Жоспары:
Кіріспе
І. Судың сапасының тұрғындар денсаулығы жағдайына әсері
II.Су қорларын қорғау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстан су ресурстарының тапшылығын бастан кешіре бастады және 2040 жылға қарай су қажеттілігінің 50% көлемінде күрделі су тапшылығына1 тап болады. Қазақстанның 8 бассейнінің екеуінде – Арал-Сырдария және Нұра-Сарысу бассейндерінде су тапшылығы бар, ал 2030 жылға қарай су тапшылығы алты бассейнде басым болады. Су тапшылығы халықтың өмір сүру деңгейіне және экологиялық жүйеге едәуір әсер етеді, бірақ, өте маңыздысы, - өзімен экономикалық өсуге елеулі қауіп тудырады. Дегенмен, 1,3 трлн. теңге өзіндік құнында инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту есебінен 2040 жылға су ресурстарының күтілген тапшылығын қысқарту, су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша өзі қаржыландыратын шаралар, сондай-ақ 4,5 трлн. теңге құнымен елді мекендерді сумен қамту және су тарту жүйесін жетілдіру мүмкіндігі бар.
Су ресурстары тапшылығын жою үшін су ресурстарының пайдалану тиімділігі сияқты, қол жетімді көлемдерін өсіруді басқару қажет. Бірінші топтағы шаралары тұтынушылар санаттары бойынша суды салыстырмалы тұтынуды ұтымды ету және төмендетуге бағытталған. Бұл топқа су жинау алаңының орманды жерін ұлғайту және инфрақұрылымның барлық түрі бойынша суды жеткізуде шығынның деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар енгізілген. Екінші топтың шаралары инфрақұрылым жобаларын іске асыру мен жер асты су ресурстарын барлау, халықаралық ынтымақтастықты күшейту арқылы су ресурстарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер суды тұтынудың тиімділігін көтеру және қол жетімді су ресурстарын ұлғайту бойынша жеткілікті шаралар қабылданбаса, су тапшылығы келесі салдарға әкелуі мүмкін:
1) Солтүстік Арал, Орталық Қазақстанның өзен дельтасында және батпақты жүйелерінде, Балқаш көлінде ерекше, балық аулау кәсібі мен өзен және көл экожүйесінің әрі қарай деградациясымен табиғатты қорғау мақсатында су жіберуді төмендету және т.б.;
2) ауыл шаруашылығында ерекше, экономика мақсаттарында су тұтынуды нормалау, сондай-ақ гидроэнергетикалық салада, өнеркәсіпте, бұдан басқа елді мекендерді сумен қамтуда үзілістердің болуы;
3) пайдалануға жаңа сумен қамту көздерін енгізу қажеттілігіне байланысты сумен қамтамасыз етуге шығындарды (екінші қайта пайдалану, салинациналған зауыттар, магистралдық құбыр өткізгіштер) және бассейндер арасындағы су ресурстарын бұруды көтеру.
Достарыңызбен бөлісу: |