Атомдағы электрондардың қозғалысы Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері



бет13/21
Дата14.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#113877
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Иондық байланыс деген не? Иондық байланыс – оң зарядталған иондар (әдетте металдар), мысалға натрий иондары Na+, мен теріс зарядты (әдетте бейметалл) иондардың, мысалға хлор иондары Cl арасындағы тартылыс. Иондардан жасалған қосылыстар оң және теріс зарядты иондардың үлкен торынан тұрады. Иондар арасындағы тартылыс электростатикалық тартылыс деп аталады. Иондарды бір-бірінен ажырату энергияның көп мөлшерін қажет етеді, сондықтан көптеген қосылыстар иондардан жасалады, мысалы ас тұзы не натрий хлориді NaCl, оның балқу және қайнау температурасы өте жоғары. Сондықтан, тұзды суды қайнатқанда, тұз түбінде қалады да, қайнау температурасы
1 Иондық байланыс, әдетте қандай элементтер арасында болады?
A – екі металл элементтері
B – металл және бейметалл элементтері
C – екі бейметалл элементтері
D – периодтық кестеде бір топта орналасқан элементтер
№2 ас тұзындағы натрий ионының электрондық конфигурациясы
A – [2,8]+
B – [2,8,1]+
C – [2,8,8]+
D – [2,8,8,1]+
3 Ас тұзы иондардан тұратын болса, неліктен тұз қосылған тағамнан ток соқпайды?
Жауабы :Иондық байланыста миллиардтаған оң зарядты иондар мен теріс зарядты иондар болады. Бірақ оң және теріс зарядты иондар саны тең, сондықтан толық заряд нөлге тең болады.
4 Тұз секілді иондық қосылыстар неліктен электр тогын металдар сияқты өткізбейді?
Жауабы: Иондық қосылыстар электр тогын өткізе алады, тек қатты күйде өткізе алмайды. Қатты натрий хлориді электр тогын өткізе алмайды, себебі натрий иондары мен хлор иондары бір орында бекіген және қозғала алмайды. Алайда, егер натрий хлориді балқыса не суда ерісе, иондар ыдырап, еркін қозғалады. Еріген натрий хлориді де, натрий хлоридінің ерітіндісі де электр тогын жақсы өткізеді.Металдар өте жақсы өткізгіштер, себебі электрондар металл құрылысы бойымен еркін қозғалады.

9. Ерітінділер және ерігіштік



  1. Айжан стол үстінде құтыда сірке қышқылы(уксус) тұрғанын Айгулге айтты: қарашы сірке қышқылының сыртқы қағазына назар аударшы. Не байқадың? Айгул қағазда сірке қышқылының 70% көрсетілгенін байқады. Бұл пайыздық көрсеткіш нені білдіреді деп Айжаннан сқрады.


1. Кәуап жасау кезінде сірке қышқылының 9 % ерітіндісі қолданылады. Неге кәуап жасауда сірке қышқылының 70 % қолданылмайды? Анықта:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Ардақ пен Азамат әр дақты кетіре алатын еріткішпен сәйкестендіру туралы бәстесіп қалыпты. Екеуінің нәтижесі қандай болды деп ойлайсың?





Май

Су

Бояу

Спирт

Сия

Керосин

Қан

Уайт-спирт

3. Егер ыдысқа жылы су құйып, шикі жұмыртқа салсақ, ол батып кетеді. Сосын оған тұз кристалдары ерімей қалғанша тұз қосамыз. Жұмыртқаны қайта батырғанда ол қалқып бетіне шығады. Неге?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып, бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті. Неге?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Айша массалық үлесі 15 %-дық ас содасының 80 г ерітіндісінен тәтті бәліш дайындау үшін қанша грам ас содасы және қанша грамм су қажет деп ұзақ ойланды, сен қалай ойлайсың досым?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

10. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс


1. Қышқылдарды 2 үлкен категорияға бөлуге болады:
- Күшті (химиялық белсенді) қышқылдар, кейде бейорганикалық деп те аталады. Көміртегі атомдары жоқ қышқылдар күшті қышқылдар болып табылады. Олар химиялық дәрі-дәрмек, жарылғыш заттар, тыңайтқыштар, бояулар, пластмасса және синтетикалық талшықтар жасауда қолданылады. Күкірт қышқылы, фосфор қышқылы сияқты күшті қышқылдар басқаларына қарағанда көбірек қолданылады.
- Әлсіз (сұйытылған) қышқылдар. Әлсіз қышқылдардың құрамына көміртегі атомдары кіреді. Олар суда түгелімен диссоцияланбайды. Бірақ көптеген әлсіз қышқылдар органикалық еріткіштерде ериді. Әлсіз қышқылдар сусындар, косметикалық заттар, сабын, жуғыш заттар, тамақ, пластмассадан жасалған заттар және дәрілерді өндіруде қолданылады. Әлсіз қышқылдарды бейорганикалық қышқылдар деп те атайды. Әлсіз қышқылдарға құмырсқа қышқылы, сірке қышқылы, сүт қышқылы және лимон қышқылы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет