Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет39/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Термин  сөздер  –  ғылым,  техника,  өндіріс  т.б.  саласындағы 
ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер. 
Қазақ тіліндегі термин сөздер 2 түрлі жолмен жасалған.
 1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздер-
ден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы
комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөз-
дерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы
музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұ-
жат т.б.


39
Кәсіби қазақ тілі
2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөз-
дер: коэффициент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, гло-
бус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.
Терминдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, бір мағыналы бо-
лып келеді. Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.
Терминдердің жасалу жолдары:
1. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір терминдер орыс, араб, еуропа 
тілдерінде  қалыптасқан  үлгісінде  жұмсалады:  квадрат,  синоним, 
эпос, поэзия т.б.
2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: кеден – таможня, әмбе-
бап – универсал, кешен – комплекс, хаттама – протокол, ғарыш 
– космос.
3. Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалады. 
а)  Сөздерді  біріктіру  арқылы  жаңа  термин  жасалады:  әнұран  – 
гимн, төлқұжат – паспорт, әуежай – аэропорт, елтаңба – герб т.б.
ә) Қысқарту тәсілі негізінде жасалады: БАҚ (Бұқаралық ақпарат 
құралы)  –  СМИ  (Средства  массовой  информации),  ЖОО  (Жоға-
ры  оқу  орны)  –  ВУЗ  (Высшее  учебное  заведение),  ҰБТ  (Ұлттық 
бірыңғай тест) – ЕНТ(Единый национальный тест), БҰҰ (Біріккен 
Ұлттар Ұйымы) – ООН (Организация Объединенных Наций) т.б.
Ғылымдар саласы бойынша терминдер.
1) Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, 
морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метони-
мия т.б. 2) Әдеби-өнер терминдері: проза, комедия, драма, опера, 
сатира, поэзия, эпос, консерватория, либретто, дирижер т.б. 3) 
Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент 
т.б. 4) Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер 
т.б. 5) География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, 
Азия, Африка, масштаб, тайфун, карта т.б. 
4-тапсырма.  Жалпылама  қолданылатын  сөздерді  бір  бө-
лек, термин сөздерді бір бөлек бағаналарға бөліп жазыңыз. Термин 
сөздердің  қандай  тәсілмен  жасалғанын  анықтаңыз  және  ауда-
рыңыз.
Ақпарат, аудармашы, ауа, әуежай, әмбебап, әнұран, бағдаршам,
бейнебаян, БАҚ, билік, БҰҰ, ғарыш, ермексаз, елтаңба, ел, жазушы, 


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет