Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет27/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Аты-жөні

Қолы

Жауапты маман







Психолог







Арнайы педагог







Логопед







Невролог дәрігері







ЕДШ дәрігері







ЕДШ педагогы







Әуенді ритмика педагогы







Бала дәрігері







Физиотерапевт







Емдік уқалау маманы







Әлеуметтік педагог







Тәрбиеші – педагог







2.3. Психофизикалық дамуын топтық бағалау хаттамасы
(баланың еркін іс-әрекеті мен берілген тапсырмаларға реакциясын сипаттау)



Топ құрамы

Өткізу уақыты

Келісемін

Қолы


















































































Ата-анасы:























2














2.4. Түзете-дамыта оқытудың басындағы баланың психофизикалық даму жағдайы:

      1. Дамудың әлеуметтік жағдайы

( бала мен ата-ана қарым-қатынасының ахуалы, отбасының ішкі қарым-қатынасы, отбасынан тыс қарым-қатынас)

      1. Психологиялық өзекті мәселелер

2.4.3. Сөйлеу тілінің дамуы:
(артикуляциялық аппаратының жағдайы, дыбыс шығару, фонетикалық есту қабілеті, импрессивті, экспрессивті сөйлеу тілі, буындық құрылым,байланыстыра сөйлеу, ауызша және жазбаша сөйлеу тілі)
2.4.4. Білім мен іс-әрекетті орындау тәсілдерінің қоры
( білім мен түсінік қоры, ойын, заттық әрекет, конструктивті қызмет)
2.4.5. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары
2.4.6. Моторика (ірі, ұсақ)



Бекітемін: « ____ » 20__ж.
Әдіскер (қолы) _________________

3.1 Түзете-дамыту бағдарламасы

Бағдарламаның құрылу уақыты:_________


Баланың аты-жөні: _____________________жасы:__________

Оқу кезеңі

Түзетудің негізгі мақсаттары

Міндеттері

Мақсатқа жету












Мамандар(саласы) ______________________________________________________________



    1. Түзету сабақтары аяқталған кездегі баланың психофизикалық даму жағдайы (I кезең, II кезең, III кезең)



3.3. Түзету көмегінің нәтижелері

  1. Балл бойынша бағалау (-1 – нашарлау; 0 – өзгеріссіз, 1 –жақсаруы; 2 – мақсаттың толық орындалмауы, 3 – мақсаттың орындалуы): ____________________________

түзете оқытудың аяқталу уақыты_______________________________
Қайда жіберілді (шығарылуы) ____________________________________


2. Мамандардың қорытындысы:

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым Министрінің
2017 жыл «___» ____
№ __бұйрығына
5-қосымша


Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің
Үлгілік қағидалары

1. Жалпы қағидалар

1. Осы Үлгілік қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттердің ведомостволық бағыныстылығы мен меншік түрлерінен тәуелсіз Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттердің (бұдан әрі - ППТК) қызмет тәртібін анықтайды.


2. ППТК арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыратын және мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.
3. ППТК өз қызметінде 2007 жылғы 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, осы Үлгілік қағидаларды, ППТК Жарғысын (бұдан әрі - Жарғы), сонымен қатар өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
4. ППТК міндеттері:
1) есту (кохлеарлы импланты), көру, сөйлеу тілінің қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында, эмоциялық-еріктік және тәртібінде, ақыл-ойында бұзылыстары мен оқуында қиындықтары бар және күрделі бұзылыстарға ұшыраған балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
2) мамандардың пәнаралық командасымен баланың проблемаларын жан-жақты кешенді зерттеу, командалық бағалау арқылы баланың мүмкіндіктері мен қажетті психологиялық, педагогикалық түзеу және әлеуметтік көмек түрін анықтау;
3) бала дамуының әлеуметтік жағдайын есепке ала отырып, жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу және құру;
4) топтық, шағын топтық және жекелей сабақ формасындағы түзете-дамыта оқытуды жүзеге асыру;
5) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауда жалпы білім беретін ұйым педагогтарына көмек көрсету.



  1. ППТК қызметін ұйымдастыру

5. ППТК облыс, республикалық маңызы бар қалаларда, астана әкiмiнiң шешiмiмен республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан және қалалық аудан орталықтарында құрылады.


6. ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарының негізінде 0 мен 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың келесі категориясына көрсетеді:
1) есту қабілеті бұзылған балалар (естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар);
2) көру қабілеті бұзылған балалар (көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалғандар);
3) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;
4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген балалар (0 ден 3 жас аралығындағы балалар);
5) әр түрлі дәрежеде көрінетін ақыл-ой кемістігі бар;
6) психикалық дамуы тежелген;
7) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалар (1-3 деңгейде сөйлеу тілінің жалпы дамымауы);
8) кохлеарлы импланты бар;
9) аутистік тұрғыдағы бұзылыстары бар және өзге эмоционалды-еріктік бұзылыстары бар балалар;
10) күрделі бұзылыстары бар балалар, соның ішінде көру және есту қабілетінен бірдей айырылған балалар;
11) мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында түзеу-педагогикалық көмек көрсетілмейтін балалар;
12) тіркелген білім беру ұйымдарында түзеу-педагогикалық көмек көрсетілмейтін үйде оқитын балалар.



  1. Түзете-дамыту процесін ұйымдастыру

7. Түзете-дамыта оқытудың мазмұны балалардың жеке мүмкіндіктері мен психофизикалық және сөйлеу тілінің даму ерекшелігіне байланысты Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттердің Үлгілік қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес жасалатын жеке дамыту бағдарламасымен (ЖДБ) анықталады. ЖДБ бала дамуының негізгі салаларын қамтиды: сөйлеу, танымдық, әлеуметтік-эмоционалдық, моторлы және өз-өзіне қызмет көрсету.


ЖДБ құру үшін баланың психофизикалық жағдайын командалық бағалау жүргізіледі. Командалық бағалау – түзету жұмыстарының басым бағыттарын анықтау үшін мамандар командасының баланы кешенді түрде тексеруі болып табылады (дефектологтар: олигофренопедагогтар, сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, мұғалім-логопедтер; педагог-психологтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар және тағы басқалары).
8. Балаға түзете көмек көрсетудің жеке дамыту бағдарламасы ППТК меңгерушісімен бекітіледі.
9. ППТК – дағы түзете-дамыту процесін ұйымдастыру Оқу жоспарымен, жылдық, күнтізбелік жоспарлармен және сабақ кестесімен реттеледі.
10. ППТК-дағы мүмкіндігі шектеулі балаларға түзете-дамыту тұрғысынан оқытуды ұйымдастырудың формалары: жеке, шағын топтық және топтық сабақтар, кеңес беру сабақтары, қысқа мерзімді топтар.
11. Сабақтың ұзақтығы баланың жасына байланысты және Оқу жоспарына сәйкес өтеді:
1) жеке сабақтар – 35- 45 минут;
2) мектепке дейінгі жастағы кішкентай балаларға арналған топтық сабақтар - 30-35 минут;
3) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған топтық сабақтар– 45 минут.
12. Оқу жоспарына және түзете-білім беру процесін ұйымдастырудың жеке дамыту бағдарламасына сәйкес ППТК-да жеке және топтық сабақтар үшін арнайы жабдықтар мен ғимарат қажет (дефектологтар: олигофренопедагогтар, сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, мұғалім-логопедтер кабинеттері, педагог-психолог кабинеті; көру, есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған көруді түзету және естуді қабылдау кабинеттері; сенсорлы және жұмсақ бөлмеле, музыкалық ырғақ және тағы басқалары);
13. Балаларды ППТК бағыттау және қабылдау ата-ананың (заңды өкілдері) келісімімен жасалған ПМПК қорытындысы бойынша іске асады. ППТК-ға қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
14. Әрекеттің негізгі бағыттары мен мазмұнына байланысты ППТК-дағы штаттық кестеде дефектолог (олигофренопедагог, логопед-мұғалім, сурдопедагог, тифлопедагог), педагог-психолог, әлеуметтік педагог,емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық ырғақ педагогы, әдіскер, тәрбиеші, медбике-массаж жасаушы, бухгалтер, тіркеуші, басшы қызметтері қарастырылады.
15. ППТК-да түзеу жұмыстарын арнайы педагогика аумағында жоғары кәсіби білім алған педагогтар немесе арнайы педагогика және психология бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтар жүзеге асырады.
16. ППТК басқару Қазақстан Республикасы заңнамасына, ППТК Жарғысы мен осы Қағидаларға сәйкес меңгерушімен жүзеге асырылады.

Психологиялық-педагогикалық


түзеу кабинеттері қызметінің
үлгілік қағидаларына
1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет