Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Stereotypes are an actual area of linguoculturology



Pdf көрінісі
бет83/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   343
Stereotypes are an actual area of linguoculturology

Keywords:  stereotype,  linguistics,  concept,  ethnolinguistics,  national  and  cultural  identity, 

national-cultural image of the world, ethnic stereotypesSummary

People learn the world through the assistance of cultural space, so stereotypes in the language 

are  found  in  the  form  of  linguistic  and  cultural  concepts. A  linguoculturological  concept  is  the 

experience of generations, which is preserved in the minds of particular people. If we approach the 

problem from this side, the stereotypes are those structures that are born in the mind of a native 

speaker  and  appear  in  his  speech. A  concept-sphere  is  a  model  of  life  experience,  which  is  an 

indicator of the language picture of the world. Ethnocultural stereotypes are general concepts that 

characterize the peculiarities of a particular ethnic group.

Стереотип  тіл-тілде  линвомəдениеттанулық  концепт  формасы  түрінде  беріледі.  Ал 

лингвомəдениеттанулық  концепт  дегеніміз  -  белгілі  бір  тілдік  қоғамның  санасында  ұзақ 

жылдар електен өткен, екшелген, сол қоғам өкілдерінің айрықша тəжірибесі. Мəселеге осы 

тұрғыдан келгенде стереотиптерді тіл иесі халықтың санасында пайда болып, тілінде көрініс 

табатын білім құрылымының көрсеткіші деуге негіз бар. Этнолингвистикадағы «стереотип» 

ұғымына берілген интерпретацияға зер салсақ, стереотип белгілі бір зат туралы жинақталған 

топшылаулар  мен  пайым-түсініктердің,  оларды   талдаулардың  кешенді  жиынтығы  ретінде 

түсініледі. Сол сияқты «əлемнің тілдік бейнесі» терминін де белгілі бір ұғым төңірегіндегі 

көптеген топшылаулар мен түсініктердің, жасалған талдаулар мен оларды сұрыптаулардың 

кешенді жиынтығы немесе сол жинақталған ойлардың қорытындысы деп түсінуге болады. 

Мысалы, əлем халықтары арасында кең тараған, неге екені белгісіз, ағылшындардың ұстам-

дылығы,  немістердің  тəртіп  пен  тазалықты  жақсы  көретіні,  ұйымдастыру  қабылеттерінің 

күштілігі,  бірақ  ойлау  қабылеттерінің  шектеулі  болатыны  туралы,  француздардың  жеңіл-

тектіктері, виноны, əйелді жəне қыдыруды ұнататыны туралы, американдықтардың бай, жо-

март, өздеріне сенімді келетіні туралы, жапондықтардың еңбексүйгіштігі, шотландықтардың 

үнемшілдігі  кейде  тіпті  сараңдығы  туралы  қалыптасқан  түсініктер  бар.  Бұлар  əрбір  этно-

стың бойында кездесетін толып жатқан қасиеттердің ішіндегі ең көзге қатты шалынатын ба-

сымдыққа ие қасиетін танып байқаудан туындаса керек. Аталған қасиеттер сол халықты ұлт 

ретінде ерекшелейді. Өз халқының мінез-құлқы, жалпы адамдық қасиеті, басқалардан ерек-




104

шелігі туралы сол ұлттың өз өкілдері айтқан деректер де жетерлік. Мысалы, «Мы похожи, но 

мы разные» деген орыс мəдениеті мен орыс діліне арналған оқулықта ағылшындардың өздері 

туралы айтқан мына бір дерек келтіріліпті: «выносливость, умение все принимать с улыбкой, 

крепкие  нервы  и  отсутствие  фантазии»  [1].  Міне,  осындай  ерекшелігіне  қарап  стереотип-

тер жөнінде - белгілі əлеуметтік құбылыс пен объектіге берілген стандартты образдар деп 

те анықтама беруге болады. Əдетте олар эмоциональды бояуға қаныққан, тұрақтылығымен 

ерекшеленеді. Белгілі бір құбылысқа адамның əлеуметтік шарттар мен өмірлік тəжірибесі 

нəтижесінде көз жеткізген қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы, испандықтар дегенде кор-

ридаГойя, Эль Греко, өгіз, күн, темперамент, Канар жағалаулары, Сальвадор Дали еске 

түсетін болса, Италия немесе итальяндықтар дегенде спагетти, пицца, Венеция, Рим, опера, 



макарон, каналдар, католицизм сияқты сөздер мен ұғымдар ойға оралады. Демек, стереотип-

тер құбылыс пен объектіге берілген стандартты образдар деңгейіне көтеріле отырып, белгілі 

бір деңгейде адамның білімін де көрсете алады екен. 

У. Липпман стереотиптерді шынайы немесе ішінара шынайы деп бөледі. Зерттеуші ғылы-

ми айналымға «стереотип» терминін енгізіп қана қоймай, оған анықтама да берді, сонымен 

қатар  бұл  құбылыстың  маңыздылығын  да  атап  өтті.  «Стереотиптер  жүйесі,  бəлкім,  біздің 

жеке дəстүріміздің өзегі шығар, себебі ол біздің қоғамдағы орнымызды анықтайды ...» - деп 

жазды ол[2]. 

Стереотипке бұлайша анықтама беру ұғымның екі маңызды ерекшелігін анықтауға мүм-

кіндік береді:

 1) стереотиптер белгілі бір этностың мəдениетіне тəуелді, сондықтан стереотиптердің 

шығу, пайда болу себебін белгілі бір этностың мəдениетінен іздеу қажет;

 2) стереотиптер сөйлеу үшін, тілдесім үшін, ойды тиімді, дəл, анық жеткізу үшін қажет, 

сонымен бірге стереотиптер ойды жеткізуде сөзді үнемдеуге үйрететін сияқты. 

Ғалым «Егер математикалық есептерді шешу алгоритмдері адамның ойлауын үнемдесе, 

стереотиптер жеке тұлғаның сөйлер сөзін «үнемдейді»,-деді [2]. Осылайша, У. Липпман сте-

реотиптерді адамның ойлау деңгейі мен мінез-құлық мəдениетінің көрсеткіштері деп түсін-

діреді.  Əлеуметтанушы  стереотипті  –  ойды  жинақтау,  оған  жалпылама  қорытынды  жасау 

деп атады. Ғалымдардың айтуынша, стереотиптер мен олардың пайда болу, шығу себептерін 

түсіну қарапайым адамға тым күрделі, себебі оның мазмұны адамның қызмет аясынан тым 

алыс болып табылатын саяси жағдайлардан, əр түрлі басқа да мəселелерден тұруы да мүмкін. 

Демек, стереотипті дұрыс, қажетті деңгейде түсіну үшін əуелі адамның жан-жақты білімі бо-

луы керек. Зерттеушілер стереотип түрлерін біршама деп көрсетеді. Ажыратып айтар болсақ, 

олар əлеуметтік стереотиптер, этникалық (этно-мəдени) стереотиптер, мəдени стереотиптер, 

тілдік стереотиптер, қарым-қатынас жəне мінез-құлық стереотиптері жəне ділдік стереотип-

тер делініп, бірнешеге түрге бөлінетін көрінеді. Мұның себебі «стереотип» ұғымының гума-

нитарлық ғылымдар арасында пəнаралық сипатқа ие екендігінде болса керек. Бастапқыда, 

1920-шы жылдардан бастап, əлеуметтану жəне əлеуметтік психология негізінде дамыған сте-

реотип ұғымы кейінірек қарым-қатынас теориясы, этнология, əдебиет жəне мəдениет тарихы, 

тіл философиясы тұрғысынан көптеген зерттеулер мен талдаулардың тақырыбына айналды.

Бір кездері шетелдік зерттеулерде, атап айтқанда антропологтар мен этнопсихологтар-

дың талдап қорытуларында, этникалық стереотиптердің «ұлттық сипаты» ерекше көтеріл-

ген еді. Бұл зерттеулердің түрлі американдық жəне батыс еуропалық сипаттағы адамдарды 

кросс-мəдени салыстыру мақсаты үшін жүргізілген зерттеулер екені де байқалды. Мұндай 

көзқарастар Р. Бенедикт, Г. Деверо, А. Кардинер, Спингар, М. Р. сияқты ғалымдардың зерттеу 

еңбектерінде бой көрсетті [3]. 

У. Липпман стереотиптерді зерттеудің теориялық негізін қаласа, 1933 жылы американ-

дық ғалымдар кейіннен кеңінен таралған жəне көптеген жылдар бойы ұлттық стереотиптерді 

зерттеудің негізіне айналған əдістемені ойлап тапты [2]. Олар жүргізген тəжірибеге Прин-



105

стон университетінің жүз студенті қатысты. Студенттерге сексен төрт сипаттаманы қамти-

тын тізімнен, олардың пікірі бойынша, он этникалық топ (африка-американдықтар, немістер, 

еврейлер,  итальяндықтар,  британдықтар,  ирландықтар,  америкалықтар,  жапондар,  қытай-

лар  жəне  түріктер)  үшін  маңыздыларын  таңдау  ұсынылды.  Тəжірибе  барысында  алынған 

нəтижелер көп жағдайда студенттер осы немесе өзге де этникалық топқа тəн сипаттамалар-

ды  анықтауда  бір  пікірде  болып  шыққанын  көрсетті.  Тəжірибе  нəтижелерін  талдай  келіп, 

ғалымдар  стереотипке  мынадай  анықтама  береді:  «Этникалық  стереотип  –  бұл  елестетуге 

тырысқанмен, табиғи өмір құбылыстарына сəйкес келе бермейтін жəне адамның алдымен 

құбылысты анықтап алып, содан кейін оны бақылау қасиетінен туындайтын тұрақты бейне» 

[2].

1940 жылдың аяғынан бастап этникалық стереотиптерді зерттеуге деген қызығушылықтың 



жаңа толқыны басталды. Сондықтан ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша бір елдің өкілдері 

өзге ел адамдарын қалай қабылдайды жəне қандай факторлар олардың қабылдауын анықтай-

тынын  білу  мақсатында  кең  ауқымды  зерттеу  өткізді.  Этникалық  стереотиптерді  зерттеу 

мəселелеріне арналған, бұл жұмыстардың көпшілігі сауалнама материалдарына негізделген 

еді. Психолог Ю.А.Клейнердің айтуынша этникалық стереотип «... өз ұлты мен өзге ұлттық 

топтарға байланысты қалыптасқан халық санасындағы бейне. Əдетте мұндай суреттер неме-

се түсініктер қоғамда кең тарауға бейім, соған сəйкесінше, стереотиптер өте қарапайым жəне 

объективті шындыққа сенгіш келеді» [4]. 

Гуманитарлық ғылымда стереотип ұғымын анықтауға (əлеуметтану, мəдениеттану, пси-

хология, когнитивистика, лингвистика) жəне осы сияқты ғылым салаларындағы олардың да-

муына қатысты стереотип түрлеріне сипаттама беруге тырысады. Кейбір ғалымдар өз ғылы-

ми идеясының бағыты негізінде стереотип туралы жалпы ұғымнан (этникалық, əлеуметтік, 

мəдени) ауызша қарым-қатынас стереотиптеріне дейін жүріп өтуді мақсат етеді, осы бағытта 

стереотиптерді талдап-талқылайды. Өз кезегінде, «ауызша қарым-қатынас стереотипі» ұғы-

мының  құрылымы  (сөйлеу,  тілдік,  ділдік  жəне  тілдік  қарым-қатынас  стереотиптері)  тілдік 

қатынас жəне мінез-құлық үлгілерін қамтиды. Этникалық стереотиптер талдауын негізге ала 

отырып, стереотип тек тіл үшін ғана емес, сондай-ақ жалпы мəдениет үшін маңызды ұғым 

ретінде соңғы жылдары ұлттық мəдениет бейнесін қалыптастыратын жəне этномəдени сəй-

кестендіргіш рөліндегі сөйлеу жəне ділдік стереотиптерді зерттейтін мəдениеттану объек-

тісіне айналып келе жатқаны байқалады. 

Əдетте, этникалық (этномəдени) стереотиптер дəстүрлі мəдениет жүйесіндегі фольклор 

туындылары мен аңыздар негізінде қалыптасқан бейнелер негізінде жасалады. Этникалық 

стереотиптерді  зерттеу  ерекше  зерттеу  саласы  ретінде  анықталған  əлеуметттік  көзқарас 

аясында  пайда  болды.  Қазіргі  уақытта  бұл  саланы  этнографтар,  этнологтар,  мəдениетта-

нушылар, фольклористер, этнолингвистер жақсы игерген. Этномəдени стереотиптер бағыты 

бойынша  этноəлеуметтік  стереотиптерге  ұқсас,  алайда  оларға  қарағанда  неғұрлым  жалпы 

сипатқа ие. Этникалық (этномəдени) стереотиптер – белгілі бір тілде өз орны бар, «əлдебіре-

удің» бағалауы арқылы емес, ол сол тілде сөйлеушінің өзінің ынтасымен оның тіліне ора-

лып тұратын, өзіндік тілдік əлемінің, оның əлем бейнесі туралы түсінігінің құрамдас бөлігі. 

Этникалық стереотип ұғымы үшін тілдік құзыреттілік (сөздің «этникалық» мағынасы) қана 

емес, сонымен қатар прагматикалық (қарым-қатынас) құзыреттілік (əлем, сыртқы шындық 

туралы білім) те маңызды. Заманауи этнолингвистикалық жəне əлеуметтік-лингвистикалық 

зерттеулердің нəтижелерінің көрсетуі бойынша бұл стереотиптер тобы этностың өзіндік са-

на-сезімі жəне өзін-өзі тануы үшін маңызды құрылым түзуші жəне этно түрлендіруші рөл-

дерін («өзінің» жəне «бөтен» адамдар туралы, «өзінің» жəне «бөтен» ел құндылықтар жүйесі 

туралы ұғым) атқарады.

Этномəдени  стереотиптер  сипаттамалары  туралы  сөз  қозғағанда,олардың  кең  тара-

луын  жəне  қайталануын,  сондай-ақ  жоғары  тұрақтылық  дəрежесін  атап  өтеміз.  Мысалы, 




106

əрбір  мəдениет  «өздерінің»  нанымы  мен  құндылықтары  жүйесі  негізінде  «бөтеннің»  пор-

третін жасайды. Осыған байланысты, этникалық стереотиптер «бөтенге» қатысты сенім-на-

нымдармен, салт-жоралғылармен жəне ырымшылдықпен байланысты көптеген қате түсінік-

терді жинақтауы мүмкін. Осы қате түсініктер негізінде əр мəдениеттегі салт-дəстүрлер мен 

əдет-ғұрыптардың алуан түрлері жатады.

В.A.Маслованың пікірінше, этномəдени стереотиптер - бұл қандай да бір халықты сипат-

тайтын ерекшеліктер туралы жалпыланған көрініс болып табылады. Мысалы, əр ұлт өкіліне 

қатысты қолданылатын тұтас халық туралы стереотиптер бар: немістің мұқияттылығы, оры-

стың «мүмкіні», қытай рəсімдері, африкалық темперамент, итальяндықтардың қызбалығы, 

финдердің қырсықтығы, эстондардың асықпауы, поляктардың сыпайылығы [5.].

«Этникалық стереотип» ұғымының құрылымына автостереотип жəне гетереостереотип 

ұғымдары  кіреді.  Автостереотиптер  адамдар  өздері  туралы  не  ойлайтынын  көрсетеді,  ал 

гетереостереотип басқа халық туралы көзқарасты білдіреді жəне ол сыншыл болып келеді. 

Мысалы, бір халықта ақша туралы оны дұрыс санай білу қажет, үнемдей білу керек, есептеп 

жұмсау  қажет  жəне  ол  отбасылық  бюджет  үшін  өте  маңызды  болса,  басқа  халық  үшін  ол 

сараңдық көрінісі болып саналады. Адамдар этномəдени стереотиптерді «елден ерек» бол-

мау  үшін  қажетті  үлгілер  ретінде  қабылдайды.  Сондықтан,  стереотиптер  адамдарға  күшті 

əсер етеді жəне стереотипте жеке адамда, жалпы ұлт бойында көрініс табатын қасиеттар бой 

көрсетеді. Этномəдени стереотиптерді зерттеумен айналысатын этникалық психология бой-

ынша мамандар мынадай қызық мəселені анықтаған: Мысалы, экономикалық дамуы жоға-

ры деңгейдегі халықтар, адам бойындағы ақылдылық, жинақылық, іскерлік, ісінің өнімділігі 

сияқты қасиеттерді жоғары бағаласа, ал экономикасы төмен ұлт мейірімділік, ақпейілділік 

пен қонақжайлылықты жоғары санайтынын атап өтеді. Бұған С.Г. Тер-Минасованың зерттеуі 

дəлел бола алады: оның нəтижелері бойынша, ағылшын қоғамында кəсібилік, еңбекқорлық, 

жауапкершілік сияқты қасиеттер жоғары бағаланса, ал орыс ұлтында – қонақжайлылық, ком-

муникабельділік, əділдік жақсы қасиет ретінде бағаланады. [6].

Сонымен,  қорыта  келе  біз  бұл  шағын  мақалада  стереотип  жəне  этностереотип  деген 

мəселеге тоқталып, гуманитарлық ғылымда стереотип ұғымын анықтауға талпыныс жаса-

дық. Тілдесім стереотиптерінің типологиясы мен ерекшеліктері, қазақ мəдениетіндегі қаты-

сымдық стереотиптер - мəселесі тереңірек талдауды қажет ететін күрделі мəселе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет