Қарақалпақстан республикасы нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты бастауыш тәлім факультеті бастауыш тәлім тәлім бағдарының



бет2/2
Дата14.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#92923
1   2
Қорытынды
«Сауат ашу» пəнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен əдістері: Стратегиялар: өзін-өзі басқарушылық, эксперименттік, сыни, коммуникативтік. Технологиялар: шағын топтағы жұмыс (командада), кейс-стади (нақты жағдаяттарды талдау), рөлдік жəне іскерлік ойындар, модулді оқыту. Əдістер: жеке оқыту, проблемалық оқыту. Басты назар білімді қолдану біліктілігіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістіктер критерийлерін алдын ала белгілеу керек.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол жəне зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.
Қорыта келгенде интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде интерактивті тақтаны сабаққа пайдалануды оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, табиғат құбылыстарының дыбысы мен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет