Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет222/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   255
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы №1118 Жар-
лығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл-
дарға арналған бағдарламасы.
2. Alexander R.J. Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk. [Диалогты оқыту 
жолында: сыныпта талқылаудағы жаңа тəсілдер], 2008.


391
ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ОРНЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА 
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Татиева Светлана Серікқызы
 магистр, лектор, 
Омурзакова Альфия Кеңесқызы 
ф.ғ.к., сениор-лектор, Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Аннотация. 
В статье рассматриваются об эффективности применение новых инновационных ме-
тодов на уроках казахского языка.
Аnnotation.
The article discusses about the eff ectiveness of the use of new innovative methods on the lessons 
of the Kazakh language.
Қазіргі заманның талаптарына сай жаңа міндеттерді шешу туындап отыр. Қоғамда орын 
алып жатқан өзгерістер оқытылатын пəндерге де ықпалын тигізеді. Бұл орайда қазақ тілі 
пəні де басқа пəндер секілді едəуір өзгерістерге ұшырайды. Зерттелетін ақпараттың көлемі 
ұлғайып, деректану базасы кеңейтіле түсті. Қоғамда, баспасөз беттерінде, телевидениеде, 
оқулықтарда бір мəселелер мен оқиғаларға түрлі көзқарастар пайда болды. Осыған байланы-
сты студент ақпараттың мұндай көлемін меңгере ала ма, деген сауал туындап отыр. Бүгінгі 
таңда көптеген оқытушылар оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін амалдарды 
іздестіруде. Педагогты қашанда сабақта барлық студенттерге қызық болғанын, оқу үрдісіне 
барлығының қатысқанын, ең бастысы бірде-бір студент сабаққа немқұрайлы қарамағанын 
қалайды. 
Қазақ тілі пəні бойынша заман талабына сай сабағы – тек «білім, білік, дағдыларды» 
қалыптастырудың ұстанымдарынан тыс жеке тұлғаға бағытталған сабақ, мұнда тəлім алушы 
жəне мұғалім тұлғасы субъект болып табылады, өйткені оқытудың мақсаты – студенттің жеке 
тұлға ретінде қалыптастырып, оның жекелілігі мен мүмкіндіктерін дамыту. 
Қазіргі таңда білім беру үрдісін толықтай немесе жартылай өзгертетін көптеген технологи-
ялардың түрлері бар. Білім беру тəсілін ақпараттандыру жəне компьютерлендіру үрдістері по-
стиндустриалдық қоғамға тəн құбылыс жəне оқушы мен студенттердің интернет телекоммуни-
кациялық желісінің жаңа құралдарын, ақпараттық масивтермен жұмыс істеудің əдіс пен техно-
логияларын меңгеруін талап етеді. Оқытушының негізгі міндеті оқып жүрген жастарға ғылым 
ретінде қазақ тілі пəніне қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Бұл міндетті шешуде 
оқытудың инновациялық əдістері басты рөлді атқарады. Жетекші отандық жəне шетелдік ға-
лымдардың (Көкебаева Г., Қайыпбаева А., Байпақов К., Лебедев О.Е., Семенов А.Л., Равен Дж., 
Краевский В.В., Кузнецов А.А.) пікірлерінше, қазіргі заманғы ЖОО-ның білім беру кеңістігіне 
ақпараттық жəне коммуникативтік технологиялар құралдарын кеңінен ендіру жағдайында өз 
кəсіби қызметін жүзеге асыратын мектеп пен ЖОО мұғалімдері мен оқушылардың ақпарат-
тық-коммуникативтік құзыреттіліктің маңыздылығы арта түседі. Қаншалықты педагогикалық 
кадрлар сапалы дайындалып, олар оқу үдерісінде ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, жіберу 
бойынша операцияларды жəне локалдық жəне жаһандық желілерге ақпараттық ресурстар-
дың қосылу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін микропроцессорлық, есептеу техникасы, со-
нымен қатар ақпаратты, ақпараттық алмасуды жеткізудің қазіргі құралдары мен жүйелері не-
гізінде қызмет ететін бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық жəне техникалық құралдар 
мен құрылғылар болып табылатын ақпараттық технологиялардың құралдарын «ерікті» түрде 
қандай дəрежеде қолданатындығына бүкіл əлемдік əлеуметтің болашағы байланысты болады. 
Оқу-тəрбие үдерісінде ақпараттық технологиялар құралдарының қолданылуы оқу үдерісінің 


392
интенсификациясына, дамытатын оқыту идеяларының жүзеге асырылуына, білім алушылар-
дың деректанушылық білімдерді механикалық тұрғыдан меңгерілуінен олардың жаңа білім-
дерді өз бетімен үйрену дағдыларына ауысуды қамтамасыз ететін оқу үдерісін ұйымдасты-
рудың түрлері мен əдістерінің жетілдірілуіне бағытталған. Инновациялық əдістер құралдары 
негізінде жүзеге асырылатын мүмкіндіктердің кең аясын тиімді пайдаланылуы бүгінгі таңда 
білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының жалпы интеллектуалдық ақпараттық-комму-
никативтік құзыреттілігінің маңызды құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық-коммуни-
кативтік құзыреттіліктің қалыптастырылуымен байланыстырылады. Мектеп жəне кейіннен 
ЖОО түлегі түрлі дереккөздерден ақпаратты қабылдап алып, оны логикалық операциялар 
көмегімен өңдеп, өмірдегі түрлі жағдайларында оны қолдана білуі тиіс. Ақпаратты қабылдап, 
оны сыни тұрғыдан талдау үшін əдіснамалық құралды меңгеру ретінде түсіндірілетін ақпа-
раттық білімділік оқушылардың əлеуметтендірілу құралы болып табылып, оқу курстарының 
мазмұнында көрініс табуы тиіс [1].
Қазақ тілін оқытуда электронды оқу құралын қолданудың маңызы зор. Оқытудың құра-
лы мен нəтижесін тексеру тиімді болу үшін мынаған баса назар аударған дұрыс:
- əр түрлі грамматикалық кесте, сызба, сұлбалар мен дыбыстық (анимациялық) нұсқа-
лардың мол қамтылуы;
- репродуктивтік жəне шығармашылық деңгейдегі жаттығу тапсырмаларының (жеңіл, 
орта, шығармашылық деңгейлерге құрылған) оқушының танымдық əрекетін белсендіруді 
қамтамасыз етуі;
- компьютерлік оқытудың «кері байланыс» ұстанымына сəйкес гипермəтіндердің қай-
талауға арналған нұсқаларының болуы;
- дидактикалық оқу ойындарының орын алуы;
- оқушының білім-біліктілігін бақылау, бағалау жүйесінің қамтамасыз етілуі;
- қазақ тіліндегі ұғымдардың (терминнің) қосымшада түсіндірме сөздігінің берілуі;
- тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше оқуға арналған қосымша ғылыми 
мақалалар мен пайдаланатын ғылыми-əдістемелік еңбектер тізімінің ұсынылуы;
Электронды оқулықты қолданудағы басты ұстанымдар:
- оқу материалының ғылыми жүйелілігі, бірізділігі;
- ғылыми ақпараттың молдығы, басымдығы;
- жаттығу-тапсырмаларының білім, білік, дағды қалыптастыруға мүмкіндігі;
- бақылаудың үздіксіздігі;
- білімнің нəтижелігі;
- интерактивтілігі;
- икемділігі;
- жеке жəне ұжымдық əрекеттесу бірлігі;
- белсенділік, сапалылық; ізгілік; [2] 
Электронды оқу құралындағы бөліктерді жасаудағы маңызды да жауапты кезеңдердің 
бірі – оқу материалын іріктеу жəне оның көрнекі анимацияларымен (кесте, сызба, диаграм-
ма, сурет, т.б.) берілуі. Бұл міндеттердің шешілуі бірқатар дидактикалық талаптардың орын-
далуы арқылы жүзеге асырылады. Олар:
- меңгеріліп, шешімін табуға тиісті мəселелердің оқушының жас, дара, білім ерекшелі-
гіне сəйкестілігі;
- оқу материалының ғылыми негізінде құрылуы, əрбір жасалған қадам, оқу əрекетінің 
дұрыстығы тексеріліп, түзетіліп, бағаланып отырылуы;
- бағдарламаның қызықты, мазмұнды болуы, танымдық деңгейінің жоғары болуы;
- гипермəтіндерге құрылған тапсырма – жаттығулар жүйесінің репродуктивті сипаттан 
ізденушілік – шығармашылық деңгейге біртіндеп көшу тəсілінің жүзеге асуы; (тест, тірек 
сөздерді табу т.б.).


393
Электрондық оқулықтың мазмұндық – амалдық компоненті гипермəтін арқылы жүзеге 
асырылады.
Гипермəтін дегеніміз - əр модульге қатысты негізгі бағдарламада бекітілген ақпараттар-
ды қамтиды. Егер үлкен мəлімет қажет болса, мектеп оқулығына сəйкес тарауларды көру-
ге болады. Гипермəтін бойынша ауызша бейнеқойылымдар, немесе жазбаша сызбалар, 
мəтіндерді оқуға, немесе қайталап айтып отыруға мүмкіндік береді. Гипермəтін кез - келген 
мəлімет көздері сияқты жұмыс істейді. Бұл оқылып жатқан материалға жалпы шолу да болу 
мүмкін, кейбір қиын мəтіндерге жоспар құруға, керекті жерлерді көшіріп алуға да болады. 
Есте жақсылап сақтау үшін жəне мəтінді меңгеру үшін, құрылған жоспар бойынша түсінік, 
қысқаша қорытынды, түйіндеме жасауға болады. Гипермəтін мазмұнына түсінгеніңе көзіңіз 
жету үшін сізге ауызша жауаптар мен жазбаша тапсырмалар жəрдем береді.
Электрондық оқулықтың бағалық нəтижелік компоненті тестер арқылы жүзеге асады. 
Оқыту бағдарламасының 2- буыны – бөліктеге сəйкес білім – біліктер қалыптастыруға ар-
налған əр түрлі деңгейдегі жаттығу – тапсырмалар, жаттығу тапсырмалардың түрлері: 1) те-
ориялық білімді бекітуге арналған тапсырмалар (тест,сызба толтыру т.б.); 2) ішінара іздену 
жаттығулары (ұяға жауаптарын жазу, астын сызу, тілдік құбылысты табу, толтыру, топтау, оқу 
ойындары т.б.);
Тапсырмаларды орындау барысында студенттің əрбір қадамы, əрекеті тексеріліп отыра-
ды. Қателерді жөндеуге негізделген кері байланыс жүзеге асатын буын да – осы кезең. Жат-
тығумен тапсырмаларды орындау барысында əрбір дұрыс орындалмаған, қате жіберілген оқу 
материалдарына қосымша сілтемелер жасалып, түсініктемелер беріліп отырады. Бұл əрекет-
ті бағдарламаның кері байланыс жасау тəсілі жүзеге асырады. Осы орайда кері байланыстың 
өте жиі қолданылуы білім алуға кері əсерін тигізетіні, бұл үдерістің студенттің жұмыс істеу 
ырғағын бұзатыны туралы көптеген пікірлер бар. Əр блок соңында жаттығу, тапсырмалар-
мен қатар, тестілік сұрақтар қамтылады. Олардың мазмұндық құрылымы əр түрлі, яғни жа-
уаптың бір түрін таңдау, тірек сөздерімен толықтыру, қате пікірді жөндеу, сызба тестілер т.б.
Электронды оқу құралы мазмұндық, əрекеттік, бақылау, бағалау жəне қосымша бөліктер-
ден тұрады. Мазмұндық бөлігі білім, операциялық - əрекеттік бөлігі білік, дағдылар, кəсіби 
біліктілік, бақылау бөлігі білімді игеру сапасының анықтауға бағытталады. Сонымен, элек-
тронды оқу құралындағы басты бөліктер өзіндік мазмұндық сипаттармен ерекшеленеді. Ги-
пермəтіндерде оқушы ұғымына түсінікті болуы үшін кесте, сызбалар жүйесі жиі қамтылуы 
керек. Мəтінді оқи отырып, оқушы ерекше белгіленген тірек сөздер арқылы оның терминдік 
мəнін жедел түрде ашып танысуына болады. Тест түрлерінің жабық түрлерінен басқа ашық 
түрлерін де жиі қолдануға болады. Олар: қысқа жауапты(дұрыс, қате немесе бар, жоқ) қажет 
ететін тест, қажетті тірек сөзді қою, сызба тестілері, жазбаша жауап жазу тесті топтау т.б 
тестің түрлері көп. Екінші бөлікте білімді бекітіп, жалпылауға, білік, дағды қалыптастыруға 
арналған тапсырмаларды орындау барысы, оның қорытынды нəтижесін «оқушы күнделігі-
нен» көруге болады. Үшінші бөлікке қосымша материалдар, яғни қызықты жаттығулар, кей-
бір тақырыпқа байланысты сілтеме жасалған мақалалар, түсініксіз ұғымдардың түсіндірме 
сөздігі т.б қамтуға болады. 
Білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған тұсаукесер сабақтарын құру оқытушы 
үшін шығармашылық тұрғыдан ынталандыру болып табылады. Тұсаукесерлер оқытушылар-
дың шығармашылық амбицияларын қанағаттануына жəне сабақтардың əдістемелік əзірле-
мелер базасын толықтыруға мүмкіндік береді [3].
Қазіргі қоғамның даму кезеңінде білім ортасының ақпараттар дереккөздерінің құрамы 
білім беру саласында компьютерлік ақпараттық желінің қалыптасуы мен қарқынды даму 
арқасында толықтырылып келеді. Виртуалдық ақпараттық ортаның арнайы материалы бар. 
Оның құрамды бөлігі оқу материалын ұсынудың аппараты, бағыт-бағдар беру аппараты, оқу 
материалын меңгеру аппараты болып табылады. Дəстүрлі дереккөздермен салыстырғанда, 


394
олардың артықшылықтары бар екендігі сөзсіз, атап айтқанда, ақпаратты өңдеу жəне жіберу 
жылдамдығы, түрлі тасымалдардағы ақпаратты сақтау мүмкіндігінің пайда болуы, компью-
тердің ақпараттық сыйымдылығы жəне т.б. Бұл жағдай педагогикалық қоғамды ақпараттың 
түрлі дереккөздер құрамында білім беру үдерісіне ықпал етудің масштабы мен тиімділігі 
бойнша виртуалдық ортаны адекватты түрде бағалауға міндеттейді. Виртуалдық білім беру 
кеңістігін пайдалануы пəндік мəні мазмұнының концептуалдық бөлігін жаңа əдіс арқылы 
ұсынуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, оқу материалын баяндаудың желілік емес архи-
тектурасының құралы ретіндегі гипермəтін, анимация – динамикалық суреттер, графиктер, 
кестелер, сұлбалар, диаграммалар, нысандар мен үрдістердің демонстрациялық жəне мани-
пуляциялық динамикалық модельдері, аудиоақпарат, бейнесюжеттер, «виртуалдық шынай-
ылылықтың» элементтері арқылы. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық құралдарының 
пайдаланылуы білім алушыға пəнді өркениет мəдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі ретін-
де меңгеруге, оның адам қызметінің басқа жағдайларымен қарым-қатынастар аясында көру-
ге жəне зерттеуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн [3].
Бағдарламалық-педагогикалық құралдар пəндік электрондық басылымдардың түрлі тип-
терін құрайды. Қазіргі кезде олардың белгілі бір жүйесі қалыптасты. Электрондық мульти-
медиялық басылымдардың кейбір типтері: электрондық оқулықтар, электрондық энциклопе-
диялар, электрондық анықтамалықтар, суреттер, фото, модельдер, бейнематериалдар, кесте-
лер, сұлбалар, тақырыптық тұсаукесерлер жəне т.б. электрондық каталогтары, электрондық 
кітапханалар. Алайда кез келген педагогтың еңбегінде жеке шығармашылықпен айналысу 
мүмкіндігі ең басты мəселе. Сондықтан едəуір терең білім үшін оқытушы білім алушылар-
мен бірге оқытудың электрондық құралдарын құру қажет. 
Қорыта айтқанда, оқыту үдерісінде электронды оқулықты, интербелсенді тақтаны қолда-
ну, студенттердің білім сапасын арттыруға, олардың пəнге деген қызығушылығын тудыруға, 
əр түрлі жаңаша идеаялар негізінде ойын бөлісуге толық мүмкіндік береді. Ал бұл сабақты 
практикалық жағынан маңызды, қызықты үрдіске айналдыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет