100
Ата-қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат, - деп, олар туған жерін қорғауды ең ұлы
міндет, парыз деп санаған. Қазақ халқы туған жердің табиғатын
сақтауға да үлкен мән берген.»
(Әңгіменің тәрбиелік мәні ашылып, оқушылардың тіл
мәдениетіне көңіл бөлінеді. Сөйлем құрылысының қателіктері
түзетіледі, мына бағытта қосымша сұрақтар беріледі.)
1.
Төмендегі сыныптарда тарихи себептерге байланысты шет
елге кетуге мәжбүр болғанда ата –баба жерінің бір уыс топырағын
«Тұмар» қылып әкетіп, қайта оралғанда сол шөкім топырақты өз
орнына төккен қандай әңгімені оқып едіңдер? Ол кімнің шығармасы?
(
Қ.Жұмаділов: «Қыздар қайтып барады»)
2.
Ұлы адамдардың, не батыр, хандардың сүйектерін туған
жеріне не болмаса қасиетті орталыққа әкеліп жерлеу рәсімі туралы
айтылды. Осыған байланысты қандай мысалдар келтіруге болады?
(
Қожа
Ахмет Яссауи кесенесі маңына Жолбарыс батыр,
Қарқаралыдан Қаз дауысты Қазыбек, Көкшетаудан Абылай хан
әкелініп жерленді)
Достарыңызбен бөлісу: