«аудит» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет26/56
Дата16.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68328
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Аудиторлық фирмалардың құрылымы қандай?
2. Аудиторлық қызметтің сапасына бақылау жасаудың аспектілері қандай?
3.Аудиторлық құжаттардың қандай түрлері бар?
4.Аудит жүргізудегі жұмыс құжаттарына не жатады?
5.Жұмыс құжаттарына не жатады?
6.Бақылау жүйесі қалай қалыптасады?
7.Бақылау сапасы қалай бақыланады?
8. Бақылау тәсілдері қандай?
Тақырып 4. Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аудиттегі маңыздылық концепциясы. Маңыздылықты бағалау критерийлері.
2. Құжаттық рәсімдеудегі бұрмалаушылық белгілері. Алаяқтылықты анықтау және қателіктер
3. Аудиторлық тәуекелділік және оның негізгі компоненттері
4. Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы байланыс.


1. Аудиттегі маңыздылық концепциясы. Маңыздылықты бағалау критерийлері.
Аудиттің халықаралық «Аудиттегі маңыздылық стандарты» стандарты бойынша «Ақпарат мәнді болып табылады, егер де оны қалдыру немесе бұрмалау қаржылық есеп берушілік негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етсе».
Аудитор фактілерден ауытқудан басқа қаржылық есеп берушілікте бұрмалаушылықты болдыратын жағдайлардың екі түрі болады: - бухгалтерлік есеп стандарттарын дұрыс қолданбау; - қажетті ақпаратты қалдырып кету.
Қаржылық есеп берушілікті тексеруде аудитор аудиттегі маңыздылықтың екі жағын ескеру керек: - сапалық, яғни Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік актілердің талаптарынан операциялардың ауытқуы;
- сандық, яғни маңыздылық деңгейімен сипатталатын.
Маңыздылық деңгейі- бұл қаржылық есеп берушілікте , оның дұрыстығына әсер етпейтін максимальді жіберілетін бұрмалаушылықтар сомасы.
Маңыздылық деңгейін анықтауда екі шама қолданылады: қателіктердің нақты және қатысты шамасы.
Нақты шама – сомадағы қателік, қатысты шама- проценттік қатынаста қабылданған базалық шамаға сәйкес анықталады.
Маңыздылық деңгейін анықтауда тәсілдерді өңдеу үшін әрбір аудиторлық фирмаларда есептеулердің тәртібін өңдеу және оларды ішкіфирмалық стандарт бойынша рәсімдеу керек.
Маңыздылық деңгейін анықтауда аудитор келесідей факторларды ескеруі қажет: қаржылық есеп берушілікті құру шарттары; бір клиент үшін мәнділік басқасы үшін маңыздылықпен сәйкес келмегенде пайдаланушылар үшін қаржылық есептің мақсаты.
Аудитор маңыздылықты анықтай отырып, клиентпен есептеулердің деңгейі мен тәртібін талқыламайды, біріншіден, өзіне жұмыс көлемін және қабылдайтын тәуекелдерді анықтап алады.
Жоспарлау кезеңінде маңыздылық келесілерде қаралады:
-шоттар қалдығы деңгейінде;
-қаржылық есеп деңгейінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет