Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет221/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   255
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тəжірибенің, ойлау мен талқылаудың нəтижесінде 
алынған ақпаратты ойлауға, талдауға жəне синтездеуге бағытталған пəндік шешім. Сыни 
тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға ойлау жəне 
іс-əрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тəсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдасты-
рылған қоғамдық əрекеттерге жəне басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. 
Сыни тұрғыдан ойлау модулінің негізгі мақсаты – білім алушының пəнді терең түсіну 
қабілетін дамыту, теориялық білімдерін практикада, яғни күнделікті тұрмыстық аяда қолдана 
білуін қамтамасыз ету. Білім алушылардың қазақ тілінен грамматикалық тақырыптарды толық 
меңгеріп, білім деңгейін көрсете білуі қажет. Дайын білімді беретін дəстүрлі білім беретін оқы-
тушылар сын тұрғысынан ойлана білетін студенттерді қалыптастырғылары келсе, оқытушы-
ның өзі де сын тұрғысынан ойланып, зерттеу іс-əрекеттерін жоспарлы ұйымдастыруы қажет. 
Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша оқытушының негізгі қызметі – студенттердің 
теориялық білімді қабылдау ерекшеліктерін, түсінігі мен біліктілігін жетілдіру мақсатында 
білім алушылармен арнайы жұмыс жасау қажеттілігін толық ұғыну.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған. Олар қолданатын кез кел-
ген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дəрежеде обьективті емес нормалармен 
стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы жəне ынтасы туралы түсінік, со-
нымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік жəне күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құн-
дылықтар жатады[1.32] деген сөзді басшылыққа ала отырып, мұғалімдерге арналған нұсқа-
улықпен таратпа материалдардан осы модульді өз іс-тəжірибеме қолдануды көздеп сыни 
тұрғыдан ойлау түрлеріне мəн бердім. Себебі студенттерге сыни ойлау тұрғысынан семинар 
сабақтарымның қызықты жəне тартымды өткенін қаладым. Ғылыми зерттеу нəтижелеріне 
сүйенсек, сыни тұрғыдан ойлау студенттердің қызығушылықтарын арттырумен қатар олар-
дың білім деңгейлерінің көтерілуіне əсер етеді. 3 апталық практика кезінде тəжірибелік са-
бақтарымды өткізу барысында курстың алғашқы «бетпе-бет» кезеңінде осы модульдің 
əдіс-тəсілдерін жиі қолдандым. Бұл əдісті қолданғандағы мақсатым барлық студенттерді 
тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге, сыни ойлауын дамытуға, сабаққа деген ын-
тасын арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын.
Студенттеріне оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының арасындағы субъектілік қатына-
стың дұрыс ұйымдастырылуы, «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасындағы іс-əрекет-
тердің жоспарлы ұйымдастырылғанда ғана жұмыстың нəтижелі болатындығы түсіндірілді. 
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулін тəжірибеме енгізуде деңгейлік курс бойынша меңгер-
ген теориялық білімнің іс-жүзіндегі студент назарын оқыту мақсаты мен жетістікке жету 
критерийлеріне аударуға жетелейтіндігін, əр студенттің дамуына мүмкіндік беретінін, сту-
дентті мақсат қоя отырып жұмыс жасауға үйрететінін, студенттерге өз жұмысының сапасы 
туралы, оқу жетістіктері туралы ақпарат беретіндігі белгілі. 
Студенттер “Практикалық қазақ тілі” пəнінен аралық жəне ағымдық бақылауларда 
жүргізілетін тест жауаптарын жаттап алып, теориялық материалды жаттанды айтатындығы 
байқалды. Өз тəжірибемде сыни ойлауды сабақ жоспарында да, іс жүзінде де, сабақты қо-
рытынылау барысында да жүзеге асыратынымды, сыни ойлаудың сабақ барысында үздіксіз 
жүретін үдеріс екенін, нəтижесінде сол тақырыпты өтуде белгілеген мақсаттары студенттің 
жетістікке, білім нəтижесіне жететіндігі анықталды.
Сыни тұрғыдан оқытудың тəсілдерін қолдану барысында топтық жұмыс барысында сту-
денттер берілген тапсырмаларды орындап, олардың сыни тұрғыдан ойлауы дамыды. Сту-


390
денттерге сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіру модулі бойынша жұмыс атқаруда қазақ тілі са-
бақтарында лингвистикалық құзыреттілігі жоғары болатындығы дəйектелді.
Білім беруде біз тек студенттің сыни тұрғыдан ойлауын жетілдірмейміз. Сыни тұрғыдын 
ойлау екі жақты іске асырылады: 
студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту;
мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. 
Студенттердің сыни ойлауын жетілдіру үшін қандай стратегия тимімді? 
Студенттерге теориялық материалды меңгерту үшін ең ұтымды стратегия қайсысы де-
ген ой тақырыптық жоспарды өте тиянақты жасау қажеттілігін түсіндім. Мен жоспарлаған 
тапсырмалар студенттерге тиімді ме? Оқу тобындағы студенттердің білім деңгейіне сəйкес 
келеді ме? деген сұрақтарға жауап бере отырып ойландым. Сыни ойлауда студенттер қандай 
да бір мəселеге терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын 
білдіреді, өз ойын тұжырымды жеткізе алады. 
«Практикалық қазақ тілі» пəнінен өтілетін тақырыптар аясында студент не біледі, не айта 
алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітір-
кенгіш арқылы əсер ету үшін осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, 
“Жұпта талқылау”, “Болжау” т.б. интерактивті əдістер қолданылды. Күнделікті оқыту 
процесінде студенттің толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беру-
ге үйретеді. Студенттер өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. 
Бұл сатыда студенттер бір-бірімен əсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, 
кестесін жасау мақсатында басқалардың əр түрлі кестесін біліп үйренеді.
І курс студенттері «Практикалық қазақ тілі» пəнінен жинақталған білімдерін «Білемін» 
деген бағанға стикерге жазып дəлелдеді. «Білгім келеді» бағанға өз ойларын еркін жеткізе 
алды. Оқу тобындағы студенттер бір-бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. 
Түсініксіз жерлерін сұраудан қысылған жоқ. Инсерт (Insert) стратегиясын пайдаланудың 
тиімділігі сабақ беруде анықтылды. Инсерт – түртіп алу деген ұғымды білдіреді. Студенттер-
ге оқу материалы дайын түрде ұсынылады. Мəтінді оқып, кестені толтырады: «V» – білемін; 
«+» – мен үшін жаңа; «–» – басқаша ойлаймын; «?» – түсінбедім, тереңірек білгім келеді. 
Кестені мəтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң студенттер 
жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады.
«Практикалық қазақ тілі» пəні – теориялық жағынан күрделі, əрі қызықты пəн. Бұл стра-
тегияны қолданудағы студенттердің қызығушылығын арттыру жəне ой толғау кезеңдерін 
тиімді жүргізуге көмектеседі. Бұл стратегияның түрі сыни тұрғыдан ойлау модулінде ғана 
емес, сонымен бірге бағалау моделінде де қолданылады. Кластер топтастыру деген ұғымды 
білдіреді. Бұл əдістің авторы – американдық Гудлат. Кластер стратегиясының мақсаты - 
оқу материалын график түрінде жүйелеу, мəтіннің, яғни тақырыптың орналастыру.
Ойымызды қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлауға негізделген сабақтар сту-
денттердің тіл білімі ғылымы жөнінде жинақталған білім қоры мен ұстанымдары туралы 
ойлануына, білім деңгейін тексере отырып толықтыруына, сапалы білім алуына мүмкіндік 
береді. Болашақ педагог кадрлардың кəсіби біліктілігі, пəндік құзыреттілігі, коммуника-
тивтік-когнитивтік құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы олардың сыни тұрғыдан ойлай 
білу қабілетімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет