қалың мал, ұрын келу, әмеңгер, тасаттық т.б. Қоғамдағы материалдық құндылықтар (киім-кешек, құрал-жабдық т.б.) мәдениетке
жатады. Ал олардың атауы тілге де, мәдениетке де ортақ. Ж.Аймауытұлы прозасындағы
заттық мәдениет лексикасына қатысты ұлт өкілдерінің киіну үрдісін сипаттайтын киім-кешек
атаулары, ыдыс-аяқ атаулары бір жағынан, ұлттық болмысты көрсетсе, екінші жағынан белгілі бір стильдік жүк арқалап тұрады. Мысалы, «Төрт құбыладан бірдей үстіне төніп тұрған ақар-шақар тауларға да, тауға біткен үйірім-үйірім сабалақ жүнді орманға да, тау басында қалықтап жүрген бүркітке де, тауға тырмыса жайылып жатқан құмырсқадай жылқыға да, қостан аулағырақ өзек құлай шыққан шоқ-шоқ бұтаға да Ақбілектің көзі тоқтап тұра алмай, сырғанап келіп жер ошақтың басындағы қазақтың қара құманына,