайындау: қопсыту, тазалау, араластыру, кардты тарау және жайғақтың қалыптасуынан тұрады. Кардты тарауға талшықтарды дайындау және кардты тарау талшықтың түріне байланысты жүзеге асырылады.
2.3.Талшықты жайғақтарды қалыптастыру әдістері және қолданылу облысы

Беймата материаладарын алу үшін талшықты жайғақ негіз болып табылады.


Талшықты жайғақты алудың бірнеше әдістері бар.
Талшықты жайғақтарда талшықтардың орналасу сипаттамасы бойынша жайғақтардың екі негізгі түрін ажыратады: талшықтардың бағытты және бағытсыз орналасуы.
Талшықты жайғақтар қалыптасуының 4 әдісі бар: механикалық – яғни, талшықтары бағытпен орналасатын жайғақтарды қалыптастыру үшін, аэродинамикалық, гидродинамикалық және электростатикалық – талшықтары бағытсыз орналасатын жайғақтарды қалыптастыру үшін қолданылады.
Жайғақтағы талшықтардың бағытты орналасуында талшықтың негізгі массасы (50% және одан жоғары) белгілі бір бағытта ерекшелікпен орналасатын жайғақтың құрылымы түсіндіріледі.
Жайғақтағы талшықтардың бағытсыз орналасуында талшықтардың негізгі массасы белгісіз бағытпен орналасатын жайғақтың құрылысы түсіндіріледі. Талшықты жайғақты дайынау әдісі және талшықтардың бағыты бойынша оларды жеті түрге бөледі:
а) талшықтары бойлық бағытпен орналасқан жайғақтар;
б) талшықтары көлденең бағытпен орналасқан жайғақтар;
в) талшықтары бойлап-көлденең орналасқан жайғақтар;
г) талшықтары диагональ бағытпен орналасқан жайғақтар;
д) талшықтары диагональ-қиылысқан бағытпен орналасқан жайғақтар;
е) талшықтары бойлық-диагональ-қиылысқан бағытта орналасқан жайғақтар;
ж) талшықтары бағытсыз орналасқан жайғақтар.

Талшықты жайғақтарды алу әдістері

Жайғақтағы талшықтардың орналасуы

а - бойлай



Механикалық



б – көлденең



в – бойлай-көлденең



г - диагональ



д – диагональ-қиылысқан



е – бойлай-көлденең-қиылысқан



Аэродинамикалық



Гидродинамикалық

ж – бағытсыз



Электростатикалық


12-сурет. Талшықты жайғақтарды алу әдістерін және олардағы талшықтардың орналасуының топтастырылуы


Талшықты жайғақтағы талшықтардың бағыты беймата материалдарының қасиеттеріне елеулі түрде әсер етеді.


1-кестеде инемен тесілетін беймата материалдарының механикалық көрсеткіштері көрсетілген.

1-кесте. Инемен тесілетін беймата материалдардың механикалық қасиеттеріне талшық бағыттарының әсері



Көрсеткіштер

Жайғақтағы талшықтардың бағыты

бойлай

Көлденең

бағытсыз

бойлай-көлденең

Үзілмелі салмақ:
Бойлық бағытта....
көлденең бағытта......

11 930
2 660



2700
8960



7280
7850



4840
3800



Бойлық және көлденең төзімділіктің қатынасы

4,5

0,3

0,9

1,3

Кестеде көрсетілген инемен тесілетін материалдардың үзілмелі салмағы, талшықты жайғақтағы талшықтардың бағытына тәуелді болып келетінін көрсетеді. Талшықтар бойлық бағытта орналасқан кезде материалдардың үзілмелі салмағы осы бағытта лезде жоғарылайды, ал талшықтар көлденең бағытта орналасқан кезде, материалдың үзілмелі салмағы елеулі түрде төмендейді, яғни анизотропия қадағаланады.


Талшықты жайғақтарды алу әдісін таңдау – жайғақтағы талшықтарды байланыстыру әдістеріне және түрлеріне тікелей байланысты болып келеді. Басқа сөзбен айтқанда әдісті таңдай – беймата материалдарынан алынатын бұйымдарға қойылатын талаптармен және белгілеулермен анықталынады.
Талшықтары бағытсыз орналасқан талшықты жайғақтар инемен тесілетін беймата материалдар өндірісінде сүзгіш, сырт киімдерге арналған тігін астарлары, драпирлер ретінде қолданылады.
Беймата материалдарын алудың желімді әдісі – талшықтары бағытсыз орналасқан талшықты жайғақтарды алуға негізделген.
Беймата материалдарының 60%-нен жоғары мөлшері талшықтары бағытсыз орналасқан жайғақтардан өндіріледі.
Талшықтары бағытпен орналасқан талшықты жайғақтар (көлденең және бойлық-көлденең бағыт) - тоқып-тігу әдісімен беймата материалдарын өндіруде кеңінен қолданылады. Бұл өндіріс желімді әдіспен салыстырғанда сапалы шикізатты талап етеді.
Беймата шұға өндірісінде де талшықтары бағытпен орналасқан талшықты жайғақтар қолданылады. Беймата материалдарының бұл түрі ер адамдардың және әйелдердің қыстық және мезгіл аралық киімдерін дайындауға қолданылады.Яғни, талшықты жайғақтарды қалыптастырудың ешқандай әдісі де беймата материалдарының барлық түрін өндіруге бірдей жарамды болмайды.
Талшықты жайғақтарды алудың төрт әдісінің (механикалық, аэродинамикалық, гидродинамикалық, электростатикалық) ішіндегі электростатикалық әдіс экспериментальды зерттеу кезеңінде.
Беймата материалдар өндірісі талшықты жайғақтарды қалыптастырудың әдістері бойынша былай бөлінеді: құрғақ әдіспен алынатын жайғақ өндірісінің көлемі (механикалық және аэродинамикалық) жалпы жайғақ өндірісінің 81%; ал ылғалды әдіспен (гидродинкамикалық) - 19% құрайды.
Гидродинамикалық және электростатикалық әдістер – ұзындығы 15-20 мм талшықтарды өңдеген кезде, аэродинамикалық – 40 мм-ге дейін, механикалық – 30 мм және одан жоғары талшықтарды өңдеген кезде қолданылады.
Талшықты жайғақтарды қалыптастырудың механикалық әдісі. Талшықты жайғақты қалыптастырудың механикалық әдісінің бастапқы негізі - кардты тарам болып табылады.
Талшықтары бағытпен орналасқан кардты тарамдарға қарапайым тарау машиналары қолданылады: қалпақшалы, білікшелі және гарнет-машиналар.
Тарау машиналары талшықты материалдарды жақсы қопсытады және тарайды.
Қайта өңделетін талшықтардың табиғатына байланысты, құрылымы және технологиялық процестерінің сипаттамасы бойынша әртүрлі тарау машиналары қолданылады:
- мақта талшықтарына, вискозалы штапельді талшықтарға және олардың қоспасына – қалпақшалы тарау машиналары;
- жүн және жартылай жүнді қоспаларға – бір немесе екітарамды білікті тарау машиналары;
- қоспадағы талшықтарды араластыру үшін және қарқынды қопсыту үшін, оларда қалдықтар көп болған жағдайда – екі, үш ауысымды тарау машиналары қолданылады;
- химиялық талшықтарға және олардың қоспаларына – жұмыс бөлшектері тұтас металды ара тісті таспамен тартылған білікшелі тарау машиналары қолданылады.
Талшықтардың орналасуына байланысты беймата материалдар өндірісінде талшықты жайғақтардың келесі түрлері қолданылады:

  1. талшықтары бойлық бағытпен орналасқан

  2. талшықтары көлденең бағытпен орналасқан

  3. талшықтары бойлық-көлденең бағытпен орналасқан.

Талшықтары бойлық бағытпен орналасқан талшықты жайғақтарды, бір немесе бірнеше тәртіппен орнатылған тарау машиналарында алуға болады.
Бір тарау машинасын қолданған кезде, жайғақ, «мақталы» барабанның немесе «мақталы» - рама жайғақ қалыптастырғыш аппаратының көмегімен жасалады.
«Мақталы» барабанда талшықты жайғақтар қалыптасқан кезде мақта қабаттары, оның салмағына байланысты қажетті қосулардан тұрады. Егер біртекті мақталардың салмағы 20 г/м болса, онда барабанның екі айналымында 40 г/м, үш айналымында – 60 г/м болады.
Бірақ біздің жағдайда жайғақтың ұзындығы «мақталы» барабанның периметрімен алдын-ала анықталынып қойған. Егер болса, онда жайғақтың ұзындығы болады. «Мақталы» барабанда алынған жайғақты киім, медициналық мақта немесе үйісу әдісімен алынатын беймата материалдарын өндіруге ғана жарамды болып табылады. Оның негізгі кемшіліктерінің бірі – жайғақтың үлкен емес ұзындығы.
Үлкен ұзындықтағы талшықты жайғақтарды алу үшін қосарланған «мақталы» барабандар қолданылады.
Ұзындығы 20-дан 60 м-ге дейінгі талшықты жайғақтарды алу үшін, горизонтальды және вертикальды «мақталы» рамалар қолданылады.
Беймата материалдары өндірісінің үнемділігі процестің үзіліссіз жүруіне байланысты болғандықтан, талшықты жайғақты үзіліссіз ағынмен алуға тырысады. Осы мақсат үшін, тарау машиналарының тізбектелініп орналасуын қолданады.
Талшықтары бойлық бағытпен орналасқан талшықтың қалыптасуы кезінде. өте аз салмақты - 3÷16 г/м2 мақтаны алуға болады.
Талшықтары бойлық бағытпен орналасқан жайғақтардан беймата материалдарын алу үшін сызықтық тығыздығы әртүрлі (NM=450÷6000) талшықтар қолданылады. Дөрекі талшықтар өнімінің үлкен тегіссіздігін туғызады, бірақ мақтаның ауа өткізгіштік қабілеті дөрекі талшықтарда жоғары болады.
Талшықтары көлденең бағытта орналасқан талшықты жайғақтарды, 900 жақын бұрышқа тарамдалған мақтаның төселу бағытын өзгерту арқылы алады.
Төсеу бұрышы, талшықты жайғақтағы тарамдалған талшықтың салыну санына байланысты болып келеді.
Талшықтары көлденең бағытта орналасқан жайғақтарды бір немесе бір-біріне параллель орнатылған бірнеше тарау машиналарында алуға болады.
Тарамдалған мақтаны төсеу, үш түрлі тарам жасағыштар арқылы жүзеге асырылады. Олар: бламир-аппарат, маятникті төсейтін құрылғылар және көлденең түрдегі тарамды қайта жасағыштар.
Бламир-аппаратта ұзындығы 20 м жайғақ өндіріледі. Сондықтан оны беймата жаймаларын дайындаудың үзіліссіз әдісінде қолданылады. Сонымен қатар, бламир-аппарат өндіріс ауданын көп қажет етеді. Бұл көптеген фабрикаларда екі кардты машиналарды бір-біріне қарама-қарсы қойып, олардан шыққан тарамдарды бір құрылғыда талшықты жайғақта қалыптастыруды ойластырды.
Мұндай жағдайда бламир-аппаратты қолдану тиімді. Бұл талшықты жайғақты шығару жылдамдығын екі есеге арттырады.
Құрал-жабдықтардың былай орналасуы өндіріс ауданын үнемдейді және қызмет көрсету шығындарын төмендетеді.
Талшықтары көлденең бағытта орналасқан жайғақтарды механикалық әдіспен беймата материалдарын дайындау үшін қолданады.
Талшықтары бойлық-көлденең бағытта орналасқан талшықтарды алу әдісін аралас әдіс деп атайды және онда алғашқы екі әдіс те болады.
Осы әдіспен алынатын талшықты жайғақтар мынандай жолмен алынады. Бірнеше тарау машиналарынан өндірілген талшықтары бойлық бағыттағы тарамға, талшықтары көлденең бағытта орналаксқан талшық қабаты төселеді. Осы мақсатпен тарау машиналарын аралас орналастыру жүзеге асырылады. Талшықтары бойлық бағытта орналасқан талшықты жайғақтарды алу үшін, тізбектелініп орналасқан бірнеше машиналардың біреуін немесе бірнешеуін жүк тасушыға перпендикуляр орнатады.
Аралас әдіспен алынған талшықты жайғақтар беймата материалдарын желімді, тоқып-тігу, инемен тесу және киіз әдістерімен өндірген кезде қолданады.
Талшықтары бойлық-көлденең бағытта орналасқан талшықты жайғақтарды алудың артықшылықтарына мыналар жатады:
1) бойлық және көлденең бағытта жайғақтардың үлкен және тегіс төзімділігі;
2) алғашқы екі әдіспен алынған жайғақтарға қарағанда созылғыштығы және тұрақтылығы жоғары болып келеді.
Талшықты жайғақтарды қалыптастырудың аэродинамикалық әдісі
Талшықты жайғақтарды қалыптастырудың аэродинамикалық әдісі, пневматикалық құрылғылар көмегімен жүзеге асырылады: ажыратылатын талшықтарды тарау кезінде олар ауа ағынмен тартылып алынады және белгілі ендегі және қажетті массадағы талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған.
Талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған пневматикалық жүйелер ашық, жабық және аралас болып келеді.
Ашық пневматикалық жүйеде, жұмыс ауысуының барлық көлемі көлемі рециркуляциясыз бір рет қолданғаннан кейін шығарылады.
Жабық пневматикалық жүйеде жұмыс ауысуының барлық көлемі, жұмыс ауасының шығарылуын рециркуляциялайды.
Аралас пневматикалық жүйеде ауаның елеулі бөлігін рециркуляциялайды және оның тек бірнеше бөлігі сыртқа шығарылады.
Жұмыс тәжірибесі көрсеткендей аэродинамикалық жайғақ қалыптастырғыштардың жабық пневматикалық жүйелерді қолдану орынды болып табылады.
Ал ашық және аралас пневматикалық жүйелерді қолдану, бірнеше ыңғайсыздықтар тудырады, олардың негізгісі қоршаған ортаны ластау.
Минимальды тегіссіздігі бар жоғары сапалы талшықты жайғақты алу үшін, тарау құрылғысының қарқынды жұмысына және тек ағынындағы талшық концентрациясына тәуелді, ауа ағынындағы талшықтарды бірдей тегіс бөлумен қамтамасыз ету керек.
Аэродинамикалық жайғақ қалыптастырғыш құрылғы жұмысының қарқындылығы, диффузордағы ауа ағынының жылдамдығын дұрыс таңдауға және жайғақ қалыптастыратын тор көз саңылауында шығуына тікелей байланысты болып келеді.
Талшықты жайғақтардағы қатты қоқымдарды ұстау және жинау үшін, саңылаулары бар арнайы иілген конструкциялы ауа өткізгіштік құрылғылар қолданылады.
Аэродинамикалық жайғақ қалыптастырғышта тегіссіздігі төмен, жоғары сапалы талшықты жайғақты алу үшін, көбінесе, бір рет тарау және жайғақ қалыптастыру жеткіліксіз болып табылады. Талшықтарды бірнеше рет қайталап тарау және аэродинамикалық құрылғылардың тегістейтін қозғалысы ғана тегіссіздігі төмен жайғақты алуды қамтамасыз етеді.
Аэродинамикалық әдіспен талшықты қалыптастыру, текстиль технологиялық машиналарында, аэродинамикалық тіреуіштері бар кардты тарау машиналарында және арнайы құрастырылған машиналарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Инелі түткіштері бар машиналар, талшықтары бағытсыз орналасқан жайғақтар өндірісінде қолданылуы мүмкін. Мұндай машиналарда массасы 500-800 г/м2 жайғақтарды алуға болады.
Жайғақты алу үшін шикізат ретінде текстиль қалдықтары – мақта, зығыр қолданылады.
Бірнеше жақсы нәтижелерді, төменгі сортты мақтаны және қалдықтарды қосымша тазалайтын машиналар береді. Өйткені мұндай машиналардың қоректендірілуі, түту машиналарынан алынатын жайғақтар арқылы жүзеге асырылады
Бейматалар өндірісінің талшықты жайғақты тоқып-тігу технологиясы. Маливатт тоқып-тігу машинасы
Тоқып-тігу әдісімен беймата материалдар өндірісіне арналған Маливатт машинасы құрастырылған. Машинаның жұмыс істеу принципі өз елімізде шығарылатын ВП машинасына және Чехияда шығарылған Арахне машинасына ұқсас болып келеді. Бірақ құрылымы жағынан өзгешелеу.
Маливатт машинасының технологиялық сызбасынан көрініп тұрғандай (13-сурет) тігу жіптері конусты иіршіктерден 1 үзіліссіз оралады, бақылап-керу аспабынан 2, жіп бақылағыш планкасынан 3, ламельді аспаптар 4 арқылы өтеді және көзшелі инелерге 5 жеткізіледі. Көзшелі инелер алдында жіптер, тарақшамен 6 тағы да бір бөлінеді. Жіптің қозғалыс бағытын өзгерту үшін бағыттағыш шыбықтар 7 қызмет көрсетеді.
Талшықты жайғақтың 8 орамы, тасымалдағыш таспаға машинаның жоғарғы жағында орналастырылады.

13-сурет. Маливатт машинасының технологиялық сызбасы


Тасымалдағыш таспа өзінің қозғалысында жайғақты тарқатады және оны жұмыс аймағына береді.


Беймата материал түріндегі тігілген жайғақ 10 тауарлы білікті 11, бағыттағыш біліктерді айналады және кітапша түрінде материалды төсейтін немесе оны орамға орайтын салғыш құрылғыға 12 қарай жоғары көтеріледі.
Осы уақытқа дейін 14001 модельді Маливатт машиналары шығарылып келді. Машинаның құрылымын жетілдіру бойынша жұмыстардың нәтижесінде 14010 модельді машинасы құрастырылды. Машинаның техникалық сипаттамасы 10-кестеде көрсетілген.
14010 модельді Маливатт машинасы жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді. Тігістің қысқартылған ұзындығы, жоғары үлкен класс және тігілетін жіптерге арналған көзшелі инелері бар екінші тарақшаның болуы, жоғары сапалы беймата материалдарын өндіруге мүмкіндік береді.
Екі тарақшасы бар 14010 модельді 14 класты Маливатт машинасы негізгі біліктің жоғары жылдамдығымен, яғни 1000 айн/мин жұмыс істейді.

2-кесте. Маливатт машинасының техникалық сипаттамасы



Көрсеткіштері

14001 модельі

14010 модельі

Ені, мм
Класс
Тігістің ұзындығы, мм

2500
3,5; 7
2,1-ден 4,0 дейін

1000,1600,2400
3,5; 7; 10; 14
0,9-дан 4 дейін (ерекше жағдайларда 5,5)

Өрімнің түрі
Тарақша саны
Тігілетін жіптермен қоректендіру әдісі

Тізбекше, трико
1
шпулярниктен

Тізбекше, трико
1 немесе 2
Шпулярниктен немесе тізбеорауыштан

масса, г

100-ден 1000 дейін

100-ден 1000 дейін

Негізгі біліктің айналу жиілігі, айн/мин

900, 950, 1100

1000-нан 1500 дейін

Электрқозғағыштың қуаты, кВт

4,0

4,5-тен 6-ға дейін

Жайманы төсегішпен және шпулярникпен есептегендегі машинаның габаритті өлшемдері, мм:
Ұзындығы
Ені
Биіктігі
Массасы,

6815
6582


2400
5210

5065
25030, 3130, 3910


2435

Маливатт технологиясы Малифлис (флис-жайғақ) деп аталатын технологияға модернизациялануда. Бұл технологияның мәні, талшықты жайғақ қысымға алынады, яғни жайғақтан жеке талшықтар алынады және осы талшықтармен талшықты жайғақ тігіледі.
Жіпсіз талшықты жайғақты бекіту үшін талшықтың орташа штапельді ұзындығы 40 мм жоғары болу керек және машинада бірнеше өзгертулер қажет.
Бұл технология бойынша тігілетін жіптерді қолданбай-ақ беймата материалдарын өндіруге мүмкіндік береді, яғни материалдың өзіндік құны төмендейді және машинаның пайдалы уақыт коэффициенті 60-70-тен 95% дейін жоғарылайды.

2.4.Арахне тоқып-тігу машинасы. Арахне машинасындағы ілмекқалыптастыру процестері


Арахне тоқып-тігу машинасы Иозеф Зматликтің трикотаж өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен бірлесе отырып құрастырылған және Брно қаласындағы «Ково» машина жасау зауытында жасалған. 1958 жылдан бастап Чехияда осы машиналарды өндіру өнеркәсібі жұмыс істей бастады.
Тараудың және тігудің жеке процестері кезінде талшықты жайғақты бламир-аппарат деп аталынатын арнайы жайғақ қалыптастыратын құрылғыларда дайындайды. Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі тарау машиналары тарамдарының қабаттары қажетті талшықты жайғақты жасай отырып, бірнеше қабаттар төселетін жалпы көлденең тасымалдағыштарға бойлық тасымалдағыштар арқылы шығарылады. Соңғысы қозғалатын кареткамен жабдықталған, арнайы құрылғыда рулон болып оралады. Талшықтары ерекше көлденең орналасқан талшықты жайғақтар, Арахне тоқып-тігу машинасына келіп түседі.
Арахне машинасында талшықты жайғақты тоқу технологиясы ВП-180 машинасындағы тоқу технологиясына ұқсас болып келеді. Ілмекқалыптастыру механизмдері бірнеше құрылымды ерекшеліктерімен жасалған.
Талшықты жайғақ 1 қоректендіргіш тасымалдағыштардың 2 көмегімен, қозғалмайтын тор көз 3 және қозғалатын платиналар 4 арасындағы саңылаудан өтіп, машинаның ілмекқалыптастыру бөлшектеріне келіп түседі.
Жіңішке металл таяқшалары түріндегі қозғалмайтын тор көз ВП-180 машинасындағы қозғалмайтын платиналардың қызметін атқарады, яғни инеден талшықтың шығуы кезінде оны ұстап қалады және жаңа ілмектің қалыптасуына және тартылуына шарт жасайды.
Ілмекқалыптастыру процесіндегі қозғалатын платиналар 4 қайтымды-үдемелі қозғалыстарын жасайды, яғни инемен жайғақты түйреу кезінде алға қарай жылжиды және тоқу аймағын босата жұмыстан шығады.
Осындай жолмен қозғалмайтын тор көзбен 3 қозғалатын платиналардың 4 жинақы жұмысы, инелермен түйреу кезіндегі және кері бағыттағы инелердің қозғалысы кезінде талшықты жайғақты ұстап қалады. Көзшелі инелерге 6 тізбеорауыштардан 5 берілетін, тігуге арналған жіптер бөлгіш тарақшалардан және шыны шыбықтардан тұратын жіпбақылағыш құрылғысының 8 және оқтаудың 7 арасынан өтеді.
Көзшелі инелерге 6 берілетін талшықты жайғақты түйрей және жіпті тартып ала отырып, қозғалмалы инелер 9 оларды талшықтың қалыңдығы арқылы алып шығады. Инелердің 9 қозғалысы инешектің 10 көмегімен жүзеге асырылады, ал плиткасы 11 бар қозғалтқыштар – сызғыштың 12 көмегімен жүзеге асырылады. Тігілген беймата материал 13 машинаның орайтын құрылғысына шығарылады.



14-сурет. Арахне машинасының технологиялық сызбасы



15-сурет. Арахне машинасындағы ілмекқалыптастырудың жеке моменттеріндегі
ілмекқалыптастыру бөлшектерінің орналасу сызбасы
а – бекіту; б – жіптің төселуі; в – пресстеу; г – түсіру; д – қалыптастыру және тарту

Арахне машинасындағы ілмекқалыптастыру процесі ВП-180 машинасындағы тәртіптілікпен жүзеге асырылады. Ілмекқалыптастыру процесінің операциялары мынандай ретте болады:


1) бекіту (а) – құбырлы ине алдыға қарай қозғалған кезде ілгектің үшкір бөлігімен талшықты жайғақты түйрейді. Талшықты жайғақ соңғы жоғарғы жағдайда болатын платиналармен ұсталынып қалады. Құбырлы ине алдыға қарай жылжыған кезде ескі ілмек иненің ілгегі ашық болғандықтан өзекке қарай тайғанайды.
2) жіптің төселуі (б) – көзшелі тарақшалардың тербелісті қозғалысынан және олардың инешектің бойымен қозғалысынан тұратын, көзшелі инелердің күрделі қозғалысы арқылы құбырлы инелердің ілгектеріне көзшелі инелерге жіптің ұмтылуы жүзеге асырылады.
3) пресстеу (в) – қозғалтқыш құбырлы иненің ілгегін жабады. Ине тартып алынған жіпті өзімен қоса тартып төмен қарай қозғалады. Қозғалмайтын платиналар соңғы төменгі жағдайда болады.
4) түсіру (г) – құбырлы ине жабық ілгекте жіпті ұстай отырып, өзінің төменге қарай қозғалысын жалғастыра береді. Ескі ілмек өзек бойымен одан кейін құбырлы иненің ілгегі бойынша тайғиды және қозғалмалы платиналар арқылы түсіріледі.
5) қалыптастыру және тарту (д) – құбырлы ине соңғы оң жағдайға дейін жетеді және ескі ілмек арқылы жаңа ілмекті тартады. Ілмекті тарту бір ілмектің биіктігіне тең ұзындықта талшықты жайғақтың алдыға қарай қозғалысы кезінде жүзеге асырылады. Талшықты жайғақтың қозғалу шамасын тігу тығыздығына (100 мм-ге 20-100 ілмектен) байланысты орнықтыруға болады.
Арахне тоқып-тігу машинасының ВП-180 машинасымен салыстырғанда бірнеше ерекшеліктері бар:
1) талшықты жайғақты тігу аймағы, машинаның екі жағынан да жарықталынған;
2) машинада екі таяқшаның алдыңғы және артқы жақтарында электрокнопкалары болады: таяқшаның алдыңғы жағында – баяу жүріске, нормальды жүріске және машинаның тоқтауына арналған электрокнопкалары; ал артқы жағында – егер жұмысшы машинаның артында болған жағдайда машинаны тоқтату кнопкасы;
3) машина негізгі біліктің айналым санын бақылауға арналған метрмен және тахометрмен, материалдардың шығу есептегішімен жабдықталған.
Ал Арахне машинасының кемшілігіне дайын өнімнің түсірілуін қиындататын, машинаның жоғарғы бөлігінде тауарлы біліктің орналасуы жатады.

Көрсеткіштері

Арахне П-1

Арахне П-2

Машинаның жұмысшы ені, мм

1800

1800, 2500

Машинаның класы (100 мм инелер саны)

38; 44; 51

40; 50; 40,50

Инелі қадам, мм

2,6; 2,2; 2,0

2,5; 2; 2,5; 2

Құбырлы инелердің саны

690; 805; 920

720; 900; 1000
және 1250

Көзшелі инелердің тарақтар саны

1 немесе 2

1 немесе 2

Тоқу тығыздығы (100 мм ілмектер саны)

20-100

17-100

тігілетін жайғақтың массасы, г

135-400

60-400; 100-300

Тоқу жылдамдығы, ілмек-тігістер/мин

270, 380, 504

250-1000; 250-850

Машинаның баяу жүрісі, тігіс/мин

17

17

Габаритті өлшемдері, мм
Ұзындығы
Ені
Биіктігі

5400
3250


2500



3850
3250; 4000


1860

Массасы, кг

2800

2500; 3000

Электрқозғағыш:
қуаты, кВт
айналу жиілігі, айн/мин

6,0
1400



5,7
1000


3-кесте. Арахне тоқып-тігу машинасының техникалық сипаттамасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет