Атомдағы электрондардың қозғалысы Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері



бет12/21
Дата14.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#113877
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Металдақ байланыс Металдар сыртқы қабаттағы элеткрондарын өте оңай жоғалта алады, және олардың барлығы электрондар “теңізін” құрайды. Электрондарын жоғалтқан атомдар катион деп аталатын оң иондарға айналады. Бұл катиондар тор деп аталатын үлкен, тұрақты, үш өлшемді құрылымда орналасқан. Металдардағы байланыс металдық байланыс деп аталады, ол – электрондар теңізі мен оң металл катиондары арасындағы тартылыс. Байланыс әдетте өте мықты, сондықтан металдардың көбіне балқу температурасы жоғары болады. Электрондар белгілі бір атомға байланыспағандықтан, өте оңай қозғала алады. Егер металды батареяға жақындатсақ, электрондар бір бағытта қозғалады, зарядтың осы қозғалысы электр тогы деп аталады. Сондықтан барлық металдар электр тогын жақсы өткізеді.
1 Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
A – барлық металдар электр тогын жақсы өткізеді
B – металл атомдары сыртқы электрондарын өте оңай жоғалта алады
C – металл атомдары өзара жеңіл иондық байланыспен байланысқан
D – металдар үлкен торлы құрылыстан тұрады
2 Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
A – оң металл иондары электрондар теңізіне қарай тартылады
B – металл электр тогын өткізгенде, оң металл иондары қозғалады
C – электрондар теңізі өзара жеңіл әрекеттеседі
D – металл иондары бір-бірінің үстімен сырғи алады
3 Металдар неліктен иілгіш (пішінге оңай келтіріледі)?
Жауабы: Металл сығылғанда, металл катиондарының қабаты бір-бірінің үстімен сырғиды да, электрон теңізі бос кеңістіктерге қарай ағады. Металл сынбайды, бұзылмайды, тек өз пішінін өзгертеді.
2 Алтын сақиналар неліктен таза алтыннан жасалмайды?
Жауабы: Қорытпа – металдар мен өзге элементтердің, әдетте бір металл мен өзге металдың қоспасы. Қорытпаның мысалы ретінде қола (мыс + қалайы), жез (мыс +цинк ), дәнекер (қорғасын + қалайы) және болатты (темір + көміртегі) айтуға болады.
Таза металдар көбіне жұмсақ болады, ал металға шамалы өзге атомдарды қоссақ,оның атомдарына бірінің үстімен біріне сырғуға қиынырақ бола түседі. Яғни, қоспалар, таза металдарға қарағанда әлдеқайда мықтырақ. Алтыннан жасалған алтын сақиналарға мыс немесе күміс қосылады, әйтпесе олар өз пішінін өте оңай жоғалтар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет