Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


СӘБИТ ЖӘМБЕКТІҢ ӘДЕБИ-ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет23/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   204
СӘБИТ ЖӘМБЕКТІҢ ӘДЕБИ-ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІ 
 
Аннотация:мақалада әдебиеттанушы ғалым Сәбит Жәмбек Нұрмұхамбетұлының 
әдеби-зерттеу мақалаларына талдау жасалынып, зерделенді. 
Тірек сөздер:Көкше өңірі, фольклор, Біржан Сал, салт-дәстүр, мәдени мұра, экспедиция 
т.б 
 
Филология  ғылымдарының  кандидаты,  профессор  Сәбит  Нұрмұхамбетұлы  Жәмбек 
қазақ  әдебиетінің  тарихынан  Бернияз  Күлеевтің  ақындық  мұрасын  алғаш  рет  зерттеп, 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  шығарылған  «Қазақ  әдебиеті  тарихы»  10  томдық 
академиялық  басылым  авторларының  бірі  ретінде  танылды.  Бүгінгі  таңда    Сәбит 
Нұрмұхамбетұлы  Жәмбектің  қалам  тартпаған  тақырыбы  жоқ  десем,  қате  айтқандығым 
болмас.  Атап  айтсам,  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  көп  зерттелінбей  жүрген  қазақ 
поэзиясының  мифопоэтикасын,  қазақ  поэзиясының  көркемдік-поэтикалық  жүйесін 
зерттеуде.  Оқулықтар  мен  оқу  құралдарын,  монографиялық  еңбектер  жазып  артына  үлкен 
мұра  қалдыруда.  Ал  мақалаларына  келетін  болсақ  оның  өзі  бір  төбе.  Ғалымның 
мақалаларын: әдеби-зерттеу мақалалары, әдеби-сын мақалалары, қоғамдық-саяси мақалалар 
деп іштей жіктеуге болады. 
  Ал  мен  мақаламда  әдебиеттанушы  ғалым  Сәбит  Нұрмұхамбетұлының  әдеби  зерттеу 
мақалаларын  зерттеуді  мақсат  еттім.  Оның  ішінде  өз  өлкесі  Көкше  өңірінің  фольклорына 
тоқталаған  «Көкше  өңірі  фольклорының  жанрлық  сипаты»,  «Көкше  өңірі  фольклорының 
таралу  ареалы»,  «Көкше  өңіріндегі  халық  әдебиеті  нұсқаларының  таралу  өрісі»  мақалары 


62 
 
мен Көкшенің сұлу табиғатын өз әніне қосқан  Біржан Салға арнаған «Аспандағы аққуға әнін 
қосқан», “Мен Біржан алтын таудай айқындалған...” мақалаларына талдау жасалмақ. 
«Көкше  өңірі  фольклорының  жанрлық  сипаты»  мақаласы  қазақтың  үйлену  салт 
өлеңдері:  сыңсу,  той  бастар,  беташар,  той  батасы  өлеңдеріне  анықтама  берумен  басталып, 
Көкше  жеріндегі  аңыз-әңгіме,  жыр,  бата  сөздер  мен  мақал-мәтелдермен  жалғасады. 
Ғалымның  мақаласынан  үзінді  келтірер  болсам:  «Көкше  өңірінде  фольклорлық 
экспедициямен  барған  аудандарда  көп  жазылғаны  –  ел  арасындағы  бата  сөздер, 
тойбастарлар, жер-су аттарына қатысты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтел, жаңылтпаштар т.б.  
Сол  сияқты  Абылай  хан,  Қанай  би,  Жанатай,  Жәпек  батырлар,  Ақан,  Біржан,  Балуан  
Шолақ,  Үкілі  Ыбырайлар  туралы  ел  арасында  тұшымды  да  тартымды  әңгімелер,  тарихи 
аңыздар  да  кез  келген  оқырманын  елең  еткізіп,  ыждаһаттықпен  қайта  айналып  оқуға 
ниеттендірмей  қоймайды.  Көкшетаудың  тау-тас  (ороним),  жер  (топоним),  су  (гидроним)  
елдімекендерге  қатысты аңыз-әңгімелері де Көкше  фольклорының негізгі бөлігін құрайды. 
Осы  ел  мұраларының  көпшілігі  Бурабай  ауданында    Қарта  Қартабаев,  Зеренді  ауданында 
Өзбек ақсақал, Баян Жаңғалов ақсақалдардан жазып алынды.» [1,30]. 
Фольклорлық  үдеріс  әрбір  тарихи  кезеңдерді  бастан  кеше  отырып,  үзіліп  қалмай, 
бүгінгі күнге дейін заңды жалғасын табуда. Мысалы қазақтың қыз ұзату, келін түсіру сияқты 
құдалық  салттарының  бірнешеуіне  арнап,  Ы.Алтынсарин  өткен  ғасырдың  70-жылдары 
арнайы  очерк  жазған.  Ол  тек  Орынбор  аймағына  қарасты  қазақтар  арасындағы  салттардың 
елеулілерін  ғана  келтірген.  Ал  М.Әуезов  құдалық  салттардың  ежеқабыл  деген  тармағының 
үш  түрлі  екенін  (бел  құда,  бесік  құда,  қарсы  құда)  танытады.  Сол  сияқты  Сәбит 
Нұрмұхамбетұлы  өз  өлкесі  Көкше  өңіріндегі  тұрмыс-салтқа  байланысты  жырлар,  ел 
мұралары  көп  сақталғандығын  көрсетеді.    Мақалада  бұрын  көп  қарастырылмаған  Көкше 
өңірінің  фольклорлық  мұралары  ғылыми  тұрғыда  зерделенеді.  Көкше  өңірі  фольклорының 
жанрлық сипаты екшеленіп, айқындалады. 
«Көкше  өңірі  фольклорының  таралу  ареалы»  мен  «Көкше  өңіріндегі  халық  әдебиеті 
нұсқаларының  таралу  өрісі»    мақалалары  алдыңғы  мақаланың  жалғасы  іспеттес.  Көкше 
өңірінде небір көркем жер-су атаулары кездеседі. Олардың әрқайсысына ел арасына тараған 
ғажайып аңыз-әңгімелері бар. Мысалы, Бурабай өңіріндегі «Ақылбай асуы», «Ақбура» тауы, 
«Жекебатыр»,  «Оқжетпес»,  «Абылай»  алаңы,  «Жұмбақтас»  тасы.  Бұл  аңыздарды  
С.Сейфуллин  өзінің  «Көкшетау»  поэмасына  шабыттана  жырға  қосып,  сырлы  сезіммен 
көркем суреттеген. Ал ғалымның «Көкше өңірі фольклорының таралу ареалы» мақаласынан 
осы  ауыз  әдебиетінің  таралу  аймағына  байланысты  мынадай  жолдарды  көреміз:  «Көкше 
өңірінің аймақтық фольклорының таралу аумағы көршілес Солтүстік Қазақстан облысының 
Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Тайынша, Ақжар аудандары мен Ресей Федерациясының Қорған, 
Түмен,  Омбы  облыстарына  дейінгі  шекті  қамтыса,  біз  өз  статистикалық  мәліметтерімізді 
Зеренді,  Бурабай  аудандарындағы  фольклорлық  мұраларымыздың  қоры  бойынша 
ұсынбақпыз.  Зеренді,  Бурабай  аудандарындағы  ел  мұралары,  аңыз-әңгіме,  шежіре,  бата-
тілек,  жыр-дастандарды  осы  өңірдегі  елге  сыйлы,  құймақұлақ,  зерделі  көкірек  қариялар 
Қарта Қартбаев, Өзбек Хасенов, Баян Жанғаловтардан жазылып алынды» [2,30].  
«Көкше  өңіріндегі  халық  әдебиеті  нұсқаларының  таралу  өрісі»  мақаласында:  «1965 
жылы  М.Әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер  институтының    ғалымы  Е.Ысмайылов  
бастаған  ғылыми  экспедициясы    РСФСР-дің  Түмен,  Омбы  облыстарына  барған  сапарында 
Орынбайдың    өмірі,  өлеңдерін  анық  білетін  аталас  ұрпағынан  және  ақынның  баласынан 
қалған қолжазбаларды тауып  алып қайтты.  
Біздің  зерттеудің  негізгі  мақсатымыз  Көкше  өңіріндегі  фольклор  нұсқаларын  сол 
өңірлердегі    рухани  мұраларымызбен    өзара  салыстыра  қарап,    жиналаған    нұсқалар 
арасындағы туыстық, генетикалық-жанрлық байланыстарды саралап, айқындап алу болмақ. 
Шал,  Шөже,  Орынбай,  Ақан  сері,  Үкілі  Ыбырай,  Біржан  сал  туралы  Қорған,  Түмен,  Омбы  
төңірегіндегі  ел арасынан жинаған мұралардың да олар туралы таным, бірлігімізді ұлғайта 
берері даусыз» [3,129]. 


63 
 
Аталған  үш  мақаланы  қорыта  келе,  Көкше  өңірі 
– 
фольклорлық  мұраларға  бай  өлке. 
Өңірдегі  жер-су,  тарихи  тұлғаларға  қатысты  аңыз-әңгімелер,  ел  әңгімелері  өзінің 
зерттеушісін  күтуде.  Бұлай  деуімнің  себебі,  Шоқан  Уәлиханов  атындағы  Көкшетау 
мемлекеттік университетінің филология факультетінің 1-курс студенттері оқу практикасынан 
(фольклорлық)  өтеді.  Онда  студенттер  Көкшетау  өңіріндегі  аудандарға,  ауылдарға  барып 
халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинайды. Алдағы уақытта тағы да экспедиция ұйымдастырып
әлі  де  болса  қолға  түспеген  мұраларды  тауып,  бұрынғы  уақыттарда  экспедиция  назарынан 
тыс  қалған  өнерпаздарды,  фольклор  мұраларын  сақтап,  жеткізушілерді  экспедиция 
жұмысына тартып, ел мұраларының қорын кеңейте беру абыройлы да келелі іс болмақ екенін 
ғалым баса айтып отыр.  
«Көкше  өңіріндегі  халық  әдебиеті  нұсқаларының  таралу  өрісі»  мақаласы  – 
«Ж.Мұсаұлы:  қазақ  филологиясының  мәселелері  атты  ІІ  Республикалық  ғылыми-
практикалық  материалдары  28  қараша,  2019  жыл.  Көкшетау  қаласы,  79-89  беттер  номері  3 
(13)  қыркүйек,  2015  жыл;  «Көкше  өңірі  фольклорының  жанрлық  сипаты»  мақаласы  – 
Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университетінің  хабаршысы,  филология 
сериясы  номері  1-2  (2013  жыл.  238-244  б.б.);«Көкше  өңірі  фольклорының  таралу  ареалы» 
мақаласы  -  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университетінің  хабаршысы 
номері 3-4 (195-201 б.б. 2018 жыл) жарияланған. 
Тау тасы күңіреніп ән салған, ғажайып өнер мен сұлу жырдың өлкесі болған киелі де 
асқақ көгілдір Көкше қашанда хас жүйріктер мен таланттарға кенде болмаған ғой. Әсемдік 
пен  көркемдікті  табиғатқа  молынан  бере  салған  дарқан  жаратылыс  оның  қойнауында 
тіршілік еткен перзенттерін де осы сыйдан құр қалдырмаса керек. Табиғаттың таза да сұлу 
жаратылысы  мен  әсем  пішіні  серілікті,  сұлулықты,  әдемілікті,  ізгілікті  ту  еткен  өнер 
иелерінің сан-қырлы таланты, жарқыраған алуан түрлі бітімі жарасым тауып, жарқын күйде 
астасып келе жатуы ежелден белгілі  жәйт. Ән мен жырдың киелі ордасы болған  Көкшеден 
даналық  иірімдері  мол  Шал  ақын  да,  Арыстанбай  мен  Орынбай,  Шөже  мен  Тоғжан  ақын, 
айналасын  әсем  де  сұлу,  зарлы  да  мұңлы  әуезді  ән  мен  жырға  бөлеп  сал  Біржан  мен  сері 
Ақан,  Балуан  Шолақ,  гәккулеткен  үкілі  Ыбырайлар  да  өтті.  Ендігі  сөз  Сәбит 
Нұрмұхамедұлының  жырлаған  Біржан  Сал  туралы  болмақ.  Ғалым  өз  өлкесінен  шыққан 
өнерпаздарды  қатты  құрметтейді,  ерекше  сыйлап,  өнерлерін  зерттеуге  зор  құлшыныспен 
кіріседі.  Оның  дәлелі  Біржанға  арнаған    «Аспандағы  аққуға  әнін  қосқан»,  «Мен  Біржан 
алтын таудай айқындалған...» атты мақалалары. 
Ғалым  Біржанның  өміріне  тоқтала  отырып,  сан  қырын  ашуға  тырысады.  Оны  әнші, 
ақын,  сазгер,  сал-сері  дей  отырып,  «Біржан  өнерпаздығы  –  синкреттік  өнер»  деген  баға 
береді. Біржанның өлеңдерін талдай отырып, бір ерекшелікті байқайды. «Сөзің – бал, тісің – 
меруерт, беу қарағым ...»,  «жапырақ жарған ағаштай, жан сәулешім ...»,  «Таудан аққан құм 
байрақ  сен  бір  бұлақ»,  «Бұралған  нәзік  белі  тал  шыбықтай»,  «Қарағым,  қарақаттай  көз 
жанарың», «Бейіште сегіз сарай қор қызындай ...» сияқты теңеулер халықтық образға тұнып 
тұрғанын көрсетіп, осылардың ішінде «Жапырақ жарған ағаштай» деген сұлудың бейнесі тек 
Біржанда  ғана  кездескен  ерекшелік.»  екенін  атап  көрсетеді.  Әдебиетші-ғалым  Е. 
Ысмайыловтың  «Біржан  салдың  ақындығы»  деген  еңбегінен  үзінді  келтіре  отырып,  тек 
Біржанды емес өз өңірінің сұлу табиғатын көрсетпек болғанын байқауға болады: «Бір жағы – 
айдын  шалқар  көл,  сыңсыған  қалың  орман,  екінші  жағы  –  сылдырап  аққан  ерке  бұлақ, 
үшінші  жағы  –  кең  жазық,  малдың  өрісі,  төртінші  жағы  –  Көкшенің  биік  те  кербез  шың 
шоқылары  мен  жалғасып  жататын  қырқа,  адыр  төбелер  –  барлығы  да  адам  қолдан 
жасағандай әсем бір поэзиялық дүниедей, сұлу жер» [4,129]. 
Біржанның ақындық сырларын сөз ете отырып, ең алдымен оның ән мәтіні мен әуенінің 
органикалық  тұтастығына  көңіл  қойғандығын  байқайды.  Біржанның  поэтикалық  өрісі 
халықтық  поэзияның  болмысымен  астасқан.  Оның  поэтикалық  тілінде  халықтық 
поэзиясының лексикасы мол ұшырасатынын аңғарып, өз пікірін дәлелдейді. 
«Аққудай аспандағы жүз құбылтып, Сал Біржан ән салуға мүдірмейді» деп сұлулықты, 
ғашықтықты,  адалдықты,  өнер  құдіретін  жырлаудан  бір  танбаған  Біржан  әндері  Сәбит 


64 
 
Нұрмұхамбетұлы  сияқты  өз  ісін  жанымен  сүйетін  зертеушілер  барда  халқымыздың, 
ұлтымыздың музыкалық санасында мәңгіге қалары сөзсіз! 
Қорыта  айтқанда,  Сәбит  Нұрмұхамбетұлы  Жәмбек  мұнымен  тоқтамақ  емес, 
шығармашылығын әлі де тереңдетіп, дамыта түсетініне кәміл сенеміз. Сенеміз де ғалымнан 
әлі  де  жаңа  тың  дүниелер  күтеміз.  Мұндай  елеулі  еңбек  талай  ұрпаққа  рухани  нәр  болары 
сөзсіз. 
 
                                        Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Қазақ фольклористикасының тарихы. – Алматы, 1988. – 320 б. 
2  Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1960. І-Т. І-кітап. – 420 б. 
3  Б.Адамбаев. Алтын сандық. – Алматы, 1989. – 129 б. 
4  Ж.Мусин Жер шоқтығы Көкшетау. – Алматы: Жалын, 1989. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет