Қарттардағы жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, емі Атеросклероз


кесте. Гипертониялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы



бет10/17
Дата19.09.2023
өлшемі60,34 Kb.
#108543
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
5 кесте. Гипертониялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы

Криздің ерекшелігі

І типті

ІІ типті

Басты патогенездік 
ықпалы

Адреналин

Норадреналин

 Пайда болу уақыты

АГ-ның ертелеу сатылары

АГ-ның кештеу сатылары

Барысы

Жеңіл

Ауыр

Дамуы

 Тез

Біртіндеп, баяу

Гемодинамикалық
ерекшеліктері

Жүрек шығарымының
басым ұлғаюы

Тамырлардың шеттік 
кедергісінің басым 
күшеюі

Басым жоғары-лайтын артериялық 
қысым

Систолалық

Диастолалық

Басты клиникалық
белгілері

Бас ауыруы, үрейлі сезім 
билеуі, жалпы қозу, 
дененің дірілі, жүрек 
қағуы; мойыннын, кеуде-нің терісінде қызыл 
дақтардын пайда болуы

Бастың қатты ауыруы, 
жүрек айну, құсу, көз 
көруінің бұзылыстары, 
яғни ми сауыт-ішілік 
қысымның биіктеу 
белгілері

Созылу ұзақтығы

Қысқа - бірнеше сағат, өте 
сирек - бір тәулікке дейін

Ұзақ - бірнеше сағаттан 
бірнеше тәулікке дейін 

Асқынулардың
болуы

Тән емес

Инсульт, ми 
канайналымының өтпелі 
бұзылыстары, миокард 
инфаркты, стенокардия, 
жүректік астма, өкпенің
ісінуі, көз көруінің 
бұзылысы

Осы жағдайларда бас миы немесе ішкі ағзалардан болуы мүмкін кайтымсыз бұзылыстарды алдын алу, керек болса адамның өмірін сақтап қалу мақсатымен АҚ өте тез, 1 сағаттың ішінде төмендетілуі тиіс. Мұндай науқастар интенсивті терапия немесе реанимация бөлімшелеріне жедел түрде жеткізілуі керек, криздің бұл түрінде гипотензиялық дәрмектерді міндетті түрде вена ішіне салудан бастап, кейін ішуге беретін түріне ауыстырады.
2. Асқынбаған криз. Асқынуы жоқ гипертониялық кризге жатқызылатын 
жағдайлар:
• 140 мм с.б.б. жоғары, асқынуы жоқ диастолалық гипертензия;
• асқынуы жоқ артериялық гипертония;
• операциядан кейінгі кезеңдегі асқынуы жоқ гипертензия.
Бұл кризде АҚ 12-24 сағаттың көлемінде баяу төмендетіледі.
Артериялық гипертонияның емі 
Емнің нәтижесіне койылатын үш мақсат:
Біріншісі (алғашкы мақсат) - АҚ-ды оптимальді денгейге төмендетіп, тәулік бойы сол деңгейіде ұстау. Оптимальді немесе мақсаттық АҚ егде жастағыларға 140/90 мм.с.б.б. құрайды. АҚ-ның осы деңгейінде жүрек-тамыр жүйесінен туындайтын асқынулар өте аз кездескен. Диастолалыққысымды 5-7 мм с.б.б. төмендетудің бір өзі ми инсультін 35-40%-ға, миокард инфарктын 15-20%-ға, жүрек-тамыр асқынуларынан өлімді 21%-ға азайтқан. Асқынулардың ең аз саны ДАҚ 83 мм с.б.б. деңгейінде болған, егде жастағы науқастарда АҚ-ды 130/85 мм с.б.б. артық төмендеубұдан да тиімді.
АҚ-ды біртіндеп баяу төмендеткен маңызды саналады, әсіресе цереброваскулярлық немесе коронарлық аурулары бар науқастарда, мәселен, мақсаттық қысымға келтіру үшін, шамамен, 6-12 апта кетеді.
Мақсаттық қысымның деңгейі қауіптілік тобына бағытталуы тиіс. 
Қауіптілік неғұрлым жоғары болса, соғұрлым АҚ-ды оптимальді деңгейде қатаң ұстау маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет