«астана аймақТЫҚ электржелілік компаниясы» акционерлік қОҒамындағы сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл саясаты


Қоғам қызметі саласында туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде



бет17/19
Дата07.04.2022
өлшемі56,7 Kb.
#30150
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
5. Қоғам қызметі саласында туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде:

- сұрауларды қабылдаудан негізсіз бас тартуға, оларды қарау кезінде әуре-сарсаңға салуға және дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактілеріне жол бермеуге;

- жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға;

- дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;

- рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге;

- нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге;

- қоғам қызметкерлерімен, не тәуелділіктегі адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

- іскерлік этика кодексін сақтауға;

- өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Қоғам басшылығының және(немесе) Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;

- Қазақстан Республикасының Заңында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге;

-Қоғам қызметкерлерін естімейтін немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеуге;

- азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

- басшылардың тапсырмаларын, Қоғамның лауазымды тұлғаларының лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;

- Қоғам қызметкерлерінің жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге;

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына және Қ оғамның комплаенс-офицеріне жүктеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет