Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДА



Pdf көрінісі
бет80/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   343
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДА 

ТЕРМИНЖАСАМДЫ БІР АРНАҒА КЕЛТІРУДІҢ МҮМКІНДІГІ 

 Аман Əбеуұлы

ҚХР Орталық ұлттар университеті

 Аз санды ұлттардың тілі мен əдебиеті институты,

 Қазақ тілі мен əдебиеті факультеті 

Түркология мамандығының докторанты

Қайсыбір халықты алып айтсақ та, оларда тумысынан тұп-тұнық тіл болмайды. Тілдің 

дамуы терминдердің толықтыруы арқылы жүзеге асып отыратын үрдіс. Ерте замандардағы 

ру-тайпалар тілі де жеке дара өмір сүрмей, төңірктегі өзге ру-ұлыстардың тілідерінен жаңаша 

атаулар қабылдап, уақыт өткен сайын толықтанып отырған. Ал, бүгінгі ұшқан құстай дамыған 

ғылым мен технололгия, ниформация дəуірі əр халықтың тіліне əр күн сайын жаңа атаулар 

қосуға түрткі болып отыр. Əлемде жасап жатқан халықтар өз тілдерінің дара қасиетін сақтай 

отырып, мүмкіндігінше ана тілідеріне бейімдеп терминдер қабылдап, тілдерін байытып оты-

рады. Терминнің тілді дамытудағы рөлі төтенше маңызды екені əркімге аян. Енді осындай 

кезеңде тағдырдың орналастыруымен бірнеше мемлекеттерде өмір сүріп жатқан ұлттардың 

тілі өз елдеріндегі өзге тілдердің ықпалымен бір-біріне ұқсамаған терминдер қабылдайды. 

Бірнеше мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қазақ халқының атау-термин жөніндегі мəселелері 

осыған дəлел болады. Дегенмен де, ежелден тату көрші болған Қазақстан мен Қытай елі ара-



99

сындағы  мəдени  қарым-қатынастан,  сондай-ақ  дамыған  ғаламторлық ауыс-күйістен  ұтым-

ды пайдалана отырып, екі елдегі қазақ тіліне енген ұқсамаған терминдерді бірізділендірудің 

маңызы зор əрі оған белгілі деңгейде мүмкіндіктер де бар деп қараймыз. 

Бұл жөнінде тіл ғалымдары неше мəрте ой қозғаған. Атап айтар болсақ, Қытйда өмір сүр-

ген аударманың танымал майталманы, қазақ «сөз сандығын» болашақ ұрпаққа мұра ретінде 

ұсынған, тілгер ғалым Кəкеш Қайыржанұлы кезекті бір сұқпатында:« ... екі ел қазақтарының 

тілінде атау терминдегі ала-құлалық бар. Мұның да обьективтік жане субиьективтік себепт-

крі бар. Обьективтік жақтан алғанда, біз бір жаңа ұғымның қазақ елінде қалай қалыптанғаны 

жөнінде дершағында хабарлана бермейміз. Ол ұғымға ханзушасы (қытайшасы) негізінде өз 

алдымызға бір балама тағайындаймыз. Іргелес отырсақ та арада əдеби тіл нормасы тұрғы-

сынан  сəйкестіретін  құрылымның  болмауы  екі  ел  қазағының  арасын  алшақтатып  барады. 

Оның үстіне Қазақстандық ағайындарда орыс тілінің əсері тым ауыр. Біздің елімізде қазақ 

тілінде  шығатын  газеттер,  мерзімді  басылымдар,  кітаптар  қаншама?!  бұлардың  бүкіл  ұлт 

болмысына ықпал жасамауы мүмкін емес. Өзге халықтар түрлі тарихи жағдайлармен бөлініп 

қалған ұлт өкілдерімен тіл бірлігін сақтаудың ұтымды шараларын қарастырып, нақты тəжіри-

белерін іске асырып жүр. Қазірше бізде ол   жоқ. Ғылми термиіндегі ала-құлалықтың белең 

алуындағы үлкен себептің бірі міне осы. Атау-термин ісін өзара сəйкестіретін еларалық тетік 

керек-ақ»,-дейді.[1]  Ал,  Қытайдағы  белгілі  ғалым,  жазушы,  тарихшы  профессор  Солтан 

Жанболатов та кезекті бір сұқпатында былай деген еді: 

«Екі түрлі идеологияда жүрген бір қазақ ұлтының екі бөлігінде мəдени деңгейдегі па-

рықтың болуы таңырқарлық емес. Дегенмен жаңа заманғы тілдегі жаңа парық адамды қатты 

алаңдатады. Əсілі қазақ тілінде диалект ауыр деуге келмейді. Қай жерде тұрса да, қазақ бір-

бірін бұрын жақсы ұғынатын. Бырақ қазір қазақ тілінде диалект пайда болып қана қоймай, 

ұлғайып барады жəне ол өзге ұлт азаматтарының қазақ тілін үйренуіне қолайсыздық əкелуде. 

Осыдан барып біраз бой көтеруде.

Қазақстан мен қазақ диаспоралары арасында атау-терминдегі алшақтық ұлғаюда. Мыса-

лы, Қазақстанда бір ғасыр бойы «дəрігер» сөзі қолданылып келді жəне ол Қытай қазақтарына 

да əбден сіңді. Ал соңғы жылдардан бері қытайдағы қазақтардың тілмен айналысып жүрген-

дерінің бір тобы «шипагер» деген атауға қызыға қалды. Олар 500 жыл бұрынғы Өтейбой-

дақтың «Шипагерлік баян» деген кітабында «шипагер» деген сөз қолданылыпты. Міне, бұл 

нағыз қазақ сөзі дегенге негізделді. Бұл атауды ШҰАР тілком арқылы бекіттіріп те жіберді. 

«Шипагерлік баян» туралы айтпай-ақ қоялық. Ал мен бұл сөзді жатырқап тұрған жоқпын. 

Екеуі де парсы тілінен келген, қазаққа таныс жəне мағынасы бір атаулар. Қазақтың төл сөзі 

емес. Ендігіде, мына жақтағылар - «шипагер», сіздер «дəрігер» дей бересіздер. Бырақ бұл бір 

ауыз сөзден көрінген беталыс «дами» түссе, біраз уақыт өткеннен кейін екі елдің қазақтары 

бір обьектті əр қилы атап, сөз қолданыстарында айырмашылық туылады, ол көбейсе, диалект 

пайда болып қана қоймай, ұлғаяды. Мұндай мысал толып жатыр. Меніңше, бұл - диаспора-

дағы «шала молдалардың» қолдан диалект жасауы.

Қазақстан  жақ  тəуелсіздік  алғалы  бері  қазақша  əтау-терминдерді  жетілдіруге  қатты 

кірісіп  кетті.  Алайда  бұл  жұмысқа  диаспорадағы  тілгерлерді  елеп-ескеріп  шақырған  жоқ, 

араластырған жоқ. Нəтижесінде диаспорадағылар Қазақстанда атау-терминнің жəй-күйінен 

хабарсыз қала берді. Қазір мұнда (ҚХР) Қазақстан телехабары көрілмейді, радиосы естіл-

мейді, басылымдары келмейді. Интернетпен айналысатындардың дені кириллше жазуды та-

нымайды. Демек, диаспорадағы қазақтар өз үкіметі бекіткен атаулармен немесе бұрыннан 

дағдыланған терминдерімен (мысалы, «информация» сықылдыларды қолданып) кетіп бара-

ды. Əрине, бұл да - диалектті ұлғайту. Сонымен, талай сөздер екі жақтағы қазақтарға өзара 

бейтаныс атау болып, қатары барған сайын молаюда».[2]

Көп  деректер  іздеп  жатпай-ақ,  жоғарыдағы  екі  ғалымның  өзекжарды  лебіздерінен  біз 

өзге мемлекеттердегі қазақтардың, солардың ішінде Қытайдағы қазақтардың терминжасам 




100

істерінде Қазақстанға əр уақыт елеңдеп отыратынын көруге болады. Бұл əрине солай болуға 

тиісті іс. 

Екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынастан құрылған көпір арқылы Қазақстан ғалымда-

ры Қытайдағы бірнеше білім ордаларына ғылым сапарымен барып тұрады. Қытайдың Қазақ 

тілін  зерттеп  жүрген  ғалымдары  да  Қазақ  еліндені  униврситеттерге  жиі  ат  басын  тірейді. 

Осындай елдің ертеңі көзделген рухани қарым-қатынастан қазақ тіл ғылымының ұтары мол. 

Шағын ғана мысал айтар болсақ, Бейжің, Үрімші қалаларында студенттерге лекция оқыған 

Қазақстандық ғалымдар ондағы қазақтар қабылдап қолданысқа енгізіп, күнделікті сөз ретін-

де жалпыластырып үлгірген:балкүлше (торт), тінтіур (мишка), келтехат (совщиние), са-



малдық  сияқты  бірмұнша  терминдерді  өте  жылы  қабылдап,  қазақстанның  терминқорына 

енгізіуге құлшыныс танытып жүр. Ал, Қытай қазақтары да Қазақстанда қолданысқа енген 

көптеген терминдерді пайдаланып келеді. Дегенмен, екі елдегі терммнжасам принциптерін 

саралап, талдап, қарастырып, мүмкіндігінше бір арнаға келтірмейінше, көптеген кірме сөз-

дер бəз-баяғысындай екі елде екі түрлі атаумен қолданыла береді де, ұғым шатастығы туын-

дап, түсінуге ауыр сөз-сөйлдемдер сол бетінше өмір сүре береді. Жоғарыдағы ғалымдар ай-

тқанындай жоқ жерден диялект пайда болады. 

Біздің  қарауымызша,  терминдерді  бір  арнаға  түсіру  үшін,  екі  елдегі  терминжасам-

ның  жолдарын  мүмкіндігінше  жақындата  түсу  керек.  Біз  алдымен  Қазақстанда  қалыптаса 

бастаған осы принциптерге үңілейік. 

Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҰҒА  академигі  Өмірзақ  АЙТБАЙ-

ҰЛЫ термнжасамдағы принсиптер жайды сөз еткен еңбегінде, академик Əбдуали Қайдаров 

ұсынған он бір принципті қуаттай отырып, өз ойын былай деп жазады:«Біздің ойымызша, 

ең негізгілері деп үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, онбірінші прин-

циптерді айтуға болатын сияқты. Басқалары  күнделікті қажеттілікке орай қатар  жүргізіліп 

отыруға тиісті шаралар. Солардың ішінде үнемі күнделікті назарда тұратыны – өз байлығы-

мызды сарқа пайдалану, түркі тілдері тəжірибесін ескеру, интертерминдерді  тіл заңдылығы-

на  сəйкестендіріп  қабылдау,  дəстүр  мен  шартталықты  мойындау,  атауларды  қысқартып 

алу  жайы    жазу  дəстүрімізді  сақтау  тəрізділері.  Терминжасам  процесінде  болып  жататын 

ала-құлалықтардың көбі осы шарттардың ескерілмеуіне, тіл заңдылығының аяқасты етілуі-

нен деп білеміз. Заман талабына ескерілген бұл принциптер, сөз жоқ, қазақ тілінде  термин 

реттеуге себебі тиер игі үлгі» [3, 64 б.].

Осы жерде түсінікті болу үшінқазақ тіл ғылымының ақсақалдары қуаттаған сол приси-

цптерді де көрсете кетейік: 

1. Байырғы лексикалық байлығымызды сарқа пайдалану;

2. Туысқан түркі тілдері тəжірибесін іске қосу;

3.Интернационалдық  терминдерді  қазақ  тілінің  фономорфологиялық  ерекшеліктеріне 

икемдеп алу;

4. Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген терминдік атауларды мүмкін болғанын-

ша қазақшаға аударып қолдану, аударуға келмейтіндерін қазақ тілінің фоно-морфологиялық 

ерекшеліктеріне үйлестіре  қабылдау;

5. Салалық күрделі терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз негізінде алғашқы əріптері 

мен буындары бойынша қысқартып пайдалануды заңдастыру;

6. Көп жылғы тəжірибе арқылы қалыптасқан дəстүр мен шарттылық заңдылығын мой-

ындау;

7. Тіліміздегі ұлттық жəне интернационалдық термин атаулардың сандық сапалық сал-



мағын табиғи қалпында сақтаудың жолдарын іздестіру. [4.43]

Міне, мүмкіндігінше ана тілдің құнарлы байлығын кəдеге жаратуды көзлдеген ғалымдар-

дың  ойлары  қаншалықты  деңгейде  жүзеге  асып  отырғанын  уақыт  өткен  сайын  нəтижесін 

көріп отырмыз. Жасырып-жабары жоқ, бүгінгі таңда екі елдегі қазақтардың да терминжа-




101

сам жұмысы көңіл көншітерліктей емес. Əсіресе, Қазақ тілінің құдіретін осы саллаға жұмыс 

істете алмай отырғанымыз рас. Қазақстан Елбасы Н.Əбішұлы Назарбаевтің бастамасымен 

латын  əліпбиіне  көшіп  жатқан  осы  бір  тарихи  бұрылыс  кезеңінде,  тіл  ғылымының  əр  са-

ласының ішкі қуаттарын ашып, бабаларымыздан жалғасқан бай тіліміздің сүбелі қорынан 

пайдалана отырып, атау-терммндердегі Қазақ тілінен тіке балама алуға келетіндеріне балама 

алып, келмейтіндерін қазақ тілінің дыбыстық заңына келгенінше сындырып алып, жаңа за-

манның терминдерін жасап алуға жол ашылатын орай туды деп қарауға болады. Осы бары-

ста ескерте кететін нəрсе, қалам ұстап отырған біз тек қана орыс тілі мен ағылшын тіліннің 

ықпалына ғана баса мəн бермей, қытай тілі арқылы енген терминдерді қытайдағы қандастар 

қалай алғанын, Монғолия қазақтары монғол тілінен қалай терминдер қабылдап отырғанын 

да көзде ұсталса деген пікір қосамыз. Əрі осындай бір оңтайлы ұсынысты ортаға саламыз. 

Академик Ө.Айтбайұлы жоғарыдағы көзқарастарынан кейін мына терминдерге тоқтала 

кетеді: 


Бағдарлама,  жарғы,  құжат,  айқындама,  тұжырымдама,  ұшақ,  əуежай,  жекешелендіру, 

қауымдастық, егемендік, бірлестік, құзыр, уағдаластық, кешен, кешенді, ғимарат, демеуші, 

ақпарат,  елтаңба,  жариялық,  зейнетақы,  мəртебе,  өтем  (компенсация),  пікірсайыс  (дискус-

сия), сыйақы (премия), тұғырнама (платформа), таралым (тираж), тапсырыс (заказ), шару-

ашылық есеп (хозрасчет), шығармашылық, шаруа қожалығы (крестянское хозяйство), ілеспе 

аударма т.т. Ана тіліміздің ғылыми өрісін айқындайтын айрықша белгісі оның терминологи-

ялық жүйесінің, қаншалықты өріс алып, қалыптасуына тікелей қатысты.[5] 

 Ал, енді біз осы сөздерге дəйек болуы үшін Қытай қазақтарының терминжасамдағы прин-

ципін қолға алып, естір құлаққа жағымды, көкейге қонымды көптеген атау-термндер жасаған, 

белгілі аудармашы, профессор Болаш Шөкейевтің ұсыныстарына да назар салып өтейік: 

Ол кісі А.байтұрсынұлы мен Ə.Қайдаровтың пікірлерін қолдай келіп, ары қарай Қытай 

қазақтарында термин жұмысы жайлы қысқаша баянлайды. Қытайда қазақ ұлтының термин-

жасам жұмысы 1980 нші жылдарда басталған болса, Ал, Қытайдың мемлекет бойынша тер-

минжасамға ресим кірісуі өткен ғасырдың басында, атап айтқанда 1910 жылдары басталған. 

Шөкеев сөзінде Қытай қазақтары көбінесе терминді қытай тілінен аударып жасап, ал, Қа-

зақтанда терминдер орыс тілінен аударып жасалып немесе рыс тіліндегі кейбір атауларды сол 

күйінде алғандықтан екі ел қазақтары арасындағы тілдік алшақтықты тудыра бастағанын тілге 

тиек етеді. Мысалы, aids-ті қытай қазақтары «айдс ауруы» деп тікелей алса (қытайша  Ⱅ⁠⑓

ai  zi  bing),  Қазақстанда  орысша  спид  деп  алғанын,  УЗИ  (УЗД)  ді  _  қытай  қазақтары  Қытай 

тіліндегі термин «B㉸»-ға негізделіп, «B типті диягноз қойғыш» деп атайды. Осыларды мы-

салға келтірген ғалым ендігі кезекте ықшамдалған бес приципті ортаға қояды. Олар мыналар:

1. Жасампаздық 

Бұл аударма тілінен балама табылмаған жағдайда, немесе баламасы болған күнде де мəн-

дік жағынан ешқандай байланысы жоқ атау-терминдер үшін жаңаша атау-терминдер жасау 

қажет екендігін түсіндіреді. Яғни мұндайда терминді ойдан жасап шығу керек. Мысалы: Қы-

тай тіліндегі ⮬ᢿᖸ (zi pai gan) деген жаңа атаудың қазақша мағынасы «өзін өзі фотосуретке 

түсіретін таяқша» (Селфи таяқшасы). Бұл ұзын сөз тізбегі қолдануға қолайсыз. Осындағы 

«өз» есімдігін пайдаланып, «өзтартым» деп ықшам термин жасауға болады. Қытай тіліндегі 

ὶࣘேཱྀ(liu  dong  ren  kou)  деген  сөздің  қазақ  тіліндегі  мағынасы  жылжымалы  халықтар 

яғни  ағылып  жүрген  адамдар.  Енді  бұл  сөзді  «аққындар»  деп  алуға  болады.  Қашып  жүр-

гендерді «қашқын», ауып кеткендерді «ауғындар» дегеніміздей, ағылып жүрген адамдарды 

«аққын»  деуге  болады.  Қытай  тілінде  㨣๋ཤ  (gui  ti  tou)  деген  сөз  бар.  Тікелей  аударсақ 

«сайтан қырған бас» деген мағына береді. Ол таздың бір түрі. Бірақ, бірде жоғалып, қайтадан 

шығып отырады. Мұны біз «теңгетаз» деп алғанбыз. Бұл дұрыс емес. Себебі, ол тазға жат-

пайды. Біз мұны «шипагерлік баяннан» кездескен «ойдымшаш» деген атаумен алдық. Енді 

оның мағынасы сайма-сай келді. 




102

2. дəлдік. 

3. бірыңғайлық жəне бір мағыналық. 

4.  дағдылылық.  Атау-терминдерді  аударған  кезде,  батыстың,  шығыстың,  сондай-ақ 

өзіміздің басқада ұлыстардың мəдениеттік айырмашылығын, ерекшелігін ескеруге тура ке-

леді. 


5. жүйелілік. [6] 

Б. Шөкеев ұсынып отырған өте маңызды əрі ақылға қонымды принциптердің бір бөлімі 

осылар.  Əрине,  біздің  бұдан  аларымыз  мол.  Енді  біз  Қазақстандық  ғалымдар  ортаға  қой-

ып  отырған  қортынды  спеттес  шарттарына  көз  жіберейік.  Бұл  жерде  біз  А.Байтұрсынұлы 

атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филол. ғ. 

д. Қ.Айдарбектің «қазіргі терминжасам ісіндегі терминологиялық норма мəселелеріа» атты 

мақаласында келтірген мына шарттарына жүгіндік. Онда ғалым былай түйіндейді:

«Біздің ойымызша, терминдер мен терминологияларға қойылатын нормативтік шарттар-

ды былайша топтастыруға болады:

1. Жүйелілік;

2. Бірізділік;

3. Термин мен ұғымның бірмағыналылық сəйкес келуі;

4. Семантикалық дəлдік;

5. Қысқалық;

6.Терминдер жарыспалылығы мен варианттылығын айқындап, қажеттілерін енгізу;

7. Дефинициясының болуы;

8. Терминнің  эстетикалық жағы» [7].

Қарап  отырсақ,  терминжасамдағы  принциптердің  бəрінің  қуаттап,  дəріптеп  отырған-

дарында Қазақ ұлтының өз ана тілінің ішкі қуатынан еркін пайдалану идеясы жытыр. Бұл 

жөнінде ақыры айналып келіп, қазақ тіл ғылымының аса биік асқар тауы саналатын, ғалым 

А.Байтұрсынұлы ешкім де аттап өтуіне болмайтын жол ретінде жазып кеткен «баламаны өз 

ана тілімізден алу, туыстас ұлттар тілінен алу, шетел тілінен алған күннің өзінде қазақ тілінің 

ерекшеліктеріне бейімдеп, сындырып алу» дейтін принциптеріне аса зор құрметпен қарауға 

тиіспіз. Себебі, ілгерінді-кейінді терминология туралы көзқарас білдірген ғалымдардың бəрі 

осы бір ұлағатты айтылымға мұрагер болумен келеді. 

Жоғарыда аталған бірмұнша пікірлерді жинақтай келе, біз ең соңында мынадай қортын-

дыға  келеміз.  Қазақстанда  терминологияға  саятын  барлық  шарт-талаптрға,  принциптерге 

«шетелдердегі қазақтардың терминдерінен қабылдау» деген бір тармақ қосылуы керек. Ал, 

шетелдегі қазақтар да «Қазақстаннан алу» принсипінен аттап өтпеуі керек. Осылай болғанда 

ғана, Қазақ тілінің заманауи қоры, болашаққа арналған тілдік байлығы нығая түсері анық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет