шалжақ ауыз сандығын, шоқпыт төсегін, тон-мон, жүн-жұрқаларын текшелеп жинап, ескі алашамен бүркеген болыпты. Бұрын жадағай-жайдақ жататын қазан-аяқ жаққа шыпта құрыпты, жалғыз-ақ от басында тұратын қара құман жылжып барып, босағадан орын алыпты («Күнікейдің жазығы», 299-б.). Жоғарыда берілген мысалдардан қазақ
тұрмысының суреті бейнеленіп, санамыздан орын алады. «Жалаң ши, қара ала сырмақ,
текемет, алаша, кілем, түс киіз, сандық, қазан-аяқ, қара құман» секілді қазақ тұрмысында
дайындалатын дәстүрлі бұйымдар ерекшелігіне қарай негізгі қолданған шикізаттары төрт
түлік малдың жүні мен терісі, аң терілері, құстың мамығы және әр түрлі өсімдіктер болған.
Тілдік жүйедегі қазақ қолөнеріне байланысты атауларды олардың экстралингвистикалық
мәнділіктерімен тығыз байланыстыра отырып этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу белгілі
бір тақырыптық топтарға жататын атаулар жүйесінің құрылымын, олардың тілдегі көрінісін,
қалыптасу заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.
Этнолексика ұлттық-тарихи колорит жасауда таптырмас тілдік құрал болып табылады.
Мына төмендегі үзіндіні мысалға келтіріп көрейік.
Күнікейге камзол, көйлек, өзіне кебіс, шапан, Жұматайға күпі керек. Құлтуманы қойшы, о түгілі Күнікейге жаңа көрпе, жастыққа тыс, кестелі орамал, ақ шымылдық,