2. Қорғау процедурасы 2.1. Диссертациялық жұмысты қорғауға докторантураның білім беру бағдарламасын толық меңгерген және 2012 жылғы 18 мамырдағы № 226 бұйрықпен енгізілген өзгертулермен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесінің» (бұдан әрі – Ереже) 5-8-тармақтарының талаптарына және «2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 214 бұйрығының талаптарына сәйкес орындалған диссертациялық жұмыстарын ұсынған докторанттар жіберіледі.
2.2. Алдын ала қарастыруға және диссертациялық кеңесте қорғауға докторант оқыған ЖОО бланкісінде жазылған ілеспе хат пен келесідей құжаттар тізім негіз болады:
1. қорғауға жіберу туралы диссертациялық кеңес төрағасы атына жазылған арыз;
2. берік түптелген түріндегі 3 дана және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;
3. үш тілде жазылған диссертацияның аннотациясы (әр тілде көлемі кем дегенде 2 (екі) беттен) – қазақ, орыс, ағылшын тілінде, электронды және басылған түрінде;
4. отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің жұмыс орындарында бекітілген пікірлері. Шетелдік кеңесші пікірінің аудармасы нотариалды куәландырылуы тиіс. Мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар үшін, отандық кеңесшінің пікірі;
5. диссертация орындалған кафедраның оң қорытындысы және Академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары бекіткен қорғауға ұсыныммен кафедра отырысының хаттамасы.
6. докторант оқыған Академияның ғалым хатшысы куәландырған ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері;
7. оқитын ЖОО-ның кадр қызметі растаған жеке іс парағы.
2.3. Диссертация келесі тілдердің біреуінде жазылады – мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінде.
2.4. Диссертацияның тақырыбы бойынша кем дегенде 7 (жеті) жарияланым, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жарияланған жағдайда диссератцияны алдын ала қорғау жүзеге асырылады.
2.5. Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда шетелдік ғылыми журналдағы жарияланымның орнына Комитет ұсынған ғылыми басылымдағы жарияланым есептеледі.
2.6. Диссертацияға алдын ала сараптама диссертация орындалған кафедра отырысында жүзеге асырылады.
2.7. Кафедрадағы алдын ала сараптамаға дейін ғылыми жарияланымдардың сәйкестігін тексеру және соңынан құжаттарды кафедраға жіберу үшін докторант жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне төмендегідей құжаттарды тапсырады:
1) осы Ережеге сәйкес Thomson Reuters және/немесе Scopus мәліметтер базасында осы журналдардың индексациясы расталып жарияланған ғылыми еңбектер тізімі;
2) диссертациялық зерттеу тақырыбын және ғылыми кеңесшілерді бекіту туралы Академия бастығы бұйрығының көшірмесі;
3) докторант оқыған Академия бастығының диссертацияны қорғауға жіберілгені туралы бұйрығынан көшірме және оқу орнынан расталған докторанттың кәсіби оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскрипттің көшірмесі;
4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың нотариалды расталған көшірмелері, оларға қосымшалар.
2.8. Диссертация орындалған кафедра докторант докторантураның білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін және «Ғылыми дәрежелерді беру ережесінің» 5-8-тармақтарының талаптарына сәйкес орындалған диссертациялық жұмысын таныстырғаннан кейін докторанттың диссертациясын талқылайды. Кафедра отырысына 3/2 (үштен екі бөлігінен) кем емес кафедра мүшелері, ғылыми кеңесшілер және докторанттың ғылыми зерттеу саласындағы ғылыми дәрежесі бар 2-ден (екеуден) кем емес маман қатысады. Шетелдік кеңесшісі болмаған жағдайда отырыста оның пікірін кафедра меңгерушісі оқиды.
2.9. Кафедра отырысының төрағасы докторанттың диссертациясы мен жарияланымдарының мазмұнын зерделеу негізінде жазбаша түрде пікір беретін Академия қызметкерлерінің ішінен рецензенттерді (әдеттегідей, докторанттың зерттеу саласында ғылыми мақалалары бар, қорғалатын диссертация саласында ғылыми дәрежесі бар екеуден кем емес мамандарды, оның бірі – ғылым докторы) тағайындайды. Аталған пікір төмендегідей тармақтарды құрауы керек: зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми нәтижелер және олардың негізділігі, ғылыми нәтижелердің практикалық және теориялық мәні, баспадағы диссертация материалдары жарияланымының толықтығы, ескертулер мен ұсыныстар. Пікір докторантқа кафедра отырысына дейін 1 (бір) күннен кешіктірілмей беріледі.
2.10. Дисертация орындалған кафедра отырысында диссертацияны талқылау төмендегідей тармақтардан тұрады:
1) кафедра отырысы төрағасының сөз сөйлеуі (диссертациялық зерттеу тақырыбын және ғылыми кеңесшілерді бекіту күнін, докторантура бағдарламасының аясында ғылыми тағылымдамалардан өту мерзімі мен орнын баяндайды);
2) докторанттың сөз сөйлеуі;
3) кафедра отырысына қатысушылардың сұрақтары – докторанттың жауаптары;
4) ғылыми кеңесшінің сөз сөйлеуі, шетелдік кеңесші болмаған жағдайда оның пікірін жариялау;
5) рецензенттердің сөз сөйлеуі;
6) рецензенттердің ескертулеріне докторанттың жауаптары және олардың қалаулары мен ұсынымдары бойынша тұжырымдар;
7) кафедра отырысына қатысушылардың талқылаулары;
8) қорытынды жасау қарапайым көпшілік дауыстың ашық дауыс беруімен жүзеге асырылады.
2.11. Қорғауға ұсыну немесе ұсынбау туралы диссертация бойынша қорытынды кафедра отырысы хаттамасынан көшірме түрінде ресімделеді де, оған отырыс төрағасы қол қойып, Академия ректорының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры бекітеді.
2.12. Қорытындының мазмұны төмендегідей болуы керек: осы Ереженің 12-тармағының талаптарына сәйкес зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми нәтижелер және олардың негізділігі, ғылыми нәтижелердің практикалық және теориялық мәні, баспадағы диссертация материалдары жарияланымының толықтығы, ескертулер мен ұсыныстар, қорғауға ұсыну немесе ұсынбау туралы қорытынды. Диссертациялық жұмыстың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесінің» 5-8 тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі үшін докторант, ғылыми кеңесші және шығарушы кафедра жауапты.
2.13. Кафедра эдвайзері докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды. Аттестациялық істе мынадай құжаттар беріледі:
1) берік түптелген және электрондық тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;
2) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;
3) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда қазақ және орыс тілдерінде диссертацияның тіркеу-есеп карточкасы;
4) ғылыми кеңесшілердің пікірлері;
5) 2 (екі) рецензенттің пікірі;
6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, оларға қосымшалар (транскрипт көшірмелері);
7) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскрипттің көшірмесі;
8) Осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет;
9) оқитын ЖОО-ның кадр қызметі растаған жеке іс парағы.
2.14. Алдын ала қорғау туралы есеп Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне тапсырылады.
Осы Ереже Академияның Ғылыми кеңесі бекіткеннен кейін күшіне енеді.