Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет40/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
ЖОО, жер, кеден, қала, күн, көше, кешен, мұражай, ресми, су, теле-
дидар, төлқұжат, тікұшақ, ҰБТ, халық, хаттама.
5-тапсырма. Тілімізге енген араб-парсы сөздерін үш сала бой-
ынша бөліп жазыңыз және аударыңыз. 
Үлгі:
1. Ғылым, мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты: мәдениет.
2. Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: жиһаз.
3. Дінге байланысты: рамазан.
Керекті сөздер: тарих, парақ, құран, имам, сарай, мақта, бағ-
бан,  дұшпан,  халва,  әдебиет,  шариғат,  мүфти,  шарап,  медресе, 
дарбаза, ораза, дұға, емтихан, тәржіме, зембіл, құрбан, мектеп, 
бұқара, қабілет, құдірет, мешіт, мағлұмат, әулие, сәлем, ғылым.
6-тапсырма. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз және 
мәтінге ат қойыңыз.
Университет негізін 1992 жылы Рахман Алшанов, Қуаныш Та-
забеков,  Орақ  Әлиев  сынды  белгілі  экономист-ғалымдар  қалады. 
Жаңа нарықтық механизмдер әлі қалыптасып болмаған жас мем-
лекетімізге  жаңаша  ойлап,  шешім  қабылдайтын,  жаңа  форматта 
жұмыс  істей  алатын  білікті  кадрлар  қажет  болғандығы  белгілі. 
Осы  бағытта  Тұран  университеті  инновациялық  типтегі  бірінші 
жоғарғы оқу орны болып, өсіп келе жатқан жаңа нарықтық эконо-
мика  үшін  жаңа  мамандар  дайындай  бастады.  Өйткені  нарықтық 
экономикаға  көшкен  сол  жылдары  елімізде  аудитор,  маркетолог 
сынды қажетті мамандар жоқтың қасы болды. Сондай-ақ, туризм 
саласының мамандарын даярлауды да алғашқылардың бірі болып 
бастады.
Өзінің даму тарихында «Тұран» оқытудың толық циклын – ли-
цей – колледж – бакалавриат – магистратура-докторантура PhD – 
диссертациялық  кеңес  құрамы  мен  «вертикальді»  оқыту  жүйесін 
қамтамасыз  етіп  отыр.  Оқыту  жүйесінде  білім  беру  мемлекеттік 
және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ халықаралық 
құқық және туризм салаларында ағылшын тілі кеңінен оқытылады. 
Соңғы жылдары қытай тіліне де сұраныс артуда. 
(Ботагөз Әбдірейқызы).


41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет