Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарын көрсетіңіз



бет8/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
16.Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарын көрсетіңіз
1) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас:

  • мүрид (шәкірт) ешкімді өзінің шейхынан (ұстазынан) артық санамауы және мойынсүнуы қажет (өйткені тариқатқа, рухани кемелдік жолына кірген шәкірт ұстазынан бөлек, өз бетімен жүріп-тұратын болса, оның рухани даму жолы жабылады);

  • өз шейхының халі мен ишараттарын түсіне білуі үшін ақылды, сезімтал болуы;

  • шейхының сөзі мен ісіне мұқият болуы;

  • адал қызмет етуі, жалған айтпауы, сертінде тұруы тиіс;

  • қажет болса, мүрид өзімен қоса барлық мал-мүлкін шейхының қажетіне беруге дайын болуы керек, өйткені "батин (ішкі) көзі" басқаша ашыла алмайды;

  • шейхының сырларын сақтауы, барлық насихаты, уағызы мен нұсқауларын орындауы тиіс;

  • Хаққа қауышу жолында шейхы үшін жанын беріп, оның досымен дос, дұшпанына дұшпан болуы кажет (бұл шарттар психологиялық негізде).

2) Түпкілікті 6 үкім (аһкам):

  • Алланы тану;

  • жомарттық;

  • шынайы адалдық;

  • йакиннің (шекеіз таным) моніне қанык болу;

  • тәуекел;

  • тафаккул (терең ой).

3) Шейх болушы: дін ғылымына қанық, жұмсақ мінезді, сабырлы, ықыласты, Хақ ризалығымен кауышқан, Хаққа жақын болуы тиіс.
4) Тариқаттың 6 міндеті (уажиб):

  • кемелдікке жетуте талаптану;

  • Хақка жақындауға тырысу;

  • Хаққа қауышу үшін жан сала ұмтылу;

  • Хақ жолында қауып пен үміт халінде болу;

  • үнемі зікірде болу;

  • үнемі Хақикат туралы сөйлеу.

5) Тариқаттың 6 түрлі дәстүрлі жолы (сунна):

  • көппен бірге намаз оқу;

  • таң сәріде ояу болу;

  • үнемі дәретті, таза болу;

  • өзін үнемі Алланың құзырында сезіну;

  • Алланы ешқашан естен шығармау (зікір ету);

  • салиқалы және кемел адамдарға, билеуші әмірге тағатты болу.

6) Тариқаттың 6 ерекше касиеті (мустаһаб):

  • қонақжайлылык;

  • жағдайына қарай қонақ күту;

  • конақтың коп қонуын ырыс деп білу;

  • қонақтың көп болуына көңіл бөлу;

  • қонақтың тілегін орындау;

  • Қожа Ахмет Ясауиге және өз уақытының шейхына дұға, тілек ету.

7) Тариқаттың 6 этикалық тәртібі:

  • екі тізерлеп, қарапайым, әдепке сай отыру;

  • өзін барлық адамнан төмен санау;

  • барлық адамды өзінен артық санау;

  • ұстаздарды құрметтеу;

  • шейхтардың алдында рұқсатсыз сөз сөйлемеу;

  • олардың айтқан ақылдарын естен шығармау.

8) Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің 4 шарты:

  • макан (кеңістік),

  • аман (уақыт),

  • михуан (бауырмалдық — өзара ынтымақтастық),

  • рабт-и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік).

9) Ясауи тариқаты — дауыстап зікір салатын "жаһри тариқат". Кейбір зерттеушілер — жаһри тариқатгың негізін салған Қожа Ахмет Ясауи деген пікірде. Ясауи тариқаты салатын зікір түрі сопылық әдебиеттерде көбіне "ара зікір" деп те аталады.
10) Ясауи тариқатындағы қылует — мүридтің бар ықыласын белгілі мақсатқа бағыттауы және кейбір арнайы зікірлер арқылы риязаттарды орындау үшін шейхтың мүридінің рухани халін қараңғы, сыртқы әлемнен жырақ орындарда, яғни жерден қазылған мекенде, белгілі уақыт ішінде торбиелеуі. Ясауи тариқаты 12 ғасырда МауераннахрТүркістанФерғана, яғни казіргі ҚазақстанӨзбекстанҚырғызстанТүрікменстан мен Тәжікстан аумақтарына таралды. Осы жерлерде Ясауидің ілімі мен рухани құндылықтарын жалғастырушылар өзіндік із қалдырды. Сондай-ақ түркі мәдениеті негізінде құрылған барлық тариқатгар осы тариқат негізінде калыптасты. Мұны Нақшбандийа мен Кубраийа (Нажмаддин Кубра) силсиласында Қожа Ахмет Ясауи шәкірттерінің кезігуінен көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет