7-Дәріс Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үрдістің жаңашылдық қырлары



бет1/5
Дата17.10.2023
өлшемі2,27 Mb.
#117666
  1   2   3   4   5

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»

7-Дәріс

Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үрдістің жаңашылдық қырлары


Орындаған: Ертаева Н.Б
Асетқызы А
Тексерген: Тоқсамбаева А.О
Тобы: КЯ-901
Қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі
Қазақ әдебиеті сынының өсіп -өркендеу дәуірі
Қазақ әдебиеті сынының жанр ретінде қалыптасуы
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестері
Қазақ әдебиетінің даму жолдарын саралау барысында жазылған
еңбектер
Ұлттық әдеби сынның тарихын жасауға байланысты жарық көрген
еңбектер
Жоспар:
1
2
3
6
5
4
Әдеби сын дегеніміз не?
Әдебиет сыны – әдеби сын, көркем әдеби сын – әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицистикалық, ғылыми-эстетикалық шығармашылық түрі.

Қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі
Әбу Наср әл-Фараби Махмұт Қашқари
Жүсіп Баласұғын
Шоқан Уәлиханов Ыбырай Алтынсарин Абай Құнанбаев
Әдебиет сынының туу дәуірі ертеден басталып, Қазан төңкерісіне дейін созылған.
Әл-Фараби, М. Қашқаридың, Ж. Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. ХІХ ғ. ІІ жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты сыни материалдар жиі көрініс таба бастады.
Қазақ әдебиеті сынының жанр
ретінде қалыптасуы
Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтыды. Әдебиет сынының аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Әдеби сынның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ.Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З.Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ әдеби сынын жаңа биіктерге көтерді. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды: “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды. Қазіргі кезде Әдебиет сыны жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір, шолу мақала, эссе (публистикалық немесе ғылыми очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.
Әдеби сынның тарихына көз жібергенде, оның пайда болу, даму жолдары әдебиеттің өсіп- өркендеу бағытымен сәйкес келіп отырады. Қазақ әдебиетінде Абайдың, Шәкәрімнің, Сұлтанмахмұттың, Ахметтің, Мағжанның, Жүсіпбектің, Міржақыптың тағы басқалардың шығармаларының жарық көруі сын мен ой –пікірлердің жаңаша қарқынмен дамуына түрткі болды.
Ғылым мен сынның байланыстылығы әдебиет ғылым да, сыны да көркем әдебиетті бірге зерттейді, талдайды, пікір айтып, бағалайды. Әдебиет ғылымының сынсыз дамуы қандай қиын болса, сынның да ғылымсыз күні жоқ. Өйткені, сын өз пікірін көбіне ғылымға негіздей отырып айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет