жағдайы (қозғалысы) басқа элементтердің (қалғандарының) жағдайымен (қозғалысымен) анықталады.
Механикалық системалар жиынтығы сансыз көп конструкцияларды, машиналарды, механизмдерді және әр түрлі қосымша құрылғыларды жасайды.
Геометриялық өзгермейтін элементтердің механикалық жүйесі конструкция деп
аталады. Машина (машина, machine) – энергияны, материалды және ақпаратты өзгерту үшін механикалық қозғалыс жасайтын құрылғы. Машиналарды қозғалтқышқа (двигатель, engine) және жұмыс машиналарына бөледі.
Қозғалтқыш деп энергияны механикалық жұмысқа айналдыратын машинаға айтылады. Жұмыс машинасы деп оның көмегімен материалдың немесе заттың қасиетін, формасын немесе орнын өзгертетін машинаға айтылады.
Жұмыс машиналары қызметіне қарай энергетикалық, технологиялық, көліктік және ақпараттық болып бөлінеді. Механизм (механизм, mechanism) – бұл бір немесе бірнеше қатты дененің берілген қозғалысын басқа қатты денелердің қажетті қозғалысына айналдыруға арналған денелер жүйесі. Бөлшек (деталь, detail) – құрастыру операциясын қолданбастан біртекті (бір маркалы) материалдан жасалған конструкция элементті. Бөлшектер қарапайым (болт,
гайка, тісті доңғалақ және т.с.с) және күрделі (бірнеше функционалды қызметі бар болуы– редуктор корпусы) болып бөлінеді
Машиналар мен бөлшектерге қойылатын негізгі талаптар. 1. Машина бөлшектері белгілі бір мөлшерде қондыру орнына сәйкес етіп жасалынуы қажет және сол машинаның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.
2. Машина бөлшектері берік, қатаң, тозуға шыдамды, ыстық пен дірілге төзімді болуы және ұзақ уақыт сынбастан сенімді қызмет атқаруы қажет.
3. Машина бөлшектерін дайындау технологиясы оңай және арзан болуы керек.
4. Машина бөлшектерінің салмағы жеңіл болуы қажет. Әрине, бөлшектердің салмағы неғұрлым аз болса, машина соғұрлым жеңіл болады, сондықтан ең алдымен жолаушы машиналардың бөлшектеріне мұқият талап қойылады.
5. Мәшине бөлшектері күтуге, майлауға және ауыстыруға икемді болуы шарт. Мәшине бөлшектерінің конструкциясы мен өлшемдері ( оймалары. радиусы т.б) мемлекеттік немесе халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы қажет.