Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет24/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   249
лылығы немесе полисемия деп атайды.
Көпмағыналы сөздер көркем шығармаларда көп қолданылады. 
Екі күймек бір жанға әділет пе,
Қаны қара бір жанмынжаны жара.
Ашиды жаның, қайнайды қаның,
Мінездерін көргенде....  
(Абай)
Мұнда  ақын  Абайдың  жан  сөзін  мынадай  бірнеше  мағынада 
қолданып  тұрғанын  мәтін  контексінен  байқауға  болады:  жанға 
(лицу), жанмын (я человек), жаны (душа), ашиды жаның (сочув-
ствуешь). Сондай-ақ, қанат және көз сөзінің де көпмағыналы сөз 
екендігін төмендегі кесте арқылы танысып көруге болады.


27
Кәсіби қазақ тілі
«Қанат» – құстар мен шыбын-шіркейлердің 
ұшып-қонатын дене мүшесі.
(У птиц и насекомых – орган, служащий для летания).
Құс қанаттарын қағады. Птица машет крыльями.
 (Ұшу мүшесі. Орган летания.) 
Ұшақтың қанаты. Крыло самолёта.
(Ұшу аппаратының бөлігі. Часть летательного аппарата.) 
Алдыңғы қанаттың зақымдануы. Повреждение переднего 
крыла.
(Автомобильдің бүйір жағы. Боковая часть автомобиля.)
 Үйдің сол қанаты. Левое крыло дома.
(Ғимараттың бүйір жағы. Боковая часть здания.)
Құс биікке қанатының 
арқасында ұшады. 
Птицы могут подниматься на 
высоту благодаря крыльям.
Бізді Павел Федорович Садырин 
өз қанатының астына алды. 
Нас под свое крыло взял Павел 
Федорович Садырин.
Қанаттарын жазу.
Расправить крылья. 
Көпмағыналы (мәнді) сөздің бір тілде жалғыз, басқа тілде көп 
мәнді болуы мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде «бауыр» сөзі мынадай 
мәндерге ие:
Мен кішкентай бауырымды сағындым – я скучаю по младшему 
братику.
Бауыр басу – привыкать; сильно привязаться. 
Ет бауыр – кровный (о родственниках). 
Тас бауыр – жестокий, немилосердный. 
Бауырым! – брат мой! (обращение). 
Бауырына қысу – прижимать к себе. 
Қаз бауыр бұлт – перистое облако. 
Таудың бауырында – на склоне горы.
Бауырымен жорғалаушылар – пресмыкающиеся. 
(Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 131-132).
Орыс  тілінде  «печень»  сөзі  тура  мәнді  ғана:  «крупная  железа 
человека  и  животных,  вырабатывающая  желчь  и  участвующая  в 


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет