Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


СӘБИТ ЖӘМБЕК ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет15/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   204
aktanova_aiman@mail.ru
 
 
СӘБИТ ЖӘМБЕК ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МЕН 
ТЕОРИЯСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ  
 
Аннотация:  мақалада  әдебиеттанушы  ғалым  Сәбит  Жәмбектің  ғылыми 
зерттеулерінің  әдебиеттану  ғылымындағы  маңыздылығы,  өзекті  ойлары  қарастырылды. 
Ұстаз-ғалымның  қазақ  әдебиеті  тарихының  кезең-кезеңдері  ,  әдебиет  теориясының 
мәселелері туралы зерттеу мақалаларының мәні ашылды. 
Тірек  сөздер:  қазақ  әдебиетінің  тарихы,  автор  ұстанымы,  авторлық  дүниетаным,  
экзистенциялық көңіл-күй  
 
Қазақ әдебиеті пәніні жоғары оқу орыныдарында оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол алдымен 
сол  ЖОО  дәріс  беруші  ұстаздарға  байланысты.  Ұстаз  жан-жақты,  әрі  қазақ  әдебиеті  тарихы  мен 
теориясын,  әдістемесін  терең  меңгерген  маман  болуы  керек.  Сондай  маман  ғалым  Көкшетаудың 
университетіне қызмет етеді. Ол – филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сәбит Жәмбек.  
Ұстаз-ғалымның  қазақ  әдебиеті  тарихының  кезең-кезеңдері  туралы,  әдебиет  теориясының 
мәселелері  туралы  зерттеу  мақалалары  студент  жастың  бұл  мәселелерге  жаңаша  қарауына  жол 
ашады.  Ғалымның    «Абай  мен  Пушкиндегі  поэтикалық  өріс»,    «Ақанның  өнерпаздық  болмысы»,       
«Диуани  Хикметтің»  Көкшетау  нұсқасы  туралы  бірер  сөз»,  «Балуан  Шолақтың    дәуірі  немесе  сал-
серілік  өнер»,  «Ғалихан  Ахметовтің    «Біржан  сал»  романы»,  «Ғабит  Мүсірепов  прозасының 
суреткерлік  бітімі  »,  «Ғұн,  сақ  жазулары    және  тілі  мен  Атилла  есіміне  байланысты  кейбір 
мәселелер...»,  «Доспамбет  жырау»,  «Қазақ  поэзиясындағы  экзистенциялық  көңіл-күй»  және  тағы 
басқа  көптеген  мақалалары  мен  зерттеулері    оның  жан-жақты  екенін  байқатады.  Әдебиет  тарихы 
кезеңдері, әдебиет теориясындағы зерттеу назарынан тыс қалып қойған ғылыми тұжырымдар ғалым 
зерттеулерінде өз орнын тапқан. 
«Қазақ  поэзиясындағы  экзистенциялық  көңіл-күй»  мақаласында  ғалым    қазақ  поэзиясындағы 
автор  ұстанымы  пен  авторлық  дүниетаным  үйлесімін  экзистенциялық  көңіл-күй  деген    терминмен 
алып  келіп  оның  мәнін  ғылыми  пайымдау  арқылы  ашады.  Бұлай  талдау  студенттерге  әдебиет 
теориясы  пәнін  өткенде  маңызды.  Ғалым:  «Экзистенциалдық  көңіл-күйдегі  кейіпкер  алдағы 
күнге,заман  реңіне  алаңдаушылықпен,беймаза  көңілмен  қарайды.Ішкі  бір  торығу,  дүние-тіршілікке 
уайым көзімен қарау басым келеді. Адам өзінің ішкі мәнін тек қана өліммен,қорқынышпен бетпе-бет 
келгенде табады» -дей келе, М. Жұмабаев, М. Мақатаев, Т.Айбергенов, Ж.Жаңыпбаев өлеңдеріндегі 
адам  жандүниесіндегі  табиғатпен  үйлесіп  келіп  ақын  әлемін  көрсететін  түстарға  назар  аудартады. 
Біздің  де  ғалымның  бұл  зерттеулеріне  назар  аударып  отырғанымыз,  қазақ  әдебиеті  теориясында 
бүгінгі  күні    экзистенциялық  туралы  жалпы  айтылғанымен  нақтылы  мысалдар  беріліп  зерттеген 
дүниелердің аз болуы.  
Ғалымның әсіресе Бернияз Күлейұлы өмірі мен шығармашылығына ден қойғаны және 
ақын шығармашылығы мен өмірі туралы терең зерттеулер жасағаны көрінеді. Небәрі 24 жас 
жасаған  қазақтың  дарынды  ақыны  қазақ  әдебиеті  тарихында  көп  зерттеле  қоймаған  тұлға 
ретінде  қарастырылады.  Расында  да,  Бернияз  ақынның  шығармашылы  туралы  зерттеулер 


34 
 
оның  шығармашылық  өмірінің  жан-жақты  қарастырған  ба?    Бұл  туралы  С.  Жәбмек 
«Бернияздың  өмірбаянына  қатысты  деректер  өте  мардымсыз,  тапшы.  Жиырмасыншы 
жылдардағы қазақ газеттеріне шыққан замандастарының бірлі-жарым естеліктері мен бірді-
екілі монографиялық еңбектердегі ақынның өміріне қатысты айтылған деректер ғана бар.»  -
деп  алады  да  ақын  өміріне  қатысты  тарихи  деректерді  келтіреді.  Зерттеуші  Бернияз 
Күлейұлының  шығармашылығын  жақсы  білетін    журналист  Мерғали  Ешмұхамедұлының 
“Еңбекші  қазақ”  газетінің  1928  жылғы  30  наурыз  күні  шыққан  №72  санында  жарияланған 
“Күлейұлы Бернияз” деген мақаласындағы негізгі ойды тірек етіп зерттеу жасағанын айтады. 
Бұл ғалымның ақын өмірі мен  шығармашылығы туралы ақынды көзі көрген замандасының 
деректерінен  бастағандығын  көрсетеді.  Сондай-ақ,  «Бұдан  кейін  “Еңбекші  қазақ”  газетінің 
1923  жылғы  №19  санындағы  ақын  қазасына  байланысты  берілген  “Бернияз  Күлеев”  деген 
азанаманы  (некролог)  осы  газеттің  1923  жылғы  1  наурыз  №69  санындағы  Таласбаевтың 
«Бернияз  Күлеев»  деген  мақаласын,  Ақдәулетұлы  Әбділдәнің  Мерғали  Ешмұхамедұлының 
мақаласын сынау мақсатында жазылған, айтыс ретінде деп берілген осы газеттің 1928 жылғы 
10  сәуір  №81  санында  жарияланған  «Күлейұлы  Бернияз  туралы»  деген  мақаласын,Жетісу 
облыстық  «Тілші»  газетінің  1923  жылғы  20  наурыз  №28  санындағы  Мағжан  Жұмабаевтың 
«Берния Күлеев»деген мақаласын ақын өмірбаянына қатысты аздап деректер алуға болатын 
нұсқаларға жатқызуға болады» -деп ғалым әдебиеті тарихындағы тарихи деректерге мән бере 
отырып жүргізілетін зерттеу жасайды.   
Ғалым ретінде ақын өмірін жете зерттеген адам енді жазушы ретінде Бернияз Күлеевтің 
өмірінің соңғы кезеңі туралы «Наган жыры» деген әңгімесінде жазған. Әңгімеде татар қызы 
Зейнеп  пен  Бернияз  арасындағы  шынайы  таза  сезім  мен  сол  сезім  жетегіндегі  екі  жастың 
қазасы  туралы  айтылады.      Шынайы  таза  махаббаттың  құрбаны  болған  екі  жастың  соңғы 
диалогтары  да  сәтті  берілген.  Авторға  сөз  берсек:    «Сары  уайым  мұны  да  иектеп  алған. 
Бернияз  өзінің  соңғы  кезде  іштей  бір  берік  байламға  бел  буып  жүргенін  қызға  сездірмек 
болды. 
-Біздің махаббатымыз бақытсыз да баянсызда болды-ау, Бернияз-деп Зейнеп солқылдап 
ұзақ жылады. 
-  Қойшы,  жыламашы,  жаным!  Енді  мен  не  қылайын!  Өзімнің  де  қолымнан  келер 
дәрмен жоқ. Мен бір шешімге келмекші болып отырмын. 
-Қандай шешім? 
-Сені кездестіргенде өзімді бақытты сезініп ем! Енді дүниедегі ең бақытсыз мен екем! 
Сенсіз  маған  бұл  өмірде  қызық  та,  мән  де  жоқ!  Сенсіз  өмірдің  құны  маған  бес  тиін.  Сен 
маған ренжіме. Мен кетемін. Мені бұл ақырғы көруің. Қош! 
-Қайда?!-деп Зейнеп шошып кетті.-Еліңе кетпекшімісің? 
-Жоқ, жаным! Сені тастап, мен еліме қалай қайтам! Мен о дүниеге аттануға біржола бет 
қойдым.  Сенсіз  өмір-тұл!  Көп  ойланып,  толғанып,  жүрегімді  қатайтып,  осындай  қатал 
шешімге  келіп  отырмын.  Мені  бұл  жолдан  ешкім  қайтара  алмайды.  Сөкпе!  Жағдайымды 
түсінерсің, кешір мені!-дейді, Бернияз алабұртып, дауысы дірілдей шығып.  
-Бернияз,  не  дегенің?!  Мені  жалғыз  тастап  қалайша  кетпекшісің?  Мені  де  ала  кет! 
Будым  мен  де  басымды  осы  шешімге!  Кетсек  бірге  кетейік!  Сенсіз  маған  да  өмір  жоқ! 
Артыңда  қала  алмаймын!  Саған  деген  махаббатым  маған  бәрінен  де  жоғары!-деп,  Зейнеп 
қыстыға жылап, басын жігіттің омырауына қойды. Олар өзара ақылдасып, берік бір байламға 
келді. Үнсіз келісіп, қабақпен ұғынысты.»  Автордың шешімді тез шығарып, кейіпкерлерінің  
тағдырын бірден шешкені әңгіменің новеллалық сипатын танытқандай.  
С. Жәмбектің «Себезгі сырлар үзігі» атты шығармалар жинағына кірген бұдан басқа да 
«Күрмеу»    әңгімесі,  «  Жазмыш»    хикаяты,  «Шоқан  боп  сүйген  жүрек»    драмасы  және    5 
дәптерден  тұратын  «Себезгі  сырлар  үзігі»  роман-эссесі  бар.  Автордың  әр  эссесіндегі  
кейіпкерлер  өмірден  алынған.  Әрқайсысының  өз  тағдыры  мен  өз  өмір  жорлдары  бар. 
Жазушы  ретінде  Сәбит  Жәмбек  реалистік  сипаттағы  шынайы  өмірдің  бар  болмысын  көз 
алдымызға әкеледі.  


35 
 
Қорыты  келе  Сәбит  Жәмбек  ұстаз,  ғалым,  жазушы,  драматург  ретінде    өз  қаламынан 
көптеген  асыл  дүние  тудырған  қаламгер  деп  айта  аламыз.  Ғалымның  мерейлі  шағында 
өткізіліп отырған ғылыми конференция жұмысына сәттілік тілей отырып, профессор Сәбит 
Жәмбекке ары қарай да шығармашылық табыс тілейміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 С.Жәмбек. Бернияз Күлеев. Монография. – Көкшетау. 2006 
 
ӘОЖ 821.512.122 
ҚАДЫРОВ ЖАНБАЙ ТҰРАРҰЛЫ 
М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Петропавл, Қазақстан 
zhkadyrov_777@mail.ru
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет