Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет154/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   204
Жаңартылған білім мазмұнының міндеттері: 
✓  Білім  берудің  негізгі  мазмұнын  жаңартумен  қатар,  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен 
әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру;  
✓  Пән  мұғалімі  әртүрлі  оқыту  әдістері  мен  оқыту  технологиялары  арқылы  оқыту 
нәтижесіне қол жеткізу, педагогикалық шығармашылығын жетілдіру [6]. 
Тіл иесінің ой-өрісіне, концептілік әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері 
тілде өзінше көрініс табады, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне 
сәйкес танытуға тырысады. Жаңартылған білім мазмұнына сай мәтіндердегі ғаламның тілдік 
бейнесі  ұлттық  болмыстың  өзіндік  ерекшелігімен  айқындалады.  Тілдің  көркемдік-әдеби 
тәсілдері  автордың  дүниеге  деген  қатынасын  суреттеп,  ұлтымызға  тән  ойлау  үдерісінің 
негізгі  ерекшеліктерінен  хабар  береді.  Мектептік  білім  беру  жүйесін  жаңа  уақыт  талабына 
орай  жетілдіру  білім  беру  жүйесін  өзіміздің  ұлттық  болмысымызға,  негізге  алынған 
ұстанымдарымызға  сай  құрылғанына  көз  жеткізуге  болады.  Мәселен,  жалпы  білім  беретін 
мектептің  7-сыныбына  арналған  қазақ  тілі  оқулығында,  ұлттық  болмысымызға  тән  ойлау 
үрдісінің  негізгі  ерекшеліктерінен  хабар  беретін  «Ұлы  дала  табиғаты»,  «Көшпелілер 
мәдениеті»,  «Тіршіліктің  төрт  тірегі»,  «Ұлы  достық»,  «Қобыз»,  «Телқоңыр  күйі», 
«Сүйіспеншілік  –  шынайы  сезім»,  «Ерлік  –  елге  өнеге»,  «Қыран  жетпеген  жерге  қиял 
жетеді»  сынды  мәтіндерді  кездестіруге  болады.  Әрбір  мәтіндегі  сөздік  қолданыстар  – 
ғаламның  тілдік  бейнесін  жасауға  негіз  болатын  тілдік  бірліктер.  Дүниенің  тілдік  суреті 
оның ұлтына, жасына, ең басты өмір сүру дағдысы мен қоғамдағы қызметіне қатысты.     
 Жоғарыда  аталған  мәтіндерде,  санадағы  дүниенің  мәнін  бейнелеп,  қазақ  хақының 
мәдени  деңгейі  мен  менталитетін  көрсететін,  концептілік  қолданыстар  кеңінен  кездеседі. 
Концептіні санада танылу деңгейіне қарай үш топқа бөліп қарастырылады: метафизикалық, 
ұлттық-мәдени концепт, эмоционалды концептілер [7].  
Қазақ  дегенде  ойымызға  ең  алдымен  сахара  дала,  көшпенді  өмір,  киіз  үй,  дарқан 
мінезді халық, данагөй қария, алтыбақан аясындағы жастар, әрине төрт түлік мал елестейді. 
Мәселен,  оқулықтан  жинақталған  мәтіндердің,  төменде  көрсетілген    үзінділерінде,  қазақ 
ұлтын жан-жақты ашатын концептілік қолданыстарды аңғаруға болады. Бұл ұлттық – мәдени 
концептіге жатады.  
«Ұлан  байтақ  кең  далада  мал  бағып,  ұзақ  күндерді  табиғат  аясында,  түндерді 
жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын 
бақылаудан  туған  көпжылдық  тәжірибелерін  қорытып,  аспан  әлемі  туралы 
астрономиялық түсініктер мен ілім жинақтаған.  
...  Қазақтар  шетсіз,  шексіз  кең  далада  мал  бағу,  көшіп-қону,  жолаушы  жүру,  түн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет