Асқорыту жүйесі биохимия асқорыту туралы түсінік


Бауыры ауыратын науқасқа неліктен майлы тамақты



Pdf көрінісі
бет22/22
Дата12.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#92704
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
29. Бауыры ауыратын науқасқа неліктен майлы тамақты 
шектейді. 
Май қышқылдары, бауырда, ацетаттық блоктардан синтезделеді. Сонан кейін 
майлар мен фосфолипидтердің құрамына қосылып қанға липопротеиндер 
формасында түседі. Май қышқылдары бауырға қаннан да түсе алады. Ағзаны 
энергиямен қамтамасыз ету үшін бауырдың май қышқылдарын кетондық 
денелерге айналдыруы да маңызды болып табылады. 
Холестерин синтезі бауырда, ішекте, теріде,бүйрекүсті бездерінде, ұрықта, 
плацентада, аналық бездерде жүреді. Холестериннің 80 пайызы бауырда 
түзіледі.
Бауырда липитті заттардың – бейтарап майлардың ,май қышқылдарының, 
фосфолипиттердің, холестериннің алмасуының айрықша маңызы бар. Май 
алмасудың бұзылуы былайша бөлінеді: 
1.Бауырдан микропротеидтер құрамында триглицеридтермен майлы 
қышқылдардың бөлінуінің тоқталуы; 
2.бауырда майлардың тотығуының бұзылуы, соның салдарынан май 
инфильтрациясының п.б-уы; 
3.кетон денешіктерінің көптеп п.б. 


4.холестерин синтезінің өзгеруі. 
Май алмасу бұзылу салдарынан бауырда май инфильтрациясы өршиді, кетон 
денешіктері көптеп п.б. және холестерин синтезі өзгереді. 
30. Бауырда өт қышқылдарының синтезі бұзылғанда неліктен 
өт-тас ауруына соқтыратынын түсіндіріңіз. 
Бауырдың секреторлы және экскреторлы қызметтері біріктірілген. Өйткені 
бұлар өт синтезі (өттің түзілуі) мен және оның бауырдан секрециялануымен 
(өттің шығарылуы) байланысты. Бауыр жасушалары тәулігіне 500-700 мл өт 
түзеді. Өттің түзілуі үздіксіз өтеді. Алдымен біріншілік өт түзіледі, одан кейін 
бауырлық өт түзіледі. 
Өттің түзілуін түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Секреторлы-сүзгіштік 
механизм кең қолданылады. Гепатоциттер фосфолипидтерді, холестеринді, өт 
қышқылдарын және өт пиғменттерін синтездеп, с дан кейін оларды активті 
тасымалдау жолымен өт жолдарына секрециялайды, сонымен қатар су да 
секрецияланады. Осылайша біріншілік өт түзіледі. Ол өт жолдары арқылы 
өтіп, қан плазмасымен жанасады, сүзілудің нәтижесінде біріншілік өтте 
электролиттер, альбуминдер және қанның құрамындағы басқа да заттар пайда 
болады. Өт пен қан плазмасы арасында электролиттер тепе-теңдігі 
қалыптасады. Сондықтан өтте қан плазмасындағы концентрациясына жақын 
мөлшердегі заттар (натрий, калий, хлор, креатин) болады, олар кан 
плазмасынан 
өт 
жолдарына 
сүзіледі. 
Өтте 
қан 
плазмасындағы 
концентрациясынан айтарлықтай жоғары мөлшердегі заттар (билирубин. от 
қышкылдары) бар, бұл заттар бауырда түзіліп, бауырмен секрецияланады. 
Бауырлық өт осылайша түзіледі. 
Бауырлык өттің түсі сары, ондағы судың мөлшері 97,4%, ал құрғақ заты 2,6% 
құрайды, меншікті салмағы 1,010, pH - 6,8. Оның құрамында өт қышқылдары, 
өт пигменттері, белоктар, липидтер, бейорганикалық қосылыстар болады. 
Бауырлық өт өт қапшығына түсіп, су мен электролиттерінен айрылып, өт қабы 
өтіне айналады. Өт қабы өтіндегі негізгі заттардың мөлшері бауырлық өтпен 
салыстырғанда 5-10 есе артық болады. Өт қабындағы өттің түсі жасылдау, 
меншікті салмағы жоғарырақ (1,026-1,050), pH - 7,5-8,0. Өт қабы өтінде 
альбуминдер болмайтынын ескерген 
жөн. Белоктардан негізінен муциндер болады. Сонымен, өттің негізгі құрамдас 
бөліктері: өт қышқылдары мен олардың тұздары, фосфолипидтер, холестерин, 
тікелей билирубин, белоктар (муциндер), тироидты гормондар (Т., Т ), 
витаминдер (Вс, В, Е, А). Өтте холестерин, фосфолипидтер, өт қышқылдары 
белгілі бір арақатынаста 1:2,5:12,5 болады. Осы арақатынастың сақталуы 
нәтижесінде холестерин еріген күйде болады. Өт қабының өті ащы ішекке 
түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет