Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ



Pdf көрінісі
бет146/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   204
СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ 
 
Аннотация:  мақала  көркем  әдебиетте,  оның  ішінде  көркем  шығармаларда  актив 
қолданылатын – синонимдік қатарлардың тілдік табиғатын қарастыруға арналады. Автор 
синонимдік  қатарларға  жан-жақты  тоқталады.  Тіл  білімі  саласында  синонимге  берілген 
анықтамалар  келтіріледі.  Көркем  шығармалардан  алынған  синоним  сөздер    жүйеленіп 
талданады.  Келтірілген  мысалдар  арқылы  синонимдік  қатарлардың  көркем  шығарма 
тілінде маңызды стильдік қызметімен қатар ана тіліміздің баюына, толысуына өз үлесін 
қосатыны анықталады.  
Тірек  сөздер:  синоним,  лексика,  көпмағыналы  сөздер,  сын  есім,  зат  есім,  етістік, 
омоним, стиль. 
 
Тілімізді  байытатын,  сөздік  қорымызды  молайтып  тереңдете  түсетін  мағыналы 
сөздердің  бірі  –  синонимдер.  Әрбір  тілдің  қаншалықты  дамып  жетілгендігін  синонимдер 
арқылы байқауға болады. Тұлғалары бөлек, мағыналары жақын сөздер – көркем шығармаға 
қажетті тілдік құралдар. Синонимдік қатардағы сөздердің біреуін таңдап алу арқылы айтпақ 
ойды дәл беруге, образ-бейнені әсерлі етіп жеткізуге болады. Синонимдер бір-біріне сайма-
сай  мағынадағы  сөздер  емес,  әрқайсысының  өзіне  тән  мағыналық  реңктері  бар.  Көркем 
шығарманың  экспрессивтік  арқауы  –  сөз  болса,  оның  экспрессия  тудыратын  күші 
семантикасында, мағынасы мен мағыналық реңктерінде. 
 Қазақ  тілінің  бай  тіл  екендігі  синонимдердің  молдығынан  көрінеді.  Ғалым 
Ә.Болғанбаев  «Синонимдер  дегеніміз  -  әр  түрлі  айтылғанымен,  мағынасы  жақын,  бірақ 
әрқайсысының өздеріне тән мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір 
сөз  тобынан  болған  сөздер»  деген  [1,  10].  Осы  жайында    К.Аханов  мынадай  ой  айтады: 
«Тілде  синонимдердің  мол  болуы  сол  тілдің  сөздік  құрамының  бай,  әр  тарапты  екендігін 
көрсетеді.  Сөздік  құрам  неғұрлым  бай,  орамды  болады.  Сөйтіп,  синонимдердің  молдығы  – 
тілдің байлығын, дамыған тіл екендігін аңғартатын көрсеткіштің бірі. Синоним сөздерді жете 
білудің үлкен мәні бар. Лексиконы синонимдерге бай адам сөз мағыналарының арасындағы 
нәзік  айырмашылықтарды  дөп  басып  айтуға  шебер  келеді.  Өзара  мәндес  сөздердің 
мағыналық  нәзік  айырмашылықтарын  жете  білген  адам  синоним  сөздердің  сыңарларының 
айтылатын ойға дәлме-дәл келетінін тауып қолданады да, оның жазғаны немесе сөйлеген сөзі 
нысанаға  дәл  тиіп  жатады,  әрі  келісті,  әрі  мәнерлі  болып  шығады»,  –  дейді  [2,  173]. 
Ғалымдар синонимдердің мынадай белгілеріне қарап талдайды: 
1) Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет; 
2) Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет
3) Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс
4)  Бір  сөз  табынан  болған  синонимдер  бірыңғай  грамматикалық  тұлғада  келіп, 


263 
 
контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. 
Тіл-тілдің  лексикасында  қолданылуына  байланыссыз,  жеке  тұрып  та  лексикалық 
единица  ретінде  бір-бірімен  синоним  сөздер  бар  да,  тек  қолданылуына  қарай  бір-бірімен 
мәндес болып келетін сөздер де бар. Мысалы, үлкен, зор деген сөздердің орнына алпамсадай, 
еңгезердей,  абажадай  деген  сөздер  қолданылып  айтылады.  Бірақ  солай  бола  тұрса  да, 
бұлсөздер  үлкен  және  зор  сөздеріне  тұрақты  синоним  бола  алмайды.  Бұлар  аталған 
сөздермен тек қолданылу ыңғайына қарай мәндес болып келеді. 
Синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. 
1.Сөздердің  мағыналық  жақтан  дамуы  қосымша  жаңа  мағыналарына  ие  болуы 
синонимдік  қатарлардың  жасалуына  әсер  етеді.  Осыдан  көпмағыналы  сөздер  мен 
синонимдердің  қарым-қатынасы,  өзара  байланысы  келіп  туады.  Көп  мағыналы  сөз  әр 
мағынасында  әр  түрлі  синонимдік  қатарға  еніп,  синоним  сөздердің  шеңберін  кеңейтіп 
отырады. 
2.  Заттар  мен  құбылыстардың  бірден  көзге  түсіп,  байқала  қоймайтын  айрықша 
белгілері мен қасиеттерін бірте-бірте ашып, оларды атау үшін және мағыналарының реңкін 
ажыратып айту үшін, тілде жаңа сөздер жасалып отырады да тілдің бүтіндей сөздік құрамы 
даму, баю күйінде болады. 
3.Әдеби  тіл  лексикасының  диалект  сөздердің  есебінде  толығуы  нәтижесінде  де 
синонимдер жасалады. 
4.Тілде  белгілі  бір  стилистикалық  қызметте  жұмсалатын  эфвемизмдер  басқа  бір 
сөздермен немесе сөз тіркестерінде мәндес синоним жасалады. 
5.  Белгілі  бір  тілдің  лексикасы  басқа  тілдерден  енген  сөздермен  де  толығып,  байып 
отырады.  Кейде  басқа  тілдерден  енген  сөздер  сол  тілдің  байырғы  сөздерімен  мәндес  келіп, 
сонның нәтижесінде синонимдер жасалады [3, 6]. 
Синонимдердің  сәл  ғана  мағыналық  нәзік  айырмашылықтарды  қамтып,  оралымды 
түрде  жеткізе  білуде  мәні  айрықша.  Мұнымен  бірге,  синонимдердің  стиьдік  мәні  де  күшті. 
Сөйлемде я жазуда бір сөзді қайта-қайта қайталай беру, мысалы, алдыңғы сөде қолданылған 
сөзді, соған байланысты екінші сөйлемде қайталап қолдану кейде стильдік жағынан кемшілік 
тудырады,  қолайсыз,  ретсіз  болып  көрінеді.  Мұндай  жағдайда  сол  сөздің  синонимін  тауып 
қолдану  орынды,  келісімді  болады.  Мәселен  мына  берілген  сөйлемге  назар  аударалық:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет