БААЖ-да қауіпсіздік оқиғасына жедел ден қою мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын орталықтандырылған басқару іске асырылуы қажет.
Рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғаудың базалық құралдары ретінде операциялық жүйелерді, дерекқорларды (ДБЖ) және желіаралық экрандарды (firewall) басқару жүйелерін әкімшілендіру құралы пайдаланылуы қажет.
Ақпаратты қорғау қамтамасыз етілуі, оның ішінде платформалық шешім таңдаумен қамтамасыз етілуі қажет және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық немесе қазақстандық үлгідегі тиісті сертификаттармен расталуы қажет.
Рұқсатсыз қол жеткізуден ақпаратты қорғау құралы мынаны қамтамасыз етуі қажет:
құпия ақпаратты оларды өңдеу, беру немесе сақтау кезінде рұқсат етілмеген қол жеткізуден немесе түрленуден қорғау;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сервистердің айналу мүмкіндігінің болмауы.
Ақпаратты қорғау құралы басып кірулердің тетіктерін қамтуы қажет, сондай-ақ осалдық мәніне БААЖ-ды автоматты түрде сканерлеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Рұқсат етілмеген қол жеткізуден ақпаратты қорғау құралы БААЖ-ға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды ескере отырып, жаңа технологияларды және кіші жүйелерді енгізу шамасына қарай өзгеруі қажет.
.