Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет251/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   326
 
Әдебиеттер  
1. Фролов А.А., Муравьев И.П. Информационные характеристики нейронных сетей.  - М.: 
Наука, 1988 – 289 ст.  
2. Фролов  А.А.,  Муравьев  И.П.  Нейронные  модели  ассоциативной  памяти.-  М.:  Наука, 
1987.- 160 ст.  
3. Фу К. Структурные методы в распознавании образов.- М.: Мир, 1977.- 320 ст.  
4. Фукунга  К.  Введение  в  статистическую  теорию  распознавания  образов.-  М.:  Наука, 
1982.- 367 ст.  


251 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МӘТІНДЕРДІ СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ 
СИСТЕМЫ СЕМАНТИЧЕСКОЙ ОБРАБОТКИ ТЕКСТОВ 
SYSTEMS OF SEMANTIC TEXT PROCESSING
 


252 
 
Г.Т. БЕКМАНОВА, Л. ЖЕТКЕНБАЙ 
 
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 
«Жасанды зерде» ҒЗИ, Астана, Қазақстан 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРІН ФОРМАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАУ 
 
1980  жылдарға  дейінгі  еңбектерде  сөз  тұлғасының  бір  түрі  –  күрделі  сөз  деген  ұғым 
морфологиялық  категория  ретінде  қарастырылып  келгені,  1989  жылдан  бастап  сөзжасам 
жүйесінде қарала бастағаны белгілі [1].  
Күрделі  сөздер  қазіргі  тіл  біліміндегі  ең  күрделі  мәселе  болып  табылады,  оның 
анықталмаған  сырлары  мен  қырлары  өте  көп.  Күрделі  сөздер  жоқ  тілді  көрсету  өте  қиын, 
бірақ күрделі сөздер, әсіресе, неміс, ағылшын, жапон, хинди, орыс тілдерінде кең тарағанын 
жазба деректерден көруге болады. Күрделі сөздердің тілдерде алатын орны бірдей емес. Ол 
тілдердің  лексикалық  жүйесінен  әркелкі  орын  алады.  Кейбір  тілдерде  сөздерді  біріктіру 
қосымша тәсіл болып, оның нәтижесі елеусіз болады да, сөздіктің периферия бөлімінен орын 
алады. Келесі бір тілдерде ол кең тараған, негізгі тақырыпқа жатады. Соңғы топтағы тілдерге 
жапон тілі жатады. Лексикадан алатын орнына қарағанда жапон тілін тіпті күрделі сөздің тілі 
деуге де болады. Осындай күрделі сөздерге бай тілдерге түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі 
де  жатады.  Ғалымдар  күрделі  сөздердің  түркі  тілдерінде  жалпы  көне  құбылыс  екенін, 
олардың  орхон  жазба  ескерткіштерінің  тілінде  де  барын  айта  келіп,  ескерткіштер  тіліндегі 
кісі  аттарынан,  жер  су  аттарынан  көптеп  мысал  келтіреді.  Күрделі  сөздер  барлық  басқа 
туынды  сөздер  сияқты  сөзжасам  әрекетінің  нәтижесіне  жатады.  Анығырақ  айтқанда,  ол  – 
туынды сөздер тобындағы сөздер лексикалық бірлік – деп танылатыны белгілі. Олай болса, 
аналитикалық  синтаксистік  тәсіл  арқылы  жасалған  күрделі  сөздер  тілге  белгілі.  Күрделі 
сөздер  сөзжасамның  тілден  үлкен  орын  алатын  аналитикалық  синтаксистік  тәсіл  арқылы 
жасалады.  Сөз  жасамның  аналитикалық  тәсілі  ғылымдағы  көне  әдістердің  бірі  болып 
табылатыны  баршамызға  мәлім.  Осы  тәсілдің  түркі  тілдерінде  атам  заманнан  бері 
қолданылып  келе  жатқанын  орхон  жазба  ескерткіштердің  тілдерінде  қолданылған  йашыл 
үгүз – көк өзен, күнтүз – күндіз, Беш балық – Бес балық (қала аты), Қара құм (жер аты), Білге 
қаған  (хан  аты)  т.б.  күрделі  сөздерден  көруге  болады.  Келтірілген  мысалдар  күрделі 
сөздердің  көне  замандардан  бері  қолданылып  келе  жатқаны  екіншіден,  олардың 
географиялық атаулар, яғни өзен, көл, жер, қала және кісі аттарында жиі кездесетіні айқын 
көрінеді. Осыған қарап, кейбіреулер аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау тәжірибесі түркі 
тілдерінде осы жер – cу, кісі аттарынан басталмады ма екен деген ой айтады[2].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет