262
Сатылай кешенді талдау технологиясы – оқыту мақсаты, міндеттері, əдіс-тəсілдері, өзін-
дік ерекшелігі бар жəне оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді мең-
гертіп, оқушыны ұлттық құндылықтарды бағалауға, қолдана білуге машықтандыратын оқы-
ту жүйесі. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тіл білімінің мазмұны мен жүйесін,
оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын жəне əдеби
тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыруда маңызды бо-
лып саналады. Ол оқушылардың тіл туралы біртұтас ұғым алуына бағытталады [6, 12 б.].
Қарқынды оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік жəне
шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған технология. Бұл оқыту технологиясы тілдерді үйретуде алға қойған мақсатқа
өзіндік ізденіс арқылы жетудің тиімділігін, нəтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни
қарқынды оқыту технологиясы берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткі-
зе отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге, кəсіби шеберлігін
шыңдауға ықпал етеді [7, 9 б.].
Проблемалық оқыту технологиясы шығармашылық жұмыстарды орындау барысында
оқушылардың тың проблеманы өздігінен шешуге дағдыландыру, кез келген өмір жағдаятта-
рынан жол тауып шығу машықтарын жетілдіруді көздейді. Проблемалық оқытуда мұғалім
оқушылардың танымдық белсенділігі мен практикалық іскерліктерін өзара тығыз бірлікте
жетілдіруге мүмкіндік алады. Оқушының даралық қасиеттері мен таным қабілеттері сол про-
блеманы өзгелермен бірлесе шешуде ұштала түседі.
Ізгілендіру технологиясының ерекшелігі – ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру;
баланың еркіндікке құмарлығын арттыру; əдемілікті, əсемдікті сезіну, оны қабылдау; ата-а-
намен бірлесіп жұмыс істеу, оқыту арқылы тəрбиелеу. Демек, ізгілендіру технологиясы де-
геніміз – жаңа заманға бейімделген интеллектуалды жəне рухани бағытта өзін-өзі жетілдіре
алатын тұлға дайындаудың біртұтас жүйесі [8, 7 б.]
Сонымен, оқытудың инновациялық технологиясы – оқу-тəрбие үдерісінің шығар-
машылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін жəне оқыту мен
тəрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін; адамның жеке қабілеті мен ұсынылатын материалдың
танымдық міндетін өзара бірлікте жүзеге асыратын; оқушының шығармашылық мүмкіндігін
дамытуға бағытталған; жүйелі білім беруге негізделген сапалы оқыту тəсілдерінің жиынтығы.
Кəсіптік мектеп оқушыларының қатысымдық-танымдық белсенділігін арттыруда, айна-
ласындағы жолдастарымен араласу жағдайында олардың коммуникативтік құзіреттілігінің
мəні зор. Тілдік қарым-қатынаста оқушылар бірде тыңдаушы болса, бірде сөйлеуші болады.
Сондықтан оқушылардың мемлекеттік тілде ұғынықты сөйлесуде ойын толық, еркін жеткізу
біліктері мен дағдыларын қалыптастыру қажет. Осыған орай қазақ тілін оқытуда технология-
ны қолданудағы басты мақсат – студенттерге тек қазақ тілінің заңдылықтарын меңгерту ғана
емес, оқушыны сөйлеуге, өз ойын анық та жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: