хұсыр тасбасы, құжыра, қожа, балшабек, патша, ауылнай және т.б. Осындағы би, болыс, патша, жүзбасы, ауылнай, дуан, ұлық – лексемалары қазақ қоғамындағы әлеуметтік және
әскери иерархияны көрсетеді.
Жазушы шығармаларында бүгінде ұмыт бола бастаған және сирек қолданылатын
ұлттық ойын атаулары да кездеседі. Мысалы, Өлеңнен кейін орамал тастамақ болды. Ойын созыла берді. Хан қалай? Белбеу соқ, тақия жүгіртпек, сақина тықпақ, мыршым, ондай қылма, мындай қыл, ләпи молда, қалдырма қақи, балтам тап т.б. сияқты сүйісетін, белбеумен ұрысатын, жұдырық жұмсайтын, емшек ұстайтын, қысатын тағы талай қол жұмысы аралас ойындарды аяқтаған кезде, жігіттер түрегеліп, құр-құр қалмақ ойыны сияқты жақтан ұратын, күш сынасатын ойындарды істеді («Күнікейдің жазығы», 384-б.).
Хан танығанша, «отау иесі» азамат та болып қалды («Қартқожа», 25-б.).Болыс,