Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет39/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86
Ой  қозғау  стратегиясы  (Төрт  оқушы  төрт  тақырыпты  таңдап, 
оны  қорғау  арқылы  шағын  ой  толғау  айтады.  Бір  сөйлемге 
синтаксистік талдау жасайды). 
Деңгейлік  стратегиясы.  Кім  тез  қабылдайды?(үн  таспадан 
шағын    мәтін  тыңдап,  оқушылардың  тез  қабылдау  ерекшелігіне 
бақылау  жасалынады.Түсінгендерін  айтады.  Өздерінің  білетін 
ұғымдармен байланыстырады, өмірден мысал келтіреді). 
«...Қазақ  халқының  ұғымында  туған  жерден  қасиетті  еш  нәрсе 
жоқ. Сондықтан да жауға қарсы сапарға аттанарда немесе ел басына 
күн  туып,  уақытша  қоныс  аударған  кезде  кіндік  қаны  тамған  туған 
жердің  бір  уыс  толпырағын  ата-бабамыз  әрқашан  өзімен  бірге  алып 
жүрген.  Сондай-ақ  шет  өлкеде  қайтыс  болған  кісінің  сүйегін  туған 
жеріне не қасиетті өлкеге әкеліп жерлейтін дәстүр болған. 
Ұлтарақтай болса да, 


100 
 
Ата-қоныс жер қымбат. 
Ат төбеліндей болса да, 
Туып өскен ел қымбат, - деп, олар туған жерін қорғауды ең ұлы 
міндет,  парыз  деп  санаған.  Қазақ  халқы  туған  жердің  табиғатын 
сақтауға да үлкен мән берген.» 
(Әңгіменің  тәрбиелік  мәні  ашылып,  оқушылардың  тіл 
мәдениетіне  көңіл  бөлінеді.  Сөйлем  құрылысының  қателіктері 
түзетіледі, мына бағытта қосымша сұрақтар беріледі.) 
1. 
Төмендегі сыныптарда тарихи себептерге байланысты шет 
елге  кетуге  мәжбүр  болғанда  ата  –баба  жерінің  бір  уыс  топырағын 
«Тұмар»  қылып  әкетіп,  қайта  оралғанда  сол  шөкім  топырақты  өз 
орнына төккен қандай әңгімені оқып едіңдер? Ол кімнің шығармасы? 
(Қ.Жұмаділов: «Қыздар қайтып барады») 
2. 
Ұлы  адамдардың,  не  батыр,  хандардың  сүйектерін  туған 
жеріне  не  болмаса  қасиетті  орталыққа  әкеліп  жерлеу  рәсімі  туралы 
айтылды.  Осыған  байланысты  қандай  мысалдар  келтіруге  болады? 
(Қожа 
Ахмет  Яссауи  кесенесі  маңына  Жолбарыс  батыр, 
Қарқаралыдан  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Көкшетаудан  Абылай  хан 
әкелініп жерленді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет