«Ақпараттық жүйелер»мамандығы бойынша аттестациялық жұмысты орындау әдістемесі: Әдістемелік нұсқаулық



бет14/14
Дата05.07.2022
өлшемі60,7 Kb.
#37505
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.6.4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІКТІ ЕСЕПТЕУ
28

Бұл бөлімде жобаның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері


есептелінеді және қорытындылайды,сонымен қатар жобаның тиімді сапасы,
артықшылықтары сипатталады.
2.7 «ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР» БӨЛІМІННІҢ
МАЗМҰНЫ
Бұл бөлім келесі ақпараттан тұруы керек:
- еңбекті қорғау бойынша жалпы принциптер мен заңнамадан;
- дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі;
- қоршаған ортаны қорғау.


2.8 «ҚОРЫТЫНДЫ»БӨЛІМНІҢ МАЗМҰНЫ
Қорытындыда зерттеу нәтижесінде жасалған теориялық және тәжірибелік
түйіндер мен ұсыныстар беріледі. Олар дипломдық жұмыстың мазмұнын,
маңыздылығын жұмыстың тиімділігін толық сипаттайтын қысқа әрі нақты
болуы керек. Қорытындыда жұмыстың мазмұнында бірде-бір рет айтылмаған
жаңа ақпараттар болмауы керек. Қорытынды мәтіні 1-2 бетте мазмұндалады.
«Қорытынды» бөлімі келесі ақпараттан тұруы қажет:
- орындалған жұмыс нәтижесі бойынша қысқаша қорытындылар;
- оны пайдалану бойынша,өндіріске енгізу бойынша ұсыныстар;
- даму болашағы;
- өзгерту енгізу және жетілдіру мүмкіндіктері.
Түйіндер мен ұсыныстарды мазмұндау кезінде олардың жұмыстың
жекелеген бөлімдерінде қарастырылғанына немесе қарастырылмағанына
байланысты екі нұсқаның бірінде беруге кеңес беріледі.
Егер түйіндер мен ұсыныстар дипломдық жұмыстың жекелеген
бөлімдерінде жасалса, онда «Қорытынды» бөлімінде олар тізбе ретінде
дәлелдеусіз беріліп, нақты талдау жасай отыра дипломдық жұмыстың белгілі
бір беттеріне сілтеме жасалады.
Егер түйіндер мен ұсыныстар тек «Қорытынды» бөлімінде жасалса, онда
олардың тізбегімен қатар, осы ұсыныстардың әрбіреуінің тәжірибеде
қолданылу тиімділігіне талдау жасалады.
Дипломдық жұмыстың авторының зерттеу мәселесін жетілдіру
мақсатында енгізген ұсыныстары ерекше қолдауға ие болады.
Осылайша, түйіндер мен ұсыныстар тезистер түрінде жоғарыда
Көрсетілгендей кезектілікпен(егер олар дипломдық жұмыстың бөлімдерінде
жасалса) рәсімделеді немесе қажетті мөлшерде талдау жасалынса отыра
қысқаша мазмұндалады.
29

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет