Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет100/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   343
порт; тетік ілімі – механика; тетік күш – механическая сила т.б.

«Қазақша-орысша  тілмашта»  сол  кездегі  қоғамдағы  өзгерістер  мен  жаңалықтарға  сəй-

кес жаңа ұғымдар мен атаулар да көптеп кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда, сөздік түзушілер 

шығармашылық та қызмет атқарған сияқты. Ондағы терминдердің қазақ тіліндегі баламасы 

бүгінгі таңдағы қолданысымен салыстырғанда, мағынасы əлдеқайда дəл де түсінікті болып 

келеді: 


Орыс тілінде

«Қазақша-орысша 

тілмашта»

Қазіргі кездегі қолданылуы

оптом (продавать или покупать) топтау (топтап сату...)

көтерме сауда

акционерное общество

жарналы серіктік

акционерлік қоғам

демонстрация

айбар

демонстрация



бассейн

алап


бассейн

стилистика

тіл қисыны

стилистика

психология

жан жүйесі

психология

математика

шама тілі

математика

позитивная философия

деректі даналық

позитивті философия

мемуар


заманқат

мемуар


экономист

үнемші


экономист

сахарный диабет

сусамыр

қант диабеті

регресс

кер кету


регресс

  Сөздік түзушілер аударуға көнбеген сөздерді қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сəйке-

стендіріп алып отырған. Мысалы: зауыт - завод, капыйтал - капитал, кіимійе - химия, кассы 

- касса, діидəктіике - дидактика, натарыс - нотариус т.б. Бұл орайда тілмашты құрасты-

рушылар  Х.Досмұхамедұлы,  А.Байтұрсынұлы  еңбектерін  басшылыққа  алғаны  байқалады. 




126

Жат сөздерді «өзге жұрт тілдерінде айтылуынша ешбір бұзбастан, айнытпастан алу керек. 

Кəзір Қырым, Əзербайжан сықылды өзге ұлт респөбликелері де солай алып жүр. Біз неге 

сүйтпейміз?» [4, 168] – деушілерге Х.Досмұхамедұлы «Жат сөздерді қолданғанда, тілімізге 

ылайықтап алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп 

айтса да болады… Жат сөздерді өзгертпестен алып, бастапқы жат қалыбымен тілге сіңіреміз 

дегендік – шатасқандық. Бұ жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді», -деп [5] 

жауап берсе, А.Байтұрсынұлы «Сəбитке жауап» деген мақаласында: «Жат сөздерді басқалар, 

мəселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар», 

– деген еді [6] Бұдан сөздік түзушілер мен А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы сияқты тіл 

білімпаздарының ойлары, тұжырымдары үндес, сабақтас болғанын көреміз.

1924  жылы  Орынборда  өткен  қазақ  білімпаздарының  тұңғыш  съезінде  жазу,  əліппе 

мəселелері, оқу, ғылым кітаптарын көбейту, бастауыш мектеп бағдарламаларын дайындау 

шараларымен қатар термин (пəн сөзі) мəселесі де арнайы сөз болады. Онда Елдес Омаров 

баяндама  жасап,  Х.Досмұхамедұлы,  М.Дулатұлы,  М.Тұрғанбайұлы  т.б.  қоштап  сөз  сөй-

лейді. Съезде, негізінен, терминдерді қазақтың өз тілінен алу, одан табылмаса, басқа түркі 

халықтарының тілінен іздеу, одан да табылмаса, еуропа халықтарының ортақ терминдерін 

қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына келтіріп алу керектігі айтылады. Съезде сөйлеген 

сөзінде де, «Жат сөздер туралы» деген кітапшасында да Н.Төреқұлов түркі тілдерінен сөз 

іздемей-ақ  «делдалсыз  тура  аурыпадан  алуды»  ұсынады  да,  бибауырмал  дегеннің  орны-

на интернационалтарих сөзінің орнына историятарихшы сөзінің орнына историк деп 

қолдану керектігін айтады.

«Қазақша-орысша тілмаштағы» терминдерді шартты түрде төмендегідей етіп топтасты-

руға болады:

а) тіл ғылымына қатысты терминдер: одағай – междометиемұқам - жаргон; лұғат қи-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет