Дәптері қҰрастырған педагог-психологтар



бет1/31
Дата13.02.2023
өлшемі156,12 Kb.
#67627
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ №37 ФУРКАТ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП
ЕРЕКШЕ НАЗАРҒА АЛЫНҒАН ОҚУШЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДӘПТЕРІ




ҚҰРАСТЫРҒАН ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАР:
Р.Р.ОМАШЕВА, А.А.МАУЛЕНОВА


ШЫМКЕНТ
Түсінік хат.
Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарын бағындап оның алдын алудың, жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла амалдарын іздестіру біздің басты міндеттеріміздің бірінен саналады.
Девиантты мінез – құлық пен біздің мемлекетіміздің ғана емес, әрбір әлеуметтік қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Психологиялық диагностика
І.Психологиялық диагностика – жеке тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностикалық іс-шараға кіріспестен бұрын, оқу жылы басында өзара келісім шарт негізінде, ата-аналар жиналысы барысында тестілеудің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау арқылы оны жүзеге асыру қажет.
II.Психологиялық түзету – балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик-психологтан жоғары базалық психологиялық білімді және арнайы психологиялық дайындықты талап етеді. Жаңадан жұмыс бастаған психологтар психологиялық дамыту бағдарламаларын тереңірек зерттеп қарастырған дұрыс.
«Ерекше назарға алынған балалармен жүргізілетін психологиялық сүйемелдеу бағдарламасы (5-11 сынып)
Бағдарлама мақсаты:
Ерекше назарға алынған балалардың психологиялық дайындық дағдыларын
қалыптастыру, өз-өзіне сенімділіктерін жоғарылату.


Міндеттері:
- Оқушылардың эмоционалдық және физикалық қысымдарын азайту
- Стресске төзімділік деңгейін көтеру;
- Тез есте сақтау тәсілдерін үйрену;
- Психологиялық қолдау көрсету;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет