Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет152/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   255
Байланысты:
zhinak

Пайдаланған əдебиеттер
1. 
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы 
Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы-
ты» атты Жолдауы
2. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен 
бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.
3. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жар-
лығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл-
дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жар-
лығымен қабылданған Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ МƏНІ МЕН МАҢЫЗЫ
М.Əлібаева – 
педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
 С.Нұрғали – 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Қазіргі кезеңде еліміздің экономикалық-əлеуметтік саласында жүргізіліп жатқан рефор-
малар білім беру салаларын да кең қамтып отыр. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді 
жастардың қолында. Сондықтан отандық білім жүйесінде мемлекеттің ұстанған саясатының 


261
ауқымы кеңейіп, білім беруді жаңғырту, жаңарту талабына сай оқыту үрдісін технологиялан-
дыру жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуде. Бұл отанымыздың əлемнің алдыңғы елдер 
қатарына қосылу мақсатынан туындауда. Елбасы Н.Назарбаевтың: «Білім беру реформасы 
– Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса 
маңызды құралдардың бірі» [4] - деп, тұжырымдауы білім беруді технологияландыру жұмы-
старына мемлекет тарапынан қаншалықты маңыз беріліп отырғанын көрсетеді. 
Мемлекеттік тілде саналы жəне ұғынықты қарым-қатынасты жүзеге асыру – еліміздің 
басты мəселелерінің бірі. Осыған орай кəсіптік мектептерде мемлекеттік тілді жаңа иннова-
циялық технологиялар арқылы оқыту жолдары қарастырылуда. Сондықтан бүгінгі күні қазақ 
тілін басқа тілді аудиторияларда оқыту əдістемесі жаңа инновациялық технологиялармен
жаңа əдіс-тəсілдермен толығып жатыр.
Ғалым Ж.Қараев: «Мектептерге дəстүрлі əдістер мен тəсілдерден гөрі тиімділігі жоға-
ры жаңа сападағы дидактикалық құрал қажет. Дүние жүзі педагог ғалымдарының пайымда-
уынша, мұндай құрал болып оқытудың педагогикалық технологиясы табылады. Сол себепті 
қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру – педагогикалық ғылым мен прак-
тиканың жаңа, болашағы мол бағыты болып отыр», -дейді [5, 1 б.]. Демек, қоғам талабына 
сай білім берудің сапасын көтерудің негізгі жолы педагогикалық технология екендігін ғылы-
ми тұрғыдан да, практикалық жағынан да дүние жүзінің педагог-ғалымдары дəлелдеп отыр. 
Педагогикалық технология – оқу-тəрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойласты-
рылған көптеген факторлардың үйлесімділігі жəне оқыту мен тəрбиенің тиімділігін қамтама-
сыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Бір технологияның өзі оны қолданушылардың шеберлігіне байланысты əр қилы жүзеге 
асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму 
бағыты мен үрдістерін қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүр-
гені мəлім. Білім беру бағытындағы қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технология-
ның басты міндетіне мыналар жатады:
– білім алушыны ынталандыру, өзіне деген сенім ұялата білу;
– əрбір оқушының жеке бас ерекшелігі мен дара қабілеттерін ескеру;
– оқушымен теңдік дəрежедегі қарым-қатынас жасау;
– оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
– оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру;
– баланың болашағын бағыт бере отырып дамыту;
– білімді құзіреттілік тұрғысынан меңгерту.
Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, жаңа оқыту амалдары, іс-əрекеттері арқылы із-
денуді, яғни, білім мен тəрбие берудегі белгілі бір нəтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерді оңтай-
лы пайдалана отырып, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік беруді білдіреді. Əр 
технология белгілі бір, яғни тарихи-əлеуметтік, мəдени-əлеуметтік, когнитивтік, экономикалық, 
т.б. алғышарттар аясында қызмет етеді, дамиды жəне олардың əрқайсысының өзіне тəн даму 
бағыты мен кезеңін анықтайтын заңдылықтардың болуы – табиғи құбылыс. Сондықтан қазақ 
тілін оқыту əдістемесінде де соңғы жылдары жаңа технологияларды тиімді пайдалану мəселесі 
кең зерттеле бастады. Олардың түпкі мақсаттары мен нəтижелері ортақ болғанмен, əрқайсысы-
ның өзіндік дара жүйесі бар. Олардың жекелік сипаты мен білім берудегі маңызын білу қажет.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі 
мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңде-
удің тиімді тəсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. 
Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бой-
ынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан жəне оқушы іс-əрекетінің мақсатты бағдарлама-
сынан тұрады. Бұл технология оқушының білімді бірізділікпен, өзара сабақтастықта меңгере 
отырып, шағын мақсаттан түпкі мақсатқа біртіндеп жетуіне мүмкіндік береді.


262
Сатылай кешенді талдау технологиясы – оқыту мақсаты, міндеттері, əдіс-тəсілдері, өзін-
дік ерекшелігі бар жəне оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді мең-
гертіп, оқушыны ұлттық құндылықтарды бағалауға, қолдана білуге машықтандыратын оқы-
ту жүйесі. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тіл білімінің мазмұны мен жүйесін, 
оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын жəне əдеби 
тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыруда маңызды бо-
лып саналады. Ол оқушылардың тіл туралы біртұтас ұғым алуына бағытталады [6, 12 б.].
Қарқынды оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік жəне 
шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған технология. Бұл оқыту технологиясы тілдерді үйретуде алға қойған мақсатқа 
өзіндік ізденіс арқылы жетудің тиімділігін, нəтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни 
қарқынды оқыту технологиясы берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткі-
зе отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге, кəсіби шеберлігін 
шыңдауға ықпал етеді [7, 9 б.].
Проблемалық оқыту технологиясы шығармашылық жұмыстарды орындау барысында 
оқушылардың тың проблеманы өздігінен шешуге дағдыландыру, кез келген өмір жағдаятта-
рынан жол тауып шығу машықтарын жетілдіруді көздейді. Проблемалық оқытуда мұғалім 
оқушылардың танымдық белсенділігі мен практикалық іскерліктерін өзара тығыз бірлікте 
жетілдіруге мүмкіндік алады. Оқушының даралық қасиеттері мен таным қабілеттері сол про-
блеманы өзгелермен бірлесе шешуде ұштала түседі. 
Ізгілендіру технологиясының ерекшелігі – ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру; 
баланың еркіндікке құмарлығын арттыру; əдемілікті, əсемдікті сезіну, оны қабылдау; ата-а-
намен бірлесіп жұмыс істеу, оқыту арқылы тəрбиелеу. Демек, ізгілендіру технологиясы де-
геніміз – жаңа заманға бейімделген интеллектуалды жəне рухани бағытта өзін-өзі жетілдіре 
алатын тұлға дайындаудың біртұтас жүйесі [8, 7 б.]
Сонымен, оқытудың инновациялық технологиясы – оқу-тəрбие үдерісінің шығар-
машылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін жəне оқыту мен 
тəрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін; адамның жеке қабілеті мен ұсынылатын материалдың 
танымдық міндетін өзара бірлікте жүзеге асыратын; оқушының шығармашылық мүмкіндігін 
дамытуға бағытталған; жүйелі білім беруге негізделген сапалы оқыту тəсілдерінің жиынтығы. 
Кəсіптік мектеп оқушыларының қатысымдық-танымдық белсенділігін арттыруда, айна-
ласындағы жолдастарымен араласу жағдайында олардың коммуникативтік құзіреттілігінің 
мəні зор. Тілдік қарым-қатынаста оқушылар бірде тыңдаушы болса, бірде сөйлеуші болады. 
Сондықтан оқушылардың мемлекеттік тілде ұғынықты сөйлесуде ойын толық, еркін жеткізу 
біліктері мен дағдыларын қалыптастыру қажет. Осыған орай қазақ тілін оқытуда технология-
ны қолданудағы басты мақсат – студенттерге тек қазақ тілінің заңдылықтарын меңгерту ғана 
емес, оқушыны сөйлеуге, өз ойын анық та жүйелі жеткізуге дағдыландыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет