Аргумент құрылымы Түпнұсқа: Manchester Debating Union


Жүйелі ағыс (ағ. linear flow) деген не?



бет2/6
Дата21.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#125064
1   2   3   4   5   6
Жүйелі ағыс (ағ. linear flow) деген не?
Бұл сіздің аргументіңіздің басталған нүктесінен оның соңына дейінгі жол. Әрбір қадам сізді В нүктесіне апарады және ешқандай бұрылыстар мен адасулар болмайды. Әр ағыс әр ойында, әр қарарда әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олар бір біріне ұқсас.

  1. Алдымен, сіз шешкелі отырған проблемаңызды көрсетесіз, немесе қазіргі әлемнің құрылымын сипаттайсыз, яғни фрейминг құрасыз: мысалы, “БП ұжымдық кеңестерге гендерлік квота енгізеді” деген қарарда қазіргі статус кводағы бар проблеманы айтасыз. Әйелдер гендерлік теңсіздік кесірінен жоғарырақ лауазымдарға жете алмай жатырғанын, және төменгі класста қалып жатырғандығын айтсаңыз болады.

  2. Одан кейін, бұл проблема неден туындайтынын көрсетесіз: ненің әсерінен бұл проблема шықты. Мысалы, көпшіліктің жетістікке жеткен адамдар ер адамдар екеніне көбірек сенімі мол, ер адамдарға көбірек байесы бар екенін, сексизм жайлы айтсаңыз болады. Немесе ер адамдардың өз араларында ортасы бар екенін түсіндірсеңіз болады.

  3. Кейін, өз аргументіңіз бұл проблеманы қалай шешеді/шешпейді немесе бұл әрекет проблеманы жаман/жақсы жаққа өзгертетінін айтасыз. Маңызды: сіздің аргументіңіз жоғарыда айтылған проблемадарды түбіне жетіп, шешуі керек. Және бұл проблеманы тек осы механизм арқылы ғана шеше алатындығымызды, аргументіңіздің уникалдылығын көрсетіңіз.

  4. Және ең маңыздысы, бұл өзгеріс неге маңызды екенін дәлелдейсіз. Мысалы, енді әйелдер көбірек пайда таба бастайды немесе политикаға араласып, басқа да әйелдердің құқығын қорғай алады. т.б.

  5. Соңында салыстырасыз: неге сіздің әрекеттеріңіз бәрінен маңызды?

Біз бәріміз кино, сериал көргенді жақсы көреміз, себебі онда белгілі бір құрылым бар: басындағы жалпы әлемді бейнелеу, одан кейінгі конфликт, оның шешімі, және соңында жақсы аяқталуы. Сіз осы басты детальдарды өз спичіңізге сыйдыруыңыз керек. Кинода темп, яғни қарқындылық болмаса, ол қызықсыз әрі мәнсіз болады. Сол сияқты, спичте де фрейминг пен проблемаға көп көңіл бөлініп, көп уақыт алынса, проблеманың шешімі мен салыстыру, импакттарыңызға уақыт аз бөлініп, спичіңіз жетпей қалуы мүмкін. Сондықтан, бұл бөлімдерге уақыт бөлгенде абай болыңыз!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет