Аргумент құрылымы Түпнұсқа: Manchester Debating Union



бет1/6
Дата21.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#125064
  1   2   3   4   5   6

Аргумент құрылымы
Түпнұсқа: Manchester Debating Union

Пікірсайыста көп пікірсайысшылар аргументтерді дәлелдеуде қиналады. Тіпті, ол пікірсайысшының көп жылдық тәжірибесі болса да, төреші сізге толыққанды сенуі үшін, максималды шынайы спич беру үшін, сізге тағы да не қажет екенін түсіну абзал. Бұл үшін жүйелі ағыс (ағ. linear flow) немесе аргументтің ішкі құрылымын білу керек. Бірақ, оған көшпес бұрын пікірсайысшылар неге толық аргумент келтіре алмайды, соған тоқталайық:



  1. Көп маңызды тұстардың жетіспеуі. Адамдар нағыз дәлелдеу керек логикалық тізбектерді дәлелдемейді, әрине, бұны дер уақытында дұрыстау қиын, себебі, сіз шынымен де нені ұмытқаныңызды, сізге не жетіспейтінін төреші сізге үшінші немесе төртінші ранг беріп, осы нәрсе жоқтығын айтқанша білмейсіз. Аргумент оның артынан жүріп, оны түсінуге тырысатын төреші үшін емес, ішкі тексеріс үшін де жақсы болғаны маңызды: фрейминг, импакт, логикалық тізбектер толық қамтылғанын тексеріңіз.

  2. Нақты бағдардың жоқтығы. Көп пікірсайысшылар шынымен де ақылды немесе өте шынайы аргументтер келтіреді. Бірақ, төрешіге оның маңыздылығы және нақты не болатындығы, қандай импактқа жететіндігі түсініксіз болса, сіздің соншама дәлелдеген уақытыңыз босқа кетеді. Төреші бұл аргументтің қандай бағытта жүретіндігін, соңында қандай өзгерістер болатынын білмесе, оған сіздің сигналыңыз жетпесе, осы аргумент дебат контекстінде қаншалықты маңызды екені дәлелденбесе, төрешіге сіздің де аргументіңіз түсініксіз немесе маңызсыз болады.

  3. Онсыз да айқын немесе кіші әрі маңызсыз детальдарға көп уақыт кетуі. Көп пікірсайысшылар өздерінің көп уақытын көзқарас нүстесіне әсер етпейтін, дебатта да белгілі бір стратегиясы жоқ детальдарға құртады.

  4. Аргументке ілесудің қиындығы және шашыраңқылық. Төрешіге аргументтердің бір жерден екінші жерге секіріп жүруі өте қатты қиындық туғызады. Мысалы, бірінші импакт, одан кейін анализ, шешкісі келген проблема, және оның шешімі ретсіз және шашыраңқы айтылса, төрешінің бұл аргументіңізді сатып алу ықтималдылығы төмендейді.

Бұл қателіктердің бәрін белгілі бір жүйе арқылы, айқын жүйелі ағыс арқылы және дисциплина арқылы жөндей аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет