«аудит» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы байланыс



бет29/56
Дата16.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68328
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
4 Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы байланыс.
Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелділік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар. Маңыздылық деңгейі жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекел төмен болады және керісінше. Мысалы, маңыздылық деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелділік өседіжәне аудитор, бақылау тәуекелі деңгейін төмендету мақсатында не қосымша бақылау тестерін жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арқылы бұның орынын толтыра алады. Аудит практикасында аудиторлық тәуекелдігін бақылаудың екі негізгі әдісі қолданылады:
- сезгіштік;
- сандық.
Сезгіштік әдіс аудитор тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде қаржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелділікті жоғары, орташа, төмен деп анықтауда болады.
- төмен тәуекелділік – ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағалаған, бірақ аудитормүмкін қателерді табуға қажетті сәйкес процедураларды жоспарлай отырып, оған толық сенген жағдайда болады;
- орта тәуекелділік – ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан-жақты рәсімді жоспарлайды;
- жоғары тәуекелділік – клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады.
Сандық әдіс аудиторлық тәуекелділік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді. Халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын ең көп тараған модель келесі формуламен есептеледі:
АТ= БТ*БТ*АТ, мұндағы,
АТ- аудиторлық тәуекелділік;
БТ – бөлінбейтін тәуекелділік;
БТ – бақылау тәуекелдігі;
АТ – айқындамау тәуекелдігі.
Мысалы, аудитор бөлінбейтін тәуекелділікті 80%, бақылау тәуекелдігі 50%, айқындамау тәуекелін 10 % деп бағалайды. Осы шамалар негізінде аудитор аудиторлық тәуекелділіктің 4%-дық шамасын ала алады.
Айқындамау тәуекелдігі көп дәрежеде аудитор кәсіпқойлығын сипаттайтындықтан, оған аудиторлық тәуекелділік моделінен осы тәуекелдікті анықтау дұрыс болады:
АТ=AT/ БТ*БТ
Аудитор аудиторлық тәуекелділікті 5%, бөлінбейтін тәуекелділікті 80%, бақылау тәуекелдігін 50% деңгейлерінде қойды делік. Сонымен, айқындамау тәуекелідігі 12,5%-ды құрайды.
Аудиторлық дәлелдемелердің қажетті саны айқындамау тәуекелідігі деңгейіне кері пропорционалды болады. Айқындамау тәуекелідігі төмен болған сайын, тексеру барысында аудиторлық дәлелдердің санын алу қажет.
Аудиторлық тәуекелділік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелділік компоненттері мен аудиторлық тәуекелділік деңгейі, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арсындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелділік моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субъектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелділік компоненттерінің әрқайсысының мазмұнын терең түсінуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет