Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет37/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   343
Əдебиеттер тізімі:

1.  Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1989. – 368 б.

2.  Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 

1988. – 104 б.

3.  Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. – Алматы, 2001. – 213 б.



57

2-СЕКЦИЯ. ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ ЖƏНЕ ГРАММАТИКА МЕН 

СӨЗЖАСАМ МƏСЕЛЕЛЕРІ

ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ МАҒЫНАСЫ

Ажарбекова Э.Н.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды

мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.

In article the problem motivation of word meanings is considered, the review of scientifi c research 

about word-formation value in the Kazakh linguistics becomes. The author of article defi nes types 

of word-formation values and analyzes their validity, motivation, change and transformation in 

language. Subjecting to the linguistic analysis the derivative words formed by a synthetic, lexico-

semantic and analytical way of education comes to a conclusion about what values of derivative 

words depends on values of their bases therefore it is necessary to consider constant sign of 

derivative words validity value.

Ұлттық  өмірдің  айнасы  іспетті  болып  табылатын  халықтың  болмыс-тіршілігінің,  мə-

дениетінің  көп  құпия  қырлары  мен  сырлары  тіл  арқылы  ашылатыны  белгілі.  Тіл  -  əрбір 

адамның  өмір  бойы  қолданатын  ең  маңызды  құралы.  Тіл  –  ғылым.  Əрбір  ғылымның  туу, 

қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдері бар. Тіл ғылымы да бүгінгі күнге дейін осы кезеңдерді 

басынан өткізді. Тіл ғылымының дамуы тілге қатысты сан алуан сұрақтардың туындап, олар-

дың  заңды  жауаптарының  табылуымен  байланысты.  Тіл  білімінің  дамуы  барысында  тілге 

қатысты мəселелер түрлі деңгейде, түрлі тəсілдермен қарастырылып бүгінгі таңда сан алуан 

заңдылықтар қалыптасты. 

Басқа да ғылым салаларындағы сияқты тіл білімінде əлі де толық шешімін таппаған кей-

бір мəселелер жəне олар жайында əртүрлі пайымдаулар бар. Қазақ тіл білімінде бүгінгі күнге 

дейін  түпкілікті  шешімін  таппаған  сондай  мəселелер  сөзжасам  саласына  қатысты.  Қазіргі 

таңда сөзжасам саласына қатысты мəселелер бір жүйеге келтіріліп, зерттелген жоқ. 

«Сөзжасам  тілдің  атау  (номинация)  жасау  қызметін  жүзеге  асырады.  Сөзжасам  тіл 

білімінің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол – 

сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың 

барлық  мəселелерін  түгел  қамтиды.  Оған  сөзжасамдық  бірліктерден  бастап,  сөзжасамдық 

ұя  сияқты  ірі,  күрделі  сөзжасамдық  бірліктерге  дейін  кіреді.  Сөзжасамдық  нұсқалардың 

сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тəсілдері, сөзжасамдық 

нұсқалардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын 

сөзжасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, сөзжасамдық ұяның құрамындағы 

мүшелердің қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасам-

ды тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Бұл мəселелер тек сөзжасамға ғана қатысты. 

Олар тілдің басқа ешбір саласында шешілмейді, өйткені ол мəселелер тілдің басқа салала-

рында қойылмайды да. Өйткені олар тек сөзжасам саласының зерттеу нысанасына жатады». 

Ендеше  сөзжасам  тілдегі  сөз  жасау  процесімен  байланысты  барлық  құбылыстар  мен  заң-

дылықтарды зерттейді.

Ғылыми зерттеулерде сөзжасам саласы бойынша туынды сөздердің мағыналық құрылы-

мы  зерттеу  нысанына  алынған.  Сөзжасамдық  мағына  –  сөзжасамдық  тұлғалардың  қаты-

сынан туған туынды мағына. Сөзжасамдық мағына сөздің лексикалық жəне грамматикалық 

мағыналарынан ерекшеленеді.

Ғалым Н.Оралбаева сөзжасамдық мағынаның сөзжасам саласындағы негізгі мəселе екен-

дігін айтып, оның лексикалық деривация жəне синтаксистік деривация болып бөлінетіндігін 

айтады [1,59]. Ғалым А.Салқынбай: «Сөзжасамдық мағына – ең алдымен, туынды мағына. 




58

Ол екі сөз тудырушы тұлғалардың бірігуі не қосарлануы немесе негізге сөз тудырушы жұр-

нақтың жалғануы арқылы пайда болатын екіншілік мағына. Жаңадан пайда болған екіншілік 

мағына оны жасаушы сыңарлар мағынасының негізінде жасалып, денотаттық мағына бір-

лігін  белгілейді  де,  номинативті  атауды  анықтайды.  Демек,  екіншілік  мағына  –  сөзжасам-

дық мағына» [2,320] деген пікір білдіріп, сөзжасамдық мағынаның лексикалық, грамматика-

лық мағыналардан айырмашылығын талдап, сөзжасамдық мағына туғызудағы сөзжасамдық 

тұлғалардың қызметіне сипаттама берген.

А.Салқынбай: «Сөзжасамдық мағына – күрделі əрі ерекше сема. Оның күрделілігі құра-

мында  тұлғалардың  семалық  құрамымен  байланысты.  Денотаттық  жəне  сигнификаттық 

мағынанаң  қалыптасуында  сөзжасамдық  тұлғаның  барлық  семалары  қатысуы  шарт  емес. 

Белгіленетін зат не құбылыстың ерекше номинативтік белгілеріне байланысты түбір не негіз 

өздерінің ерекше семалары арқылы жаңа екіншілік арнайы сема қалыптастырады. Бұл қа-

лыптасқан арнайы сема туынды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасын құрайды» [2,322] дей 

келе, сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық тұлғалардың негізгі жəне ауыспалы семалары 

арқылы, сөзжасамдық тұлғалардың метафоралануы арқылы жасалатындығын айтады.

Сөзжасам  саласында  сөзжасамдық  мағына  түрлері  турасында  пікірталас  тудыратын 

жайттар кездеседі. «Қазақ грамматикасында» сөзжасамдық мағынаның негізділігі, түрлен-

дірілуі,  көшірілуі,  теңбе-теңдігі  мəселесі  сөз  етілген.  Мұнда  сұрақ  туындататын  мəселе  – 

мағынаның негізділігі. 

«Қазақ грамматикасында» туынды сөздің сөзжасамдық мағынасының негізділігі жөнінде: 

«Негіз сөз жасалатын туынды сөздің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланы-

сты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шығады. Мысалы, балтала, 

қарала, жақсыла, тазала деген туынды етістіктер балта, қара, жақсы, таза деген есім сөздердің 

туынды сөзге негіз болуы арқылы жасалған. Осы туынды сөздердің бəрінің мағынасы негіз 

сөздердің мағынасымен байланысты: балтала – балта арқылы жасалатын қимылдың аты, қара-

ла – қараға айналдыру қимылының аты, жақсыла - жақсыға айналдыру қимылының аты, тазала 

- тазаға айналдыру қимылының аты. Бұлар – бір сөзжасамдық тип арқылы жасалған туынды 

сөздер. Сондықтан мұндағы жұрнақ -ла есім сөздерге қимыл мағынасын қосып, есім сөздер-

ден етістік жасаған, яғни, туынды сөздер негіз сөздерден басқа сөз табының сөзіне айналған, 

олардың сөз табы категориясы өзгерген» [3,210] деген тұжырым берілген. Яғни, мұнда туын-

ды қимыл атаулары заттық, сындық, етістік мағыналы сөздердің негізіннен жасалған. Туынды 

сөздің лексикалық мағынасына негіз сөздің лексикалық мағынасының себеп болуы олардың 

мағыналық байланысын көрсететіні анық. Ал мағынаның түрлендірілуі жөнінде: «Негіз сөз 

бен  туынды  сөз  арасындағы  қарым-қатынасты  салыстырғанда,  сөзжасамда  туынды  сөздің 

лексикалық мағынасында негіз сөздің лексикалық мағынасы толық сақталып, оған тек үсте-

ме мағына қосылады да, туынды сөз негізгі мағынаның түрленуінен жасалады» [3,211] деген 

түсінік берілген. Мұны мысалдар негізінде қарастырып көрейік. Мəселен, көлшік, қалақша, 

ағай, ботақан туынды сөздеріндегі -шік, -ша, -й, -қан жұрнақтары көл, қалақ, аға, бота деген 

негіздерге кішірейту, еркелету, сыйлау мағыналарын қосқан. Дегенмен, бұл туынды сөздердің 

мағыналарының түрленуіне негіздердің лексикалық мағынасы негіз болып тұр. 

Ал мағынаның көшірілуіне: «...туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасын басқа 

сөз табына көшіру арқылы жасалады. Мұнда негіз сөздің де туынды сөздің де беретін лек-

сикалық  мағынасы  бір  ұғымды  білдіреді.  Мысалы,  гүрс-гүрсіл,  тарс-тарсыл,  қаңғырма 

(етістік)-қаңғырма  (сын  есім),  қанық  (етістік)-қанық  (сын  есім),  қатар  (зат  есім)-қатар 

(үстеу)»  деп  тұжырым  жасалып,  мұндағы  негізгі  сөздердің  лексикалық  мағыналарының 

сақталып, туынды сөздердің сөз табы ауысқандығы талданған. Келтірілген гүрсіл, тарсыл 

туынды сөздерінің сөз табы ауысқаны рас, бірақ бұл туынды сөздердің жасалуына гүрс, тарс 

дыбыстық еліктеу мағыналы сөздері негіз болып тұр. Мағынаның көшірілуінде де туынды 

сөздердің мағынасына негіздер арқау болып тұр.




59

Бұдан  шығатын  қорытында,  сөзжасамдық  мағынаның  түрленуінде  де, көшірілуінде  де 

негіз  сөздердің  лексикалық  мағыналары  туынды  сөзді  жасауға  өзек  болады.  Сондықтан 

біздің ойымызша, мағынаның негізділігін сөзжасамдық мағынаның түрі ретінде емес, туын-

ды сөздердің тұрақты белгілерінің бірі ретінде қараған жөн. 

Ғалым Н.Оралбаева: «Сөзжасамның мағына негізділігі – басқа тілдік құбылыстарда жоқ 

қасиет. Мысалға сөзформаларды алып қарайық. Сөзформалар да түбірге қосымша жалғану 

арқылы жасалады, бірақ онда түбір сөздің лексикалық мағынасы өзгермейді, сол лексикалық 

мағынаның үстіне грамматикалық мағына ғана қосылады. Мысалы: үйге, үйді, үйде,үйден 

сияқты  сөзформалардағы  қосымшалар  үй  деген  түбірдің  лексикалық  мағынасының  үстіне 

грамматикалық  мағына  қосып  тұр.  Түбірдің  лексикалық  мағынасы  өзгермеген,  басқа  лек-

сикалық мағына тумаған, сондықтан сөзформаларында сөзжасамдағыдай мағына негізділі-

гі жоқ. Сөйтіп, сөзжасамның мағына негізділігі оның тұрақты белгілерінің бірі деп қаралу 

керек»  [3,211]  деп  туынды  сөздердің  сөзжасамдық  мағынасын  сөзформаларының  мағына-

сымен салыстырмалы тұрғыда қарап, аражігін көрсеткен. Бұл пікірге толық қосыламыз. Мы-

салы, балалық, сұлулық, көркемдік, əдемілік, кербездік, достық, сандық деген сөздерді алып 

қарасақ, олардың əрқайсысы екі морфемадан тұрады. Ол морфемалардың алғашқыларының 

лексикалық мағыналары бар: бала, сұлу, көркем, əдемі, кербез, дос, сан. Бұлар туынды сөз-

дердің мағыналы бөлігі болғандықтан, олардың негіздері болып есептеледі. Енді осы негіз-

дерге  -лық, -лік, -дық, -дік, -тық  сөзжасам  жұрнақтарын  жалғағанда  олардың  лексикалық 

мағыналары  өзгеріп,  жаңа  мағыналы  туынды  сөз  жасалады.  Бұл  негізді  сөздер  бала,  сұлу, 

көркем, əдемі, кербез, дос, сан деген негіздердің лексикалық мағыналарының қатысы арқылы 

жасалған. Егер бұл негіздерді тəуелдік формада қолдансақ (баласы, сұлуы, көркемі, əдемісі, 



кербезі,  досы,  саны),  негіздердің  лексикалық  мағынасына  тек  грамматикалық  мағына  ғана 

үстеліп тұр. Демек, сөзжасамдық мағынаның негізділігінде туынды сөздің мағынасы негіз 

сөздің мағынасынан туындайды, сөздің негізі тірек болады. 

Сөзжасамдық мағынаның негізділігі тек синтетикалық тəсіл арқылы жасалған туынды 

сөздерге  қатысты  деп  шек  қоя  алмаймыз.  Лексика-семантикалық,  аналитикалық  тəсілдер 

арқылы жасалған туынды сөздерде де мағынаның негізділігі үлкен рөл атқарады. Мəселен, 



Жетіқарақшы, қарақұрт, еңбекақы, Көкшетау, тілтаным, бал қаймақ, жиырма екі, екі мың 

он төрт, ізет ет, сəлем бер, ауыз əдебиеті, сары ала, қызыл күрең, ақ құба деген сөздерді 

қарастырып көрейік. Мұнда Жетіқарақшы, қарақұрт, еңбекақы, Көкшетау, тілтаным де-

ген  тунынды  сөздер  екі  негіздің  бірігуі  негізінде  жасалған.  Əр  туынды  сөздің  жасалуына 

толық  мағыналы  екі  сөз  қатысқан:  Жеті+қарақшы,  қара+құрт,  еңбек+ақы,  Көкше+тау, 



тіл+таным. Біріккен туынды сөздің əр сыңары жаңа мағыналы туынды сөзге негіз болып 

тұр. Ал бал қаймақ, жиырма екі, екі мың он төрт, ізет ет, сəлем бер, ауыз əдебиеті, сары 



ала, қызыл күрең, ақ құба деген туынды сөздер толық мағыналы сөздердің тіркесуі арқылы 

жасалған. Күрделі туынды сөздердің əр сыңары (бал жəне қаймақ, жиырма жəне екі, екі,-



мың, он жəне төрт, ізет жəне ету, сəлем жəне беру, ауыз жəне əдебиет, сары жəне ала, қы-

зыл жəне күрең, ақ жəне құба) негіз болып, негізді сөз жасауға тірек болып тұр. Бұл – анали-

тикалық тəсіл арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық мағыналарының негізділігі.

Сондай-ақ,  тіліміздегі  көк  деген  сөз  түсті  білдіретін  сын  есім  екені  белгілі.  Осы  көк 

сөзінің тілде қалыптасқан басқа да мағыналары бар: 1) Көк – түпсіз тұңғиық аспан əлемі. 2) 



Көк – көгеріп шыққан өсімдік, өскен шөп. 3) Көк – жеміс-жидек, көкөніс. Мұнда түс мағына-

сындағы көк сөзі негізгі мағынасы, осы мағынаның негізі басқа мағыналардың тууына себеп 

болып тұр. 

Тағы бір мысал: қоңыр сөзі тілімізде қара мен қызыл аралығындағы қою күрең түс мағы-

насында  жұмсалады.  Енді  осы  мағынаның  негізінде  туындаған қоңыр  сөзінің,  біріншіден, 

жұтаң жадау, екіншіден, ықылассыз, көңілсіз, салқын деген мағыналары бар. Бұл мағыналар 



қоңыр сөзінің түстік мағынасы негізінде қалыптасқан. Яғни, бұл мысалдардан байқайтыны-


60

мыз, лексика-семантикалық тəсіл арқылы жасалған туынды сөздерде де сөздің негізі мағына-

сы туынды мағынаға себеп болады. 

Сондықтан,  туынды  сөз  лексика-семантикалық  тəсіл,  синтетикалық  тəсіл,  аналитика-

лық тəсіл арқылы жасалса да, онда мағына негізділігі сақталады. Сөзжасамдық мағынаның 

көшірілуінде де, мағынаның түрлендірілуінде де мағынаның негізділігі айқын көрінеді. 

Қорыта келгенде, сөзжасамдық мағынаның ішкі құрылымы түпкілікті зерттеліп бітпеген. 

Тілде сөзжасамдық мағынаның қанша түрі бары белгісіз. Сондықтан бұл мəселе əлі де зерт-

теуді қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет